Материалдар / "Алтын күз" сынып сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Алтын күз" сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
осы материал бастауыш сынып мұғалімдеріне күз мерекесіне қажет деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
1369
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Алтын күз

Мақсаты: Алтын күз мерекесін  өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жармеңкесі, яғни жемістер мен көкөністер салынған себеттер.

 Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! «Алтын күз»  атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жүп жазбай,

Бірге қарсы алайық!


Шоғы толған гүлдей жайнап

Шақырады жарқын жүз

Сайрандаған күліп-ойнап,

Келді міне Алтын күз!


Жүргізуші:

- Балалар, қазір қай мезгіл?

-Күз айларын атап көріңдерші?

-Біз неге оны Алтын күз дейміз?

-Ендеше Алтын күз мерекесіне арналған тақпақтарыңды айтайық.

Қ.Ернар

О, алақай тамаша!
Шашу шашты жапырақ
Бақтың іші күлімдеп
Аунар ма еді, жатып ап!

Сабина

Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен
Таңдандырып халқын күз.

Ерсұлтан

Көбейді құт береке
Астық толы қамбамыз
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.

Балқия

Қазан айы басталды
Құстар қайта бастады
Туыстық, адам достықпен
Жалғаса берсін өмірлерін

М.Әли

Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан, алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап

Аяна

Көптен күткен күз келді
Жеміс жидек піседі
Жапырақтар сарғайып
Ағаштардан түседі


Жүргізуші:     Би «Күзгі вальс»


Тақпақтар 

Аружан А

Шоғы толған гүлдей жайнап

Шақырады жарқын жүз

Сайрандаған күліп-ойнап,

Келді міне Алтын күз!

Ж Әли

Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап,
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.

Жаннұр

Қуандырып біздерді
Кел жемісті алтын күз
Өлкемізге күз келді
Кемелденсін халқымыз.

Әлтаир

Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.

Дильназ

Алқаптан бидайды

Қоймаға ел жинайды.

Тырнасы тізілген,

Ұнатамын күзді мен.

Мейір

Сары ала тон жамылған,

Күз атамыз секілді.

Қойны толы дәмді нан

Тәттісі көп не түрлі

Аружан Д

Қарашы күз келді, күз келді,

Сары алтын жауыпты іздерді  

Құс біткен керуен түзеді,  

Көңілсіз неліктен күз енді? 

Абылайхан

Жайдары күз,жомарт күз,

Аяулы күз,алтын күз.

Дәнге толы кең далам

Дариядай шалқып жүр.

Жүргізуші:  Ойын «Кім жылдам»

-Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын  ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойынның шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөкністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.

Ән Сабира

  1. Ұзын мұртты сарылар,

Қойнында наны бар.(Бидай)

2.Ағайынды бәрі,

Шықса- жасыл,

Түссе- сары. (Жапырақ)

  1. Аспай піскен ,

Қайнамай түскен. (Жеміс)

  1. Қалың киім ұнатады,

Шешіңдірсен жылатады. (Пияз)

  1. Байлауда, ақтап сенімді,

Сары қозым семірді. (Қауын)

  1. Аспаннан домалап

Көк моншақ төгілді.

Бусанды бар алып

Терілді, керілді.(Жаңбыр)


Жүргізуші: Ойын: «Жемістер қандай пішінде?
Рахмет,  «Алтын күз»сіздіңжемістеріңізбенойын ойнайықшы, қазірортағабірбаланы шығарамыз. Мына қоржынға жемістердісаламыз, сендер бір жемісті сипапкөріп, оның пішінінажыратамыз, содан соң оның түсін және дәмінің қандай екенің айту керек.
Тақпақтар

Айсу

Астық жеміс жиылды,

 Қамбамызға құйылды.

Ардақты күз мың алғыс,

Алдық өнім сыйыңды.



Ислам

Күздің караша айында
Алма, алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр, сыбдыр түседі

Мансұр

Тоңазып атырап,
Көп жеміс піседі.
Сарғайып жапырақ,
Саудырап түседі.

Сабира

Сыңғырлайды қоңыраулар
Қыркүйек айында
Сағынышпен біз барамыз
Өнер білім тойына

Елдар

Жүзім, алма жинаймыз,

Алтын мақта тереміз.

Үлкендерді сыйлаймыз,

Көмектесе береміз

Айша

Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ!

Ж.Ернар

Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді

«Ұйқасын тап» ойыны

-Өте тамаша, балалар! Кәзір менімен ойын ойнайсындар ма? Ойынның шарты: Көзді байлап, қолмен сипап-сезу арқылы қандай жеміс екенін табу.

Жүргізуші:  Жарайсындар, балалар! Ал енді қонақтарымызды сынап көрейік

1.Пісетін кезі дәл күзде

   Мезгілсіз оны үзбе

   Аузынан кетпес бал дәмі

   Онын аты (шабдалы)

2. Кіп-кішкене болса да,

   Ағаштың басын иеді.

   Жемістерін аиырып,

    Танисын ба? (шиені )

3. Жапырақты тасалап,

    Өсетін жері-бақша-бақ

    Күрен қызыл шіркін-ай

    Оның аты…(танқұрай )

 

«Алтын күз» өлеңін тамашалыныздар


Жүргізуші:

-Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет!!!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!