жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Алтын күз"Ашық тәрбие сағаты мектепалды даярлық тобы
Тақырыбы: Алтын күз
Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Балалардың күз туралы түсініктерін кеңейту, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Көрнекіліктер: Сынып іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жәрмеңесі, яғни жемістермен көкөністер салынған себеттер.
Көрме ұйымдастыру
Барысы: Әдемі әуен ойналып тұрады, қонақтар орындарына жайғасып болған соң сыныпқа балалар кіріп орындарына тұрады.
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бүгінгі біздің 0 «А» мектепалды даярлық тобында өткізілгелі отырған «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді. Сендер білесіндер ме ол кім?
Балалар: Ол күз!
Тәрбиеші: Ендеше күзді ортаға шақырайық.
Бірге: Берекелі күз келді, меркелі күз келді.
Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!
Күз: Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл, жарқын жаз.
Сары алтынға малынған,
Алтын күз деген мен болам. Армысыздар қонактар, бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?
Балалар: Жоооқ.
Тәрбиеші: Шоғы толған гүлдей жайнап,
Шақырады жарқын жүз,
Сайраңдаған күліп-ойнап,
Келді міне Алтын күз!
Күз: Балалар мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі
Шықса жасыл
Түссе сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ.
Күз: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар!
Тәрбиеші: Алтын күз, біздің балалар күз туралы өлең, тақпақтар біледі. Сіз жайланып отырып балалардың өнерін тамашалаңыз.
1 оқушы: Наргиз:
Күзім-ау, күзім-ау!
Мінезің бұзық-ау,
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау!
2 оқушы: Назерке
Қарашы күз келді, күз келді,
Сары алтын жауыпты іздерді,
Құс біткен керуен түзеді,
Көңілсіз неліктен күз енді?
3 оқушы: Айару
Қара бұлт қабағын түйеді,
Бұталар боз қырау киеді,
Осы ма, осы ма күз деген,
Мектепке баратын бізбенен.
4 оқушы: Шахназ
Сары теңге жапырақ,
Бояған ба көл бетін?
Тоңазыпты топырақ,
Ызғарлы екен желде тым.
5 оқушы: Айым
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
6 оқушы: Сабина
О, алақай тамаша,
Шашу шашады жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунар ма еді жатып ап!
7 оқушы:Кәусар
Астық жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды,
Ардақты күз мың алғыс,
Алдық өнім сыйыңды.
8 оқушы: Айсымбат
Көбейді құт-береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
9 оқушы: Бекарыс
Өнім үйіп тастадық,
Оқуды да бастадық.
Берекелі алтын күз,
Ашық болсын аспаның.
10 оқушы: Аяна
Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
11 оқушы: Әли
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
12 оқушы: Айзере
Жүзім, алма жинаймыз,
Алтын мақта тереміз.
Үлкендерді сыйлаймыз,
Көмектесе береміз.
13 оқушы:Еңсер
Жайдары күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам,
Дәриядай шалқар күз.
14 оқушы: Айша
Ұшты талдан жапырақ,
Сары көбелек секілді.
Аспанда жай шатырлап,
Тамшы жерге секірді.
15 оқушы: Нұрислам
Күз сыйы бәрі де,
Табиғат дәулеті.
Туған жер әрі де,
Күзбенен сәулетті.
Ән: «Жау жау жаңбыр» орындайтын: Қыздар тобы
Тәрбиеші: Балалар енді мен сендерге көкөністерді ортаға шақырайық.
Көкөністер:
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға
Бәрі жейді тамсана. (Аяна- Орамжапырақ)
Мен бір сөз айтайын,
Мақтанайын сіздерге.
Менсіз борщ болмайды,
Венегретте үстелде. (ҚызылшаНазерке)
Дәмім тілді үйірген,
Мен тұздалған күйімде.
Жаңа піскен күйімде,
Жейді бәрі сүйсіне (Қияр-Сабина)
Пияз:Еңсер:
Мен пиязбын, пиязбын
Балмен қосып өзімді,
Пайдалансаң жөтелге
Емдермін мен де өзіңді
Сәбіз: Айару
Кім бар сәбіз шырынының
Жастайынан ішпеген
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де
Тәрбиеші: Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Азығын тап» деп аталады. Ойынның шарты бойынша әр жануарға азығын табуға көмектесу
Қоян, кірпі,аю,тиін,
Ұлдар биі: «Саңырауқұлақтар»
Тәрбиеші: Жемістерді қарсы алайық. (Осы кезде әуен ойналады, ортаға жемістер шығады)
Алмұрт: Мен алмұртпын, алмұртпын
Аузындамын бар жұрттың. Бекарыс
Жүзім: Мен жүзіммін, жүзіммін
Моншақ болып тізілдім. Айша
Өрік: Мен өрікпін, өрікпін
Бау-бақшаға көрікпін. Кәусар
Алма: Мен алмамын, алмамын
Таңдайда калар бар дәмім. Шахназ
Шие: Мен моншақты шиемін
Құмарсындар білемін,
Кетіп қалып жүрмесін
Тамағыңа
сүйегім. Наргиз
Құлпынай:
Жапырақта тасалап,
Өскен жері бақша – бақ.
Күрең қызыл шіркін –ай,
Оның
аты- құлпынай. Айым
Дақылдар:
Нан анасы - бидаймын,
Нанды елге сыйлаймыз.
Піскенімде мен қырда
Қауызыма сыймаймын. Айсымбат
Қызыл мұратты арпамын
Ырыс құтты арпамын
Машинаға мініп ап,
Малды ауылға тартамын. Нұрислам
Күнге ғашық күрішпін
Күллі жұртқа ырыспын
Аңқам кеуіп тұрған соң
Ала
жаздай су іштім. Айзере
Жүгері
жүгері сен келдің,
Өзіңмен бақыт әкелдің.
Сені көрген адамдар,
Бас
салып жей береді.
Әли
Хор: Күзгі вальс
Тәрбиеші: Алтын күз, балалардың өнері ұнады ма?
Күз: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды
Берекелі бақ-дәулет,
Арта түссін тойланып.
Сау болыңдар балалар,
Келгенше жыл айналып.
Тәрбиеші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Тамашалағандарыңызға рахмет!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі» КММ
Алтын күз
Даярлық топ жетекшісі Уатқалиқызы Ақжарқын
Күршім ауданы, Күршім ауылы 2019-2020 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген