«Алтын
күз» мерекелік іс-шара
(Әуен
ойналады. Жапырақтар биін билеп балалар
келеді. Би аяқталған соң өз орындықтарының
қасына барып тұрады.)
Жүргізуші:
Қайырлы күн балалар, ата-аналар,
тәрбиешілер! "Берекелі алтын күз"
атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Берекелі, мерекелі алтын күз құтты
болсын. Қасиетті күз мезгілін бір сөзбен
айтып жеткізу мүмкін емес. Күз
дегеніміз-даланың дархан дастарқаны.
Ендеше
кезекті
әсем әнге берейік
ән «Күз келгенде» қарсы
алыңыздар.
Қараңдаршы,
бүгін біздің сыныбымыз қандай әдемі
болып кеткен.
Қолымызға
не ұстап келдік?
-
Жапырақтар.
-
Осы жапырақтардың түсі қандай?
-
Сары.
(Сырттан
бір дыбыс естіледі,желдің шуы)
-
Балалар, тыңдаңыздаршы бұл не шу?
(Осы
кезде әдемі әуенмен Күз
ханшайымы
келеді)
Күз
ханшайымы:
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар:
Сәлеметсіз бе!
Күз
ханшайымы:
Уа, халайық, дархан далам армысың,
Табиғатым
жаны жайсаң тал мүсін
Ханшайымы
Күздің
бүгін келіп тұр,
Алмақ
болып бар халқымның алғысын.
Мен
– Күз
ханшайымымын. Сендерді көргеніме
қуаныштымын.
Тәрбиеші:
Қош келдің, Күз
ханшайымы! Төрлет!
Күз
ханшайымы: Балалар, мен сендерге бір
жұмбақ жасырайын.
Ағайынды
бәрі,
Шықса
– жасыл,
Түссе
– сары. Бұл
не?
Балалар:
Жапырақ
Күз
ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар!
Жүргізуші:
Енді, күз ханшайымы, біздің балалар Күз
туралы өлең, тақпақтарын, арнайды. Сіз
жайланып отырып, балалардың өнерін
тамашалаңыз.
Күз
келді деп шаттанып,
Жыр жазады
ақындар.
Күзді мақтап, баптанып,
Тақпақ
айтар балалар.
Ортаға күз туралы
әдемі тақпақтарын айту үшін кішкентай
бүлдіршіндерімізді шақырамыз!
Тақпақтар
Жүргізуші:
Ал ендігі кезекті мыңбұрыла билейтін
қыздарымыздың «Парижге саяхат» биін
қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Ән
өнері — өнердің бір киесі,
Балалардың
ортақ бұл жүрегі.
Күз мезгілін шаттана
қарсы алып,
Көңілді ән шырқамақ топ
түлегі!
Аспапбен
орындау «_________________»
Жүргізуші:
Күз
дегенің — береке,
Күз дегенің —
мереке.
Ойын ойнап, жарысып,
Кіргізейік
береке!
Ал енді, балалар, күзгі
жиын-терімге байланысты қызықты
ойынымызды бастайық!
«Қолшатыр
ойыны»
Жүргізуші:
Достықпенен
қол ұстасып жүрейік,
Ән салайық, би
билеп бір күлейік.
Біздің топтың
бишілері шықсын деп,
Қол соғып,
қошеметпенен күтейік!
«Би Көк жигули»
Жүргізуші:
Құрметті
қонақтар, ардақты ата-аналар! Осымен
ересектер тобы дайындаған «Алтын күз»
атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті.
Күз
өнімі көп болсын,
Халқымыз тоқ
болсын!
Еліміз тыныш болып,
Уайым-қайғы
жоқ болсын!
Бүгінгі
мерекеде балаларымыз өз өнерлерін
көрсетіп, күздің берекесін жырлады.
Уақыт бөліп, қолдау көрсетіп келгендеріңіз
үшін сіздерге үлкен алғыс айтамыз!
Шаңырақтарыңыздан
құт-береке үзілмесін. Келесі кездескенше
аман-сау болыңыздар!