400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алтын қақпа ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

С адықова Жанат Асанқызы

ҚР Білім беру ісінің үздігі

Қ.А. Яссауи атындағы

№123 мектеп-гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі



Алтын қақпа

(жарыс – ойын сабағы)


Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, жылдам ойлауға машықтандыру.


Сабақтың міндеті:

1. Оқушылардың білімдерін тереңдету.

2. Ойын – жарыс арқылы оқушылардың логикалық ойлауы мен

тапқырлығын дамыту.

3.Оқушыларға елжандылық тәрбие беру, сол арқылы отанға

сүйіспеншілігін арттыру.


Сабақтың түрі: Жарыс сабағы.


Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, суреттеу.


Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның картасы салынған сурет, плакаттар, жалаушалар.


Сабақтың барысы:

Әнұран айтылады.

Құрметті қонақтар армысыздар,

Бәріңіз де есен сау бармысыздар.

Ән шырқаймыз, би билейміз бәріміз,

Шын көңілмен сый ретінде алыңыздар.

  • Осы өлең жолдарымен жарыс – ойын сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

  • Құрметті ұстаздар, қонақтар, жанкүйерлер бұл күнде біз сіздермен интеллектуалдық сайыс-ойынының куәгері бола аламыз. Сайысты басталмас бұрын әділ-қазы алқасы осында отырған жанкүйерлерге қатысушыларға тілектерін білдіруін сұраймыз. (2-3 оқушыға)

  • Рахмет! Қатысушыларға өз атымыздан ниетімізді келесідей өлең жолдарымен білдіргім келеді.

Көсемі болып ғасырдың

Шешені болып ғасырдың

Шәкіртім, мықты білім ал!

Талант пен өнер асырғын

Көшбасшысы бол ғасырдың!

«Топтың жүйрігі жеңіске жетсін!»


Жарысымызды бастамас бұрын қатысушы топтар «Тапқыр болсаң талас жоқ» атты блиц-турнирден өтуі шарт. Мұнда әр топқа өздері өтетін пәндерден (ана тілі, қазақ тілі, математика, музыка, еңбек, бейнелеу, дүниетану) сұрақ қойылады. Сұраққа тек сол топ оқушылары ғана жауап береді. Егер өзге қатысушылар, қонақтар, не жанкүйерлер тарапынан шарт бұзылса сол жауап саналмайды. Әділ жеңіп шыққан топ қақпаны бірінші ашуға мүмкіншілік алады.


І топқа

1 – ана тілі: «Кел балалар оқулық» өлеңінің авторы (Ыбырай А.)

2 – дүниетану: Ұя салмайтын құс (көкек)

3 – музыка: Хор ненің атауы (бір топ бірігіп ән айтуы)

4 – қазақ тілі: Заттың қимылын білдіретін сөз тобы (етістік)

5 – еңбек: Композиция дегеніміз не (ою-өрнек белгілі-бір

ырғ/үйлесіммен орналасуы)

6 – бейнелеу: Натюрморт дегеніміз не? (франц.тілі)


ІІ топқа

1 – дүниетану: Орман дәрігері аталған құс (тоқылдақ)

2 – қазақ тілі: Заттың сынын білдіретін сөз тобы (сын есім)

3– ана тілі: «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы (Абай)

4 – музыка: «Стокатто» д/з не (әннің тез ойнақы айтылуы)

5 – еңбек: Ырғақ д/з не (өрнектің белгілі бір эл. қайталануы)

6 – бейнелеу: Жапсырмалау қалай оырндалады? (қиындылардан)


Жеңімпаз топ, Тас қақпаны ашады

«Сөздің көркі мақал»

Бұл кезеңде мен сіздерге мақал оқимын және оның ішіндегі бір сөзді тастап кетемін, соны сіз тауып айтуыңыз керек. Бұл кезең 10 мақалдан тұрады, тек жалау көтерген топ қана жауап беруге мүмкіншілік алады.


1. Дені саудың ... сау (жаны)

2. Отан - ... басталады (отбасынан)

3. Ер елінде, гүл ... (жерінде)

4. Кітап – алтын ... (қазына)

5. Оқусыз білім жоқ, білімсіз ... жоқ (күнін)

6. Көз қорқақ, қол ... (батыр)

7. Не ексең, соны ... (орарсын)

8 .Батыр туса ел ырысы, жаңбыр жауса ... (жер ырысы)

9. Еңбектің наны тәтті, еріншектің ... тәтті (жаны)

10. Атаңа не қылсаң, ... сол келер (алдыңа)


Алуа - өзбек биі

Ұпай санына қарай белгілі бір топ Күміс қақпаны ашады. Қақпаны ашқан топ тақырыптың кез-келгенін таңдауға мүмкіншілік алады.


Көрнекілік: Қазақстан картасы, Астана / Алматы, жалаулары


«Алматы» тақырыбын таңдаған топқа арналған сұрақтар (жалау артында)

  1. Желтоқсан оқиғасы болған қала

  2. ҚР ең алғашқы елордасы

  3. «Медеу» мұз айдыны орналасқан жері

  4. Алматы Қазақстан тарихында астана болған жыл

  5. Қазақстан эмблемасындағы мысық тұқымдас жануар


«Астанаға» арналған сұрақтар

  1. Жаңа әнұранның әнін жазған кім?

  2. Астана ел ордасына қай жылы көшірілді?

  3. Қай өзеннің жағасында 19-ғасырда Ақмола қаласының құрылысы

басталды?

  1. «Тың» өлкесін атау

  2. Үкімет үйі қай жерде?


«Достық әні» хормен


Алтын қақпа ашылды

Логикалық ойындар

Әдель – Қазақ әні

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
695
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі