400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Алтын орда тарихы – біздің тарих»

Материал туралы қысқаша түсінік
1 курс студенттеріне арналған «Алтын орда тарихы – біздің тарих»
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АТЫРАУ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ





«Келісілді» «Бекітемін»

Оқу-әдістемелік Директордың тәрбие жұмысы

орталық меңгерушісі жөніндегі орынбасары

_________А.Көпжасарова __________ Ж.Шагирова

«____»______2019 ж. «____» _______2019ж.







САБАҚТАН ТЫС ШАРАНЫҢ

ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУІ


Тақырыбы: «Алтын орда тарихы – біздің тарих»

Тобы: СиЭГЗСа -19

Күні: 21.10.2019





Қоғамдық пәндік-циклдік комиссия Дайындаған:

отырысында қаралды және келісілді Тарих және қоғам тану

Хаттама № _________ пәні оқытушысы

«____» ____________ 2019 ж. _________ Б.Қарамырза

ПЦК төрайымы

__________ Б.Біләлова




АТЫРАУ- 2019



«Тәуелсіздік жылдарында мем­ле­кеттік, ұлттық ұстанымға адал, білімді, өткір, отаншыл жастарымыздың тұтас бір буыны қалыптасты. Біз соларға арқа сүйейміз. Олар Абай айтқан бес асыл іске берік – талапшыл, еңбекшіл, ойшыл, қанағатшыл, рақымшыл болса – онда біздің еліміздің болашағы жарқын, жұлдызы жоғары болмақ!»  Қасым- Жомарт Тоқаев


Шараның тақырыбы: «Алтын орда тарихы – біздің тарих»


Шараның мақсаты:
Өскелең ұрпаққа Қазақ Елі мен жерінің тарихын білуге, оны қорғауға үйрету және түгендеуге де міндетті екенін ұғындыра түсу, ел болашағы жастар қолында екенін сезіндіру арқылы Отанын сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімді күшейту.

Шараның түрі: кездесу, пікір алысу

Шараның әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, өз әрекетін бағалай білу

Көрнекілігі: ҚР Конституциясы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы, нақыл сөздер, бейнефильмдер, презентация, эмблема, тақырыптық карталар.



Шараның мақсаты:

Президент Жолдауы қашанда тарихи саяси мәнді құжат. Ол - бүгінгі күннің бағдары, болашаққа жол сілтеуші. Осы құжатта Мемлекет Басшысы еліміздің тарихына терең тоқталып, оның кешегісі, бүгіні, ертеңі туралы ой толғады. Рухани құндылықтарымызды ардақтауға, зерттеуге үндеді. Әсіресе, Ұлытауға барған сапарында біздің тарихтың, мемлекет ретінде қалыптасуының тамырын әріден іздеу керек екендігі туралы атап көрсетті.

Алтын орда – айрықша мемлекет. Оның өмір сүрген кезеңі, құрылымы, дамуы, кейінгі тарихқа оң әсерін көрсете білу;




Шараның барысы:
Ұйымдастыру

Кіріспе сөз

Қатысушылар пікірлері

Бейнекөрсетілім «Алтын орданың мұрагерлері»

Сөйлеушілер:

Қазақ жерінде Алтын Ордаға қатысты үш бірдей ұлы оқиға өткен мекен бар. Ол – Ұлытау, Сарайшық және Түркістан. Ұлытауда Алтын Орданың негізін қалаушы патша Жошының моласы жатыр.  Сәл әріректе, алты алашқа қастерлі Алаша ханның зираты тұр. Қазақ шежіресінде бұл кісі «хандардың атасы» деп әспеттелуіне қарағанда, бұл күллі әлем шарқ ұрып, іздеп жүрген Шыңғыс Ханның қабірстаны болуы да бек мүмкін. Осы Ұлытауда, Орданың абыройын соңғы рет көтеріп кеткен хан Тоқтамыс пен қазақтың батырлық эпостарына арқау болған Едіге қолбасшы да мәңгі тыныштық тапқан. Ал Сарайшық күллі Еуразияның тағдырын шешкен шаһар болған бір кездері. Орыс княздары қаласын билеуге ұлықсатты осы Алтын Орданың астанасына келіп алатын болған. Бұл қалада Сартақ, Берке, Тоқтақия, Әз-Жәнібек секілді Алтын Орданың ұлы, атақты хандары жерленген. Қасым ханның тұсында Сарайшық қазақтың астанасына айналады. Сол патшамыздың соңғы демі осы қалада таусылыпты.

Жошы ұлысын жеке дара мемлекет деп жариялаған құрылтай Талас жерінде 1269 жылы өткен. Талас дегенің Қазақстан жерінде, қазіргі Жамбыл облысындағы таулы мекен. Негізі Алтын Орда «менікі, сенікі» деп бөлуге келетін тарих емес. Бұл – біздің жалпы мұрамыз.  Ноғайлар, қазақтар, қазандық, сібірлік, қырымдық, польдік-литовтық татарлар, қарақалпақтар, өзбектер және тағы басқалары үшін Алтын Орда – ортақ тарих. Кезінде орыстарға, украиндарға және белорустарға Киевтік Русь қалай ортақ болса, бізге де Алтын Орда сондай.

Аппақ киізбен көмкерілген Ақ Орданы ең алғаш Шыңғыс хан, биліктің символы ретінде немересі Батуға берген. Осы Батудың ақ шатыры, мұрагерлік бойынша Берке ханның еншісіне бұйырады. Араб деректеріне сенсек, «Ақ Ордаға» бір сәтте 500-600 адам еркін сыйған. 60 қанатты киіз үй болып тұр ғой сонда! Жошы ұлысын өз алдына жеке дара мемлекет еткеннен кейін Меңгі-Темір тура атасы Шыңғыс хан секілді алтынды шатырда тұра бастайды. Ал ескі Ақ Орданы туыстарына мұраға береді. 1260-1359 жылдары Жошы ұлысының хандары осы Алтын Орданы өздерінің ресми резиденциясы еткен. Ал 1359 жылы Алтын Орданы Хызыр хан жығып, бөлшектеп тастайды. Содан бастап, Жошы ұлысы хандарының ставкасы «Ақ Орда» деп атала бастайды. Аппақ киізбен көмкерілген, 30 қанат Ақ Орданың соңғы иесі хан Абылай болған. Қазақстан Президентінің резиденциясын «Ақ Орда» деп атауды қазақтың біртуары Ақселеу Сейдімбек ұсынған. Сөйтіп, Абылаймен бірге ұмытылып кеткен хан ордасының атауын осылайша тірілтіпті.

Карталармен танысу

Бейнекөрсетілім «Ел тарихы: Сарайшық»

Көрнекіліктермен таныстыру

Пікір алмасу

Қорытынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы  Қарағанды облысына сапары аясында ұлтымыздың алтын бесігі және тағылымды тарихымыздың куәсі – Ұлытауға келді. Онда президент "Ұлытау - 2019" халықаралық туристік форумында сөз сөйледі. Бұл киелі мекенде бабаларымыз ұлттың келешегін ойлап, бірліктің туын желбіреткен. Қалың ел үш жүздің басын қосқан Ұлытауда ел билеген хандарды ақ киізге көтеріп, таққа отырғызған. Сондықтан Ұлытау жері хан ордасы, қазақ жерінің кіндігі деп, ерекше құрметпен қаралады. Қасым-Жомарт Кемелұлы қазақ жерінде 8 ғасыр бұрын құрылған алып империя Алтын Орданың мерейтойын атап өтіп, оның негізін қалаушы һәм қазақ хандарының атасы Жошы ханның есімін ұлықтауға осылайша бастама көтерді.

Біздің бүгінгі шара өз тарапымыздан қосылған үлесіміз бен қолдауымыз.






















Ү АПК 210-06-18 Сабақтан тыс шараның әдістемелік өңдеуі. Алтыншы басылым


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
512
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі