400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алтын күз сыныптан тыс іс-шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Алтын күз - сыныптан тыс іс-шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Аяулы күз, Алтын күз - 2018»
Мақсаты:
1. «Аяулы күз, Алтын күз - 2018» мерекес
імен таныстыру. Оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін бақылау.
2. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.
3. Ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Мерекелік безендіру: Күзге байланысты қабырға газеттері мен шарлар ілу, жапырақтар, жеміс - жидектер, көкөністер т. б.
Жүргізуші:
Армысыздар, мейірімді ата - аналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Табиғат - күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап - сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Күзде егінді жинап алатын болған ата - бабаларымыз «Сабан той» өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, әрбір мектепте осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып,«Аяулы күз, Алтын күз - 2018» мерекесімен құттықтаймын.

Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!
Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!
Бүгінгі біздің бағдарламамызда:
Келтіретін әрдайым сезім күйін,
Көресіздер қызықтың неше түрін
Әншінің анықтаған әнін естіп,
Көңіліңіз қалары хақ бір серпіліп.
Осылай бәрі - бәрі болып жатса,
Мақсатқа қалар едік біз де жетіп.


Алтын күз мерекесі 6 бөлімнен тұрады:

1.Абай Құнанбаевтың Күз өлеңін жатқа мәнерлеп айту

2. Күз сыйы – қолөнер жасау және қорғау

3.Күз тақырыбына байланысты мақал-мәтел сайысы

4. «Жыл мезгілінің байлығы – күз» тақырыбына көрініс

5. Сұрақ-жауап

6. Қозғалмалы ойын

Жүргізуші:
Нағыз сары алтындай сары күз - қыркүйек айы.
Ол - еңбек айы. Күз маусымының екінші ай – қазан. Бұл ай – мереке басы. Өйткені дихандар сабантой жасайды. Күздің соңғы айы - қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп - тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айырылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.
Күз мейрам құтты болсын баршаға, Күздің сәні келіп қапты ортаға. Әділқазы алқалармен таныстырып, Кетейінші осы отырған баршаңа,- дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.
Жүргізуші:
Біздерде ойын - сауық басталады,
Тамаша ән айтылып, би билейді. 
Қошеметтеп қол соғып отырайық,
Ұмытармыз күні бойы шаршағанды.
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз
Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе - тең ғып
Еріксіз өзімізге қаратамыз - деп «Аяулы күз, Алтын күз - 2018» атты байқауымызға қатысатын үміткерлерімізді қошеметпен ортаға шақырамыз. Бүгінгі балымыздың үміткер ханзадалары мен ханшайымдары.
Қош келдіңіз көрермен, 
«Аяулы күз, Алтын күз» кешіне. 
Отырыңыз қол соғып, 
Шат күлкіге бөлене.
Көбейді құт - береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
«Алтын күзді» тойлаймыз.
Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, алдымен топтың қайсысы бірінші болып шығатынын анықтап алайық. Ол үшін жеребе тартса дейміз.

І. Қазақ халқының тарихында Абайдың алар орны ерекше. Абай – жаны нәзік, сүйкімді жан. Ол жан нәзіктігін, табиғат сұлулығын ұштастыра білген. Табиғат – адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Абай да табиғатты өзінше жырлаған. Абайдың табиғат лирикасы үлгісіндегі өлеңдерінде ақынның ой-сезімі, жан дүниесі де терең ашылған. Міне, осы табиғат көріністерін, оған бөлеңген қазақ даласындағы өмірді, тұрмыс халді суреттеуге Абайдың көптеген өлеңдері арналған және қазақ әдебиетінде Абайдан бұрын табиғат көрінісін мұншалық шебер, мұншалық терең Һәм жан-жақты жырлаған ақын болған емес. Қанекей, Күз өлеңін тамашалайық.

Жүргізуші: Құрметті көпшілік көрерменім,
Жақсылыққа әрдайым артқан сенім.
Ақжол тілеп үкілі үміттерге,
«Күз» өлеңіне кезек бердім. 

«Күз келді» әні. Орындаушылар: Ералы, Іңкәр 4 «А» сыныбы, Аида 5 «А» сыныбы

ІІ. Жүргізуші: Асыл тастан, өнер жастан,

Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпас,
Әрқашанда нанымды
Сол шындықты күнделікті,
Көріп жүрміз өмірден.
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден.

Ортада сайыскерлеріміздің «Өз қолөнерлерін» тамашалайық.

ІІІ. Жүргізуші: Күз келді, хан мен ханшайым,
Өткізді күзгі бал айын.
Ағызар сөйлеп сөз майын,
Ал ханымыз ақылды.
Барша жұртты шақырды,
Би де билеп ән айтты.
Қуаныштан шалқыды.

Би
Ханзадаларымыз бен ханшайымымызды өз өнерлерін көріп болсақ, үшінші бөлімі «Қас - қағым сәт».(Күз мезгіліне байланысты сұрақтарға мақал-мәтел) кезек берейік. Оқушылар мақалдың екінші жартысын табу қажет.


1.Көктемде жерге түскен бір дән.

Күзді күні мың дән болады.


2.Тоқты күз болмай,

Қойға қосылмайды.


3.Көктемгі әрекет, күзгі берекет.


4.Малдың төлін күзде сана.


5. Күз суарсаң, жүз суар.


6.Күз – береке, байлықтың бастауы.


7.Күз келсе - бақыт келер ырыспен.


8.Жаз –береген,


Күз-алаған


9. Егіндікті күз суар.

Күз суарсаң , жүз суар.


10. Күз әуені жаздан белгілі

Ән шашу: Ах, какая, осень! Орындаушылар: 4 б сыныбы


ІV. Дамылдап жатқан балғандай 
Тоқтатты сулар тасуын.
Ағаштар алтын Жамбыдай 
Шашады жерге шашуын. 
Жүрексіз қо
ян безеді, 
Жөңкілсе қаңбақ күздегі 
Қиқулап көкте жүзеді, 
Құстардың керуен тізбегі 
Күйекте күйлі мал қанша. 
Алтын күз, әсем айналам 
Қараймын көзім талғанша.

«Жыл мезгілінің байлығы – күз» тақырыбына көрініс


V. Оқу, білім – жанған шырақ, ойласаң.

Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң.

Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал.

Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң.

Келесі кезеңіміз: «Білімділер» сайысы

Әр ұяшықтан тапсырма таңдау қажет. Оқушылар жұмбақтардың шешуін үш тілде айтады.

  1. Аласа ғана бойы бар

Қабат-қабат тоны бар (қырыққабат)

  1. Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты. (алма)

  1. Мысық мұртты,

Өрмек басты. (бидай)

  1. Үлпершекке қан құйып,

Үріп талға байладым. (бүлдірген)

  1. Қиярдың түсі қандай? (жасыл)

  2. Сүйегі жоқ жүзімнің түсі қандай? (қара)

  3. Қауынның түсі қандай? (сары)

  4. Қарбыздың ішінің түсі қандай? (қызыл)

  5. Кокостың түсі қандай? (қоңыр)

VІ. Кел балалар,ойнайық,

Ойнайық та ойлайық,

Қандай ойын болса да

Ойнамай оны қоймайық.

Оқушыларға арналған ойын. Ойынның шарты: бір оқушының көзі байлаулы болады. Жабық көзбен сипап себеттегі жеміс атауын атау қажет.

(алма, алмұрт, банан, картоп, сәбіз, капуста, сарымсақ, қияр, лимон, киви, тәтті бұрыш)

Жүргізуші: Білім - теңіз, мектепті кеме дейміз, Білім мен тәрбие егіз неге дейміз, Әдемі мен тәлімі үндесетін, Жастарды болашаққа жетелейміз. Жеңістер мен жеңілістен тұратын Өмір - күрес, жеткізе ме мұратын. Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің, Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын. Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар, Ойлы орта кеңейсін күннен - күнге Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- деп отырып бүгінгі «Аяулы күз, Алтын күз - 2018» байқауының нағыз жеңімпаздарын жариялау үшін ортаға құрметті әділқазылар алқасын шақырамыз. Құрметті көрермендер! Жемпаздарымызға биік шындарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз! Жеңісті күндерде кездескенше!!!!!!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
1226
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі