400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Алтын қақпа» викториналық ойыны 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттыру. Түрлі тапсырмалар арқылы оқушының танымын кеңейту. Ақыл – ойын, жылдам ойлауын, ептілігін, шығармашылығын дамыту. Шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы:Мусаханова Бакыт Калимовна

Алматы облысы Балқаш ауданы «Бірлік орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

7-сынып викториналық  ойын

Тақырыбы:  «Алтын қақпа» викториналық  ойыны 7-сынып

Мақсаты: Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттыру. Түрлі тапсырмалар арқылы оқушының танымын кеңейту. Ақыл – ойын, жылдам ойлауын, ептілігін, шығармашылығын дамыту. Шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Алтын қақпа, күміс қақпа, тас қақпа, алтын сандық, арнайы дайындалған сұрақтар.
«Алтын қақпа» викториналық  ойынының жүргізілу барысы:

Әрбір мемлекеттің болашағы  мектебінде шыңдалады .Ертен осы елге ие болатын тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушысы болғандықтан қазақстандық барлық мектептерге үлгі болуға тиісті қазақ тілінде оқытатын мектептердің бүгінгі жайы,даму бағыты мемлекеттің назарында .Сапалы білім,саналы тәрбие беру әр ұстаздың алға қойған міндеті болса,өз елінің білімді,өнегелі азаматы болу әр оқушының міндеті.

Білім аққан сел дейді

Бірақ оңай келмейді

Ала білсең білім көп

Ақыл ойға кен дейді

Әрқашанда білім көптік етпеген

Талапсыз жан мұратына жетпеген

Сәлем бердік өрендерге талапкер

Дос көңілден,адал ,аппақ ниетпен-дей келе.Сайысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.Сонымен қатар сайыскерлеріміздің білім деңгейлерін тексеріп,әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстырайық.

Әділ қазылар алқасы:

1.____________________________________________________

2.____________________________________________________

3.____________________________________________________

Сайыс шартымен таныстыру

Ой өрісті дамытуда бір елі.

«Алтын қақпа» сұрақ- жауап мекені.

«Алтын қақпа» викториналық сұрақ- жауап танымдық ойын сайысына ат салысуға шақырамыз.

Ойын шарты:Ойынға қатысушылар 3 топқа бөлінген.

«Алғырлар» тобы

«Тапқырлар» тобы

«Білгіштер» тобы

Ойын 3 кезеңнен тұрады,әр кезеңнің 5 тапсырмасы бар.Бұнда кездесетін тапсырмалар жан-жақты қамтылған әр түрлі тақырыптарда келеді. Мысалы:

« Логикалық сұрақ », «Мақал –мәтелдер ».

1-ші кезеңнің 5 сұрағына жауап берілсе «Тас қақпа» ашылады

2-ші кезеңнің 5 сұрағына жауап берілсе «Күміс қақпа» ашылады

3-ші кезеңнің 5 сұрағына жауап берілсе « Алтын қақпа» ашылады

«Алтын қақпа» ашылғаннан кейін көмбеде «Алтын сандық» бар. Алтын сандықтың да өз тапсырмасы бар.
Ал енді, «Алтын қақпа» викториналық сұрақ жауап ойынымызды бастаймыз.
«Тас қақпа»  сұрақтары :
1. Логикалық есептер.
– Қандай сағат күніне екі рет айналады?
(Тоқтап тұрған сағат).
2.Өсімдік неден көбейеді?
(тұқымнан)
3.Жаңбыр екі күн қатар жауа ала ма?
(Жоқ, арасында түн бар).

4.Ауылдан қалаға дейін бір бала 2 сағат жүрген. Ал 5 бала қанша жүреді? (2 сағат)

  1. 5 пен 15 арасында қанша сан бар? Жазып көрсетші (9 сан)

(«Тас қақпа» ашылады)

«Күміс қақпа»  сұрақтары
Логикалық есептер.

1.Төрт  түйеқұс ұшып бара жатыр біреуін атты нешеуі қалды?  (4 қалады түйе кұс ұшпайды)

  1. « Әдептілік» сөзінен сөз құраңдар

Әдеп,тіл,тілек,тілік,ептік,ілік,іл,әдет.

  1. Жеті қазынаны ата?
    Жеті қазына – Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-ой, жүйрік ат,
    қыран бүркіт, берен мылтық .
    4Тіркесін табу:
    Тіл тас жарады…
    (Тас жармаса, бас бас жарады).

5.Ерді намыс өлтіреді…
(Қоянды қамыс өлтіреді).

(«Күміс қақпа» ашылады)
Сергіту сәті

«Алтын қақпа»  сұрақтары:

1.Мюнстенберг әдістемесі
Вншағашшедышыршанемоедарынжаотанымдплпоқуогшнәтижелдпжыл
(ағаш, шырша, дарын, отан, оқу, нәтиже, жел, жыл)
2.Абай Құнанбаевтың туған  жері? (Семей)

  1. Жазылмай қалған сандарды тап.
    16,…., 18, 19,…., 21, 22 (17, 20)
    4.Артық өлшем бірлікті алып таста.
    2м, 3см, 4мм, 5 кг, 8дм, 6км (5 кг)

5.Үшбұрыш дегеніміз не? (бір түзудің бойында жатпайтын үш нүкте белгілеп кесіндімен қосамыз)
(«Алтын қақпа» ашылды).
Ал енді көмбедегі 
«Алтын сандықты» ашуға дайынбыз ба?
1. Жеті жоқты ата?
Жеті жоқты – Жылқыда өт жоқ,
Құста сүт жоқ,
Таста тамыр жоқ,
Тасбақада талақ жоқ,
Аспанда тіреу жоқ,
Жерде өлшеу жоқ,
Аллада бауыр жоқ.
2. Қазыбек би:
Не қымбат?
Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт берекең – атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат.
Кіндік кескен жерің қымбат,
Ұят пенен ар қымбат.

3.Отан туралы 4 мақал айту.
1. «Отан үшін отқа түс, күймейсің»
2. «Отансыз адам-ормансыз бұлбұл»
3. «Отан-оттан да
, ыстық»
4. «Отан-қуат, отбасы-шуақ»

( «Алтын сандық» ашылды).
Көмбеге де жетіп, «Алтын сандықтың да» тапсырмаларын орындадық.

Көрермендерге сұрақтан шашу шашайық.

-Қазақ хандығының 2015 жылы  неше жылдығын атап өттік?

Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі қалай аталады?
-Ұлы жеңіске неше жыл?

Мемлекеттік тіліміз?

Қазақ халқының атақты үш биін ата

Абай Құнанбайұлы қашан, қай жерде дүниеге келген?


Ендеше, сөз кезегін әділ қазылар алқасына берейік!
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Білдім деме, балам,
Білмейтінің көп шығар.
Бәрін білген адам,
Дүниеде жоқ шығар.
Көп білуге ұмтылған,
Көз жұмғанша оқиды.
Көз жұмғанша оқыған,
Көп нәрсені тоқиды,- деп Өтебай Тұрманжанов ағамыз жырлағандай оқып, білім алудан ешқашан жалықпайық!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
13.05.2022
951
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі