400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Алтын күз"(ертеңгілік)

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Музыка ойнап әсем безендірілген залға кіреді.

Жүргізуші: Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді

Кел жемісті Алтын күз

Кемелденсін халқымыз.

Сәлеметсіздер ме,қадірлі қонақтар!Бүгінгі берекелі,мерекелі күз құрметіне арналған ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі

-Күз мезгілінде неше ай бар?

-3 ай бар

-Біз қазір қандай мерекені тойлайын деп жатырмыз?

-Алтын күз мерекесін

-Жарайсыңдар ,балалар.-

Хор: Алтын күз

-Балалар,бізге қонақ келмекші. Кәне бәріміз қонағымызды қарсы алайық.Музыкамен Алтын күз келеді.

Жүргізуші:Сәлеметсіз бе , Алтын күз

Алтын күз: Мен Алтын күзбін

Жайдары жарқын күзбін

Қонаққа келдім сендерге

Өнерлеріңді көруге.

Жүргізуші: Қош келдіңіз біздің балдарымыздың өнерлерін тамашалаңыздар. Балдардың тақпақтарына кезек берейік.

Самат: Алтын, сары ,қызыл,көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап

Дастан: Сарғайды тоғай

Сап-сары маңай

Соңғы әнін айтып

Құс кетті қайтып

Айқын: Береке бақ дарыған

Жомарт көңіл ,жарқын күз

Сары алтынға малынған

Жетті міне, Алтын күз.!

Шаттық: Сап-сары жапырақ

Жерге түсті қалтырап

Алтын түсті нәзігім

Жерде жатыр жалтырап

Ерсұлтан: Күздің салқын самалы

Аймалайды маңдайды

Алып –қашып барады

Жапырақтарды сарғайған

Ерасыл: Жапырақ ұшты

Суық та түсті

Сонда да бізге

Қызық көп күзде

Айдын: Көбейді құт –береке

Астық толы қамбамыз

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз

Енді кезекті биші қыздарымыздың биіне берейік.

Би: «Тамшылар»

Енді кезекті тағы да тақпақтарға берейік.

Гүлсина: Жемісті мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген

Қарақат: Қыстың жақын қалғанын

Жапырақтар білгендей

Желмен ұшып барады

Жерге қонып үлгермей

Гүлсезім: Келді міне күз

Айнала сары түс

Керемет , тамаша

Қандай әсем күз

Ақторғын : Думан толы асқарлы

Күз мезгілі басталды

Күз әуені кеп жетті

Әнге бөлеп жастарды

Нұрай: Күздің қазан айында

Алма, алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр –сыбдыр түседі

Айару: Күзім-ау ,күзім-ау

Мінезің бұзық –ау

Жаңбырың сіркіреп

Келгенәі қызық –ау

Сезімнұр: Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

Ұлдар биі:

Алтын күз : жарайсыңдар балалар өнерлі балалар екенсіңдер. Сендердің өнерлеріңді көріп мен бір марқайып қалдым.Аман -сау болыңдар. Менің сендерге әкелген сыйым бар.

Хор: « Кап-кап»

Жүргізуші: Балалар, апайлар күз мерекесіне арналған аяқталды.Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.

Құттықтау сөз балабақша директоры М. Садуоваға беріледі.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
349
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі