«Жармыш орта мектебі» мемлекеттік
мекемесі
(зияткерлік ойын)
Дайындаған:
У.Буркитова
8 «Б» сынып
жетекшісі.
Жармыш 2016 жыл
Мақсаты:тәрбиленушілердің ой-өрісін,
тіл байлығын дамыту, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге
үйрету. Міндеттері: -қазақ мәдениеті , тарихы
жөнінде ойларын жүйелеу; -есте сақтау қабілеттерін, ой-өрістерін ,
сөздік қорын дамыту; -өз еліне деген сүйіспеншілік қабілетін
арттыру,патриот болуға баулу. Түрі: зияткерлік ойын.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,шарлар, нақыл
сөздер. Барысы:
Жүргізуші: Қазақ тарихын есте сақтап,
оның мәдениеті туралы түсінігін жетілдіру.Бүгінгі біздің «Алтын
қақпа» ойынымыз осы Қазақстан мәдениетіне
арналады. 1-қақпа: «Тас
қақпа» 2-қақпа: «Күміс
қақпа» 3-қақпа: «Алтын қақпа» және «Алтын
сандық» Жалпылама
сұрақтар: 1. Қазақстан территориясында
өмір сүрген ежелгі тайпалар(сақтар, ғұндар,үйсіндер) 2.Қазақтың
әдет-ғұрып фольклорын ата («жар-жар», «сыңсу», «жоқтау», «бесік
жыры») 3.100 жыл жасаған айтыскер ақын
(Ж.Жабаев) «Тас қақпа»
сұрақтары: 1.Қазақтың ұлттық аспаптарын
атаңдар.(Қобыз,сазсырнай,сыбызғы,дабыл,асатаяқ,даңғыра). 2.
Қалыңдықтың сүйір бұрышты ,әсем безендірілген баскиімі.(Сәукеле) 3.
«Адамзат қоғамының шежіресі» деген не? (Тарих) 4.ХІХ-ХХ ғасырларда
өмір сүрген әнші-сазгерлерді атаңдар (Жаяу Мұса, Ақан сері, Кенен
Әзірбаев, Әміре Қашаубаев, Әсет Найманбаев) 5. ХХ-ғасырда
Қазақстанның астанасы болған қалаларды атаңдар.(Орынбор,Қызылорда,
Алматы, Ақмола) 6. Ұлттық ойындарды атаңдар.(«Бәйге», «Көкпар»,
«Қыз қуу», «Асық ату») «Күміс қақпа «
сұрақтары: 1. ХІҮ-ХҮ ғасырдағы сәулет
өнеріндегі ерекше туындыны атаңдар.( Ахмет Иассауи кесенесі)
2.Қазақтың тұңғыш театр өнері тұңғыш рет кімнің,қандай шығармадан
басталды? (Қызылорда қаласында М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек»
спектаклінен басталды). 3. Қазақ әлипбиін құрастырған қазақ
зиялысы. (А.Байтұрсынов). 4. 13 жасында араб,парсы,шағатай, орыс
тілдерін меңгеріп,Шығыс классиктерінің шығармаларын оқыған. Есімі
бүкіл әлемге белгілі. Бұлкім? (А.Құнанбаев). 5. Үш қазық,екі
желі,тоғыз ноқта, Үздігіп тербеледі адам соқса. Шешен тіл сөзге
жүйрік болғанымен, Не пайдасөйлемейді адам жоқта. (Домбыра). 6.
«Отырар сазы» ұлттық аспаптар оркестерінің дирижері кім болған?
(Н.Тілендиев) «Алтын қақпа»
сұрақтары: 1. «Трактат» дегеніміз не?
(Шағын ғылыми еңбек) 2.Қазақ тарихында тұңғыш көркем фильм қалай
аталады? («Амангелді) 3.Үш арсыз не? (Ұйқы, күлкі,тамақ). 4.
Ешкінің пірі.(Шекшек ата). 5.Қай жылы мәдениетті қолдау жылы болып
жарияланды? (2000жыл). 6.Сақ мәдениетінде «аңдық стиль» қай ғасырда
пайда болды? (б.з. б ҮІІғ.) Жеңген топ «Алтын сандық» сұрақтарына
жауап береді. «Алтын сандық»
сұрағы: 1. Қолданбалы сән
ескерткіштерінің бірегейі.Ол біздің күнімізге дейін жеткен
көшпенділер сәулетінің үлгісі (Киіз үй).
Қорытынды. 1. Алғы сөз. 2. Жеңімпаздарды
марапаттау. 3. Суретке түсу.