Материалдар / "Алтын куз"

"Алтын куз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі балаларға музыкадан арналған шебер -сынып
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Оразова Қарлығаш Мейрамбекқызы –музыка жетекшісі

Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша

білім бөлімінің №12 «Ажар» бөбекжайы КМҚК



«Талшын» мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

шебер сынып


Тақырыбы: «Музыкалық ырғақты ойындар бізде қонақта»


Мақсаты

Музыкалық ырғақты ойындар арқылы балалардың есту, есте сақтау, ырғақты сезіне

білу дағдыларын қалыптастырып дамыту.

Музыкадағы дыбыстардың биіктігі мен ұзақтығын, дыбыс күшін (динамикасын) ,темпін ажырата білуге үйрету. Шығармашылық қабілеттерін шыңдау. Ойын арқылы балалардың бойындағы тапқырлық, жауапкершілік, ұйымшылдық

қасиеттерін қалыптастыру.

Сөздік жұмыс

"Көктем жаршысы - құстар", "Келді құс та ән салып","Еркін елдің еркесіміз", "Керемет күн!", "Біз мектепке барамыз" сөздерін пайдалану.

Әдіс-тәсілдер

Сәлемдесу, түсіндіру, баяндау, жаттығу, қайталау, көркем сөз, миға шабуыл, кері байланыс, пысықтау, музыкалық- ойын.

Құрал-жабдықтар

Көрнекілік материалдар

аспаптар, музыкалық-ойынға арналған құралдар/ қасық, таяқшалар,шарик/
 
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің барысы

1. КІРІСПЕ БӨЛІМ

1.1. Сәлемдесу. 

Балалар залға Е.Тиличееваның «Қадам» шығармасы желісінде кіріп, музыка жетекшісінің көрсетуі бойынша жаттығуын жасайды.
Музыка жетекшісі балаларға:
– Балалар, маған мұқият қарап, жүріп келе жатып, ырғақты секеңдейміз. Жарайсыңдар. Балалар секіргеннен кейін жай адымға ауысып, залдың ортасына келіп , орнымызға отырамыз.
Музыка жетекшісі: 
Ән саламыз күнде біз, 
Шаттық толы іргеміз. 
Біз мәңгіге достармыз. 
Біз мәңгіге біргеміз. 

1.2. Музыкалық - ырғақты қимылдар.


2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Дауыс жаттығулары.

Музыка жетекшісі  балалармен ән салу алдында дауыс жаттығуларын орындауы міндетті болып табылады. Дем алу ән айту кезінде қалыптасады. Дем алу ән айтардың алдында жүргізіледі және музыкалық шумақтан кейін жүргізіледі. Сөз ортасында дем алу жүргізілмейді. Сондықтан педагог мынадай бағытта дауыс жаттығуларын жүргізеді:
– Балалар,ендеше орнымыздан тұрайық.
– Енді менімен бірге қайталаймыз.
Жарайсыңдар.
2.2. Біздің алғашқы ойындарымыздың бірі «Әуенді эстафета»

Мақсаты: Балалардың ырғақтық сезімдерін дамытып, музыкалық есту, есте сақтау

қабілеттерін қалыптастыру. Әнді жатқа айта білуге үйрету.

Керекті құралдар: Шляпа, немесе музыкалық аспап, музыкалық шығарма (балалардың білетін бір әні)

Ойынның шарты: Балалар дөңгелене отырады. Музыка жетекшісінің қолында шляпа.

Ойынды жетекші бастап балалардың білетін әнінің алғашқы бір қатарын айтып келесі

балаға допты ұсынады. Бала допты алып әнді жалғастырып бір ғана фразасын айтып

келесі балаға беруі тиіс. Ойын осылайша жалғасып ән біткенше жалғасады.

Ойынға балалардың таныс жақсы білетін әні алынады.

"Ән салу. Б. Бейсенова «Еркін елдің еркесіміз» әні.
– Б. Бейсенованың әні «Еркін елдің еркесіміз» бәріміз орындықтың шетіне отырып, кең тыныс алып, ән айтуға дайындалайық.
– Алдымен балалар,дауысымызды қатты шығармаймыз. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
– Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!

2.3.  "Ырғақты қайтала" музыкалық ырғақтық ойыны. 
Мақсаты: Музыкалық ырғақтық қабілетін дамыту. 
Керек құрал -жабдықтар: Орындық, ағаш қасықтар, бувен, таяқшалар
Шарты: Балалар шеңбер жасап, орындықтың артында тұрады. Алдарында бірдей аспаптар қойылады.музыка жетекшісінің нұсқаулығымен балалар аспаптарда ырғақты қайталап ойнайды.
2.4. Ән тыңдау.
– Б.Бейсенованың әні
«Біз мектепке барамыз». 
– Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз.
Балалар музыканы тыңдап отырғанда музыка жетекшісі оның сипатымен таныстырады, мәнін түсіндіреді. Балалар музыкалық шығарманы тыңдап, сипаты мен екпінін анықтайды. 
– Кәне, балалар, шапалақпен ұра отырып, әуенді тағы да қайталап тыңдайықшы! Керемет! Өте тамаша шығарма балалар, солай ма? Иә.
Музыка жетекшісі шығарманы балалар қабылдағанша тыңдатып, әнге қатысты ой қозғау мақсатында балаларға түсінік береді:
– Балаларға, мектеп деген сөз қасиетті мағынаны білдіреді, солай ма, балалар? Иә. Тамаша.
Музыка жетекшісі  балаларға шығарманы тыңдап болған соң, сұрақтар қояды: 
– Балалар, біз бүгін қандай шығарма тыңдадық? Мектеп туралы. 
– Әуенін жазған сазгер кім? Бота Бейсенова
– Жарайсыңдар, балалар!
2.5. Оркестр. «Әуенді тарелкалар»

С.Рахманиновтың 3-симфониясы
Музыка жетекшісі:
– Балалар, бәріңде аспаптар бар ма? Иә.
– Онда тыңдайықшы, сендер менімен бірге қайталап отырасыңдар, келістік пе? Иә.
– Балалар, тарелкаларымызды алайық! Енді музыканы тыңдай отырып, менімен бірге қайталаймыз.

Музыка жетекшісі  балаларға әнді шығарманы тағы да тыңдатып, музыканың қай бөлігіне келгенде сылдырауықтарда ойнау керектігін айтады. 
– Тамаша, балалар! Балалар, дыбысты тыңдай отырып, менімен бірге қайталап ойнаймыз.
2.6. Музыкалық ойы. «Ғажайып шарик»

Мақсаты: Музыкалық қабілетін дамыту
Керек құрал -жабдықтар: жерге салатын төсеніштер, шарик.
Шарты: Балалар бір-бірлеріне қарама –қарсы отырады. Алдарында бірдей шарик қойылады.музыка жетекшісінің нұсқаулығымен балалар музыканы сезініп шарикпен ырғақты қимылдарды қайталап ойнайды.

2.7. «Музыкалық-ырғақты ойын»

Мақсаты: Балалардың ойын арқылы музыкалық-ырғақтық қабілетін дамыту

Шарты: Интерактивті тақтадан көрсетілген видео /әр түрлі ырғақтар/ музыка жетекшісінің көмегімен дұрыс қайталау

3. ҚОРЫТЫНДЫ

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің соңында музыка жетекшісі қорытындылайды. 
– Бүгінгі іс-әрекет сендерге ұнады ма?
Балалардың жауаптары. 
– Бүгін қандай ән тыңдадық, балалар?
– «Біз мектепке барамыз» әнін.
– Балалар, бүгін қандай ән айтуды үйрендік? «Еркін елдің еркесіміз» әнін.
– Қандай аспапта ойнадық? Бувен, таяқшалар, шарик
– Жарайсыңдар, балалар, бүгін жақсы белсенділік көрсеттіңдер, рақмет, бәріңе! 



Мен сендерді мынандай тәтті смайлинктермен марапаттағым келіп тұр.

Сыйқырлы сәт:

Ол смайлинктердің астында тәтті кәмпиттер жасырылған

Музыка жетекшісі тәтті смайлинктерді балаларға таратып, марапаттайды.
– Олай болса, бүгінгі іс-әрекетіміз аяқталды, сау болыңдар!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ