Материалдар / "Алтын күз"ертеңгілігі

"Алтын күз"ертеңгілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшадағы кіші топ балаларына арналған мерекелік ертеңгілік."алтын күз"иерекелік ертеңгілігінің суреттері біргн жіберілді
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Алтын күз, әсем айналам!

Мақсаты: Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту, күз мезгілінің берекелі екенін түсіндіру, балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау.
(Топ іші күзгі суреттермен, мерекеге сай сарғайған жапырақтармен безендірілген)
Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, кішкентай бүлдіршіндер! Сіздерді «Алтын күз» мерекесімен құттықтаймыз. Күз мезгілі барлық үйге молшылық алып келсін.
Айнала сары ала
Қырманға дән тола
Жемістер пісіпті
Қоймаға түсіпті!
Ендеше не тұрыс
Болмасын жан қалыс
Тойлайық, күлейік
Ән салып, билейік! – дей отыра ортаға «Балапан» тобының бүлдіршіндерін шақырайық.


Хор: «Күз, күз, күз»


Жүргізуші: Қанекей, балалар енді күзге арнаған тақпақтарымызды айтайық.

Жібек:

Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.

Аянат:

Алтын, сары, қызыл, көк...
Алуан алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жапырақ.


Әнел:

Келді міне күз,

Айнала сары түс.

Керемет, тамаша,

Қандай әсем күз.


Меңтай:

Өрік шие балы бар,

Қарбыз, қауын көбейді.

Жегің келсе бәрін ал,

Неге алсың демейді.


Биназир:

Жүзім алма жинаймыз,

Алтын мақта тереміз.

Үлкендерді сыйлаймыз,

Көмектесіп жүреміз.


Жүргізуші: Айбибінің орындауындағы «Келді Алтын күз» әнімен вальс биін тамашалаңыздар.

Хансұлтан-Әмина, Абай-Аянат, Нұржігіт-Биназир

Жүргізуші: Балалар, мынау күздің сыйы көкөністер мен жемістер. Осы көкөніс пен жемісті қалай жақсы көретіндеріңді байқап көрейік.

Ойын: «Ненің дәмі?»

Шарты: Бізге екі бала қажет, олардың көздерін орамалмен байлап, мына тұрған ыдыстағы жеміс пен көкөністі қолдарымен ұстап, дәмін татып анықтаулары қажет.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, өте дәм сезгіш екенсіңдер. Балалар, күздің алып келген көкөніс, жемісі дәмді ме екен?
Балалар: Иә, өте дәмді.
Жүргізуші: Сол көкөніс пен жемістерді ортаға шақырайық.
(Осы кезде көкөніс пен жемістер ортаны бір айналып, қатарласып шығады)
Сәбіз-Айсұлтан:

Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.

Алма-Ұлпан:

Мен алмамын, алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім.

Жерге сілкіп, түсірме

Ісіп кетер маңдайың


Қарбыз-Арсен:

Көрсең егер бақшада,
Доп екен деп қалма.
Шөл қандырар қарбызбын,
Ерте үзіп алма.

Қызанақ-Әмина:

Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып

Тұрған ол мен қызанақ

Күнге қарап ұялып.


Картоп-Хансұлтан:

Картоп біздің атымыз

Жер астында жатырмыз.

Бір тамырдан тараған,

Ағайынбыз бәріміз.


Жүзім-Абай:

Жұлып едім жүзім,

Жүзі бірден үзілді.

Жүзін де жеп қойыппын,

Өзім әбден тойыппын.


Пияз-Самина:

Асханадан шықпаймын,

Атым пияз бұқпаймын.

Көзден жасты шығарам,

Тұмаудан бірақ сақтаймын.


Асқабақ-Мәжит:

Күзді күтіп жатырмын,

Жиып нәрді бойыма.

Асқабақпын жараймын

Қыстай сақтап қоюға.


Би: «Көңілді көкөністер мен жемістер»

Жүргізуші:

Қарашы күз келді, күз келді,

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен түзеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.

  • Балалар аспанды бұлт басса не жауады?

  • Жаңбыр жауады.


Ән: «Жау жаңбыр»

  • Осындай керемет жаңбырды жаудырған бұлттар ортамызда.

Би: «Бұлттар биі»


Жүргізуші: Балалардың орындауында «Кап, кап. Тук, тук, тук» әнін тыңдаңыздар.
Жүргізуші:

Мерейлі күз, мырза күз

Сыйлығыңа ризамыз.

Аппақ арай таңыңда

Шомыламыз нұрға біз

Алтын күз атты ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға рахмет.




















«АЙЖҰЛДЫЗ» БАЛАБАҚШАСЫ









«Алтын күз, әсем айналам!»









Тәрбиеші: Рысбаева Баян





Қызылорда 2021 жыл












ЖИ арқылы жасау
03 Желтоқсан 2021
292
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі