"Алтын күз" сценарий

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Алтын күз" сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Алтын күз мерекесін түрлі кейіпкерлер арқылы өткізуге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Алтын Күз»

Мақсаты: Күз мезгілінің өзгерістерін ұғындыру, мерекелік көңіл күй орнату.

Балаларды ән салуға би билеуге деген ынталарын арттыру.

Кейіпкерлер:

Тұмау

Пияз

Күз ханшайымы

Дәрігер



Балалар көңілді әуенмен билеп шығады

Жүргізуші: Армысыздар құрметті ата аналар, әріптестер және «Ботақан» тобының бүлдіршіндері.Бүгінгі күз мезгіліндегі ең тамаша «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Олай болса ертеңгілімізді «Ботақан» тобының «Жапырақ» әнімен бастайық



Ән: «Жапырақ»


Таппақтар

Заңғар Мардан

Ән салайық келіңдер Күздің қазан айында

Жайнап гүлдей жүріңдер Алма алмұрт піседі

Күздің қазан айында Жапырақтар сарғайып

Би билйік ойнайық Сыбдыр сыбдыр түседі

Зиннур Асылым

Алтын сары қызыл көк Күзім ау күзім ау

Алуан алуан жапырақ Мінезің бұзық ау

Ағаштардан жамырап Жаңбырың сілкіреп

Ұшты кенет жамырап Келгенің бұзық ау

Осы кезде тұмау түшкіріп келеді.

Тұмау: Бұл не тағы? Неге әдемі болып киініп, жиналып алғансыңдар?

Сендер мені таныдындарма?

Балалар: жоқ

Тұмау: Мен сендерге жөтелді ауруды тарататын тұмау деген достарың боламын басқаша айтқанда «Миссис вирус»

Жүргізуші: Ой бізге тұмаудың мүлдем керегі жоқ Тез кет бұл жерден

Тұмау: жоқ мен жайшылықпен кете қоймаймын маған сендердің көңілді болып отырғандарын ұнамай тұр. Мен сендерге өзімнің вирусымды шашып кетемін (Тұмау кетіп қалады)

Бала: тоқтандар тоқтандар менің басым айналып барады

Бала2: Не болды? енді саған қалай көмектесеміз?

Бала3: Сабыр сақтаңдар, қазір мен дәрігер шақырайық

Бала: Жоқ керек емес қазір өзім тұрамын

Бала3: жоқ болмайды! дәрігер!



Әуенмен дәрігер кіріп келеді



Дәрігер: Қазір қарап шығайын

Сенде бәрі жақсы, тек ағзанызға жемістер мен көкеністер жетіспейді.

Жүргізуші: Балалар жемістер мен көкеністердің адам ағзасына қандай пайдалы екенін көрдіңдерме? Балалар қарандаршы біздің қыздар бүгінгі мерекеге жемістер мен көкеністер болып киініп келіпті. Ендеше «Ботақан» тобының қыздарының «жемістер мен көкеністер» биін қарсы алыңыздар



Би: «көкеністер мен жемістер»



Жүргізуші: Балалар ауырмау үшін күнделікті осындай жемістер мен көкеністерді жеуміз керек. Сонда тұмау бізге жолай алмайды.

Тұмау: жоқ мен сендерге тағы да вирус шашып кетемін!

Жүргізуші: балалар біз вирустан қорқамызба?

Балалар: жоқ!

Жүргізуші: Балалар себебі бізде тұмау қорқатын көрсе көзі ашып қашатын көкеніс бар?Ол қандай көкеніс деп ойлайсындар?

Балалар: пияз! (пияз жүгіріп балаларды қуады)

Тұмау: көзім ашып кетті ғой деп қашады

Жүргізуші: Балалар тұмаудан бір жола құтылған сияктымыз.Осыған орай ән айтайық.



Ән: «Күз келді»

Тұмау: сендер менен құтылдық деп ойлап тұрсыңдарма? Жоқ менен онайлықпен құтылмайсындар. Мен өзіммен жаңбыр жуудыратын бұлттар алып келдім. Жау жаңбыр балалардың үстін су қылып тұмауратып таста!

Жүргізуші:Біз жаңбырдан қорықпаймыз! Себебі бізде жаңбырдан қорғайтын қолшатыр бар



Ойын: «қолшатыр»



Жүргізуші: көрдіңбе тұмау, Біз ештенеден қорықпаймыз. Қазір баларлар саған жауын әнің орындап берсін.



Ән: «Кап кап тук тук»



Тұмау:Мен қандай жаманмын сендердің мерекелерінді құртқым келді, бірақ сендер ештенеден қорықпайды екенсіндер. Кешіріндерші мені балалар!

Жүргізуші: Балалар тұмауды кешіремізбе?

Балалар: Иә

Жүргізуші: Тұмау ендеше сен мына қолшатырды алып кет, енді ешкақдай балаға тисуші болма!

Тұмау балалармен қоштасып шығып кетеді

Жүргізуші: Балалар бүгінгі мерекеге біреу жетіспей тұрған сияқты, кім деп ойлайсындар?

Балалар:Күз ханшайымы

Жүргізуші: Күз ханшайымы келетіндей болып еді, Тұмау жолда тиіспесе болғаны.

Музыкамен күз ханшайымы кіріп келеді

Күз ханшайымы: Сәлеметсіндерме балалар, ата аналар!

Балалар сендер қандай әдемісіндер, Мерекелерін қалай өтіп жатыр? Жолда тұмауды көрдім. Сендерге вирусын жұқтырып тұмауратып тастаған жокпа?

Жүргізуші: Қош келдің КХ! Біз жана ғана сіз көрген тұмауды қуып жібердік.

Күз ханшайымы: Мен сендерге жету үшін алыс жол жүріп келдім, басым ауырып кетті.

Жүргізуші: КХ біздің балалар сізді асыға күтті. Мерекеге арнап ән таппақ дайындады. Сіз отырып біздің балалардың өнерін тамашалаңыздар басыңызда жазылар.

Күз ханшайымы: әрине менде сол үшін келдім ғой.

Жүргізуші: Ендеше балалардың күзгі таппақтарын қабыл алыңыз

Таппақтар

Арыслан Ақтан

Күн суытып Қуандырып біздерді

Жапырақтар түседі Келді бізге алтын күз

Астық жеміс жиылып Өлкемізге күз келді

Қамбамызға түседі Кемелдейсің халқымыз

Ельназ Айғаным

Сап сары маңай Жетті желмен алтын күз

Сап сары тоғай Жеміс жинау салтымыз

Соңғы әнін айтып Жиып теріп болған соң

Күз кетті қайтып Той жасайды халқымыз

Күз ханшайымы: жарайсындар балалар өте өнерлі екенсіңдер. Көңіл күйім көтеріліп қалды. қарандар мен сендерге не әкелдім (себеттен саңырауқұлақты көрсетеді) келіндер би билейік

би: «саңырауқұлақтар»

Ойын ата аналармен

Жүргізуші: Күз ханшайымы енді біздің балалар саған да өз өнерін көрсетсін! көңілді би дайындадық



Общ би: «көңілді би»



Күз ханшайымы:Сендерге көп рахмет балалар! Сондай өнерлі екенсіндер!Мен енді кетуім керек, басқа балалардың да мерекесінде болуым керек, Сау болыңдар!

Жүргізуші: Күздің кереметі, байлығы өте көп.Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға көкеністерге жеміс жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққажету үшін көп еңбектену керек.Міне балалар ата аналар осымен «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2025
25
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі