Материалдар / "Алтын қазынаны тап" ( математикалық сайыс 9 сынып).
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Алтын қазынаны тап" ( математикалық сайыс 9 сынып).

Материал туралы қысқаша түсінік
"Алтын қазынаны тап" ( математикалық сайыс 9 сынып). Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету. 2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту. 3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру 4. Корнекілік: пальма,сундук сол сундукке жету Жолдар,ол жолда неше турлі кедергі (логикалық сұрақтар)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қаңтар 2023
377
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Математика пәні мұғалімі: Аргынбекова Жамал Мешитбаевна

Мектеп: «Ғ. Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясы»







"Алтын қазынаны тап" ( математикалық сайыс 9 сынып).

Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.

2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.

3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру

4. Корнекілік: пальма,сундук сол сундукке жету

Жолдар,ол жолда неше турлі кедергі (логикалық сұрақтар)

І жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, ойынға қатысушылар!

Мінеки залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк,

Мұны біз де қоштаймыз,

Кешіккендерді тоспаймыз.

Ғылымдардың ғылымы

Математика ғылымы жайында

"алтын қазынаны тап" ойынын бастаймыз!

ІІ жүргізуші:Жас достарым, Мұны жақсы ұғайық

Математика ғылымы құрметтеуге лайық дүниедегі құбылыстың мүмкін емес есептерсіз түсіну есебіңіз дүние кілті әлі де

жүргізуші:

Математика ғылымы ермек емес балалық,

Математика ғылымы-көрегендік, даналық.

Математика ғылымы ғылымдардың патшасы

жүргізуші: Біз мұнда математика ғылымының қыр-сырымен танысу үшін

Көңілді демалып, заманауи жол көлігі тапқырлар поезымен "Алтын қазынаны" қайда екенін табу үшін жиналдық.

жүргізуші: Тапқырлар поезі "Алтын қазынаны" іздеу сапарымен саяхатта.

Тапқырлар поезы білім сапарына аттанды. Сәт сапар тілейміз!

"Құрметті тапқырлар поезының жолаушылары! Сіздер білім сапарында келе жатқандықтан сіздерге бел шешіп білімдеріңізді тексеру кезі келді.

жүргізуші: ТЫҢДАҢЫЗДАР, ТЫҢДАҢЫЗДАР!!!

ТАПҚЫРЛАР ПОЕЗЫ "АЛТЫН ҚАЗЫНАНЫ" ІЗДЕУ МАҚСАТЫМЕН НҰРСҰЛТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ҒАЛИ ОРМАНОВ АТЫНДАҒЫ №7 МЕКТЕП ГИМНАЗИЯСЫ» АЯЛДАМАСЫНА КЕЛІП ТОҚТАДЫ. ПОЕЗД ЖОЛДЫҢ ІІ ЖЕЛІСІНДЕ, АБАЙЛАП САҚ БОЛЫҢЫЗДАР!!!

Тапқырлар поезына 9 «ғ», 9 «л» сыныбының оқушыларына тегін жолдама берілді.

Поезд № Ғали Орманов атындағы мектеп гимназиясы аялдамасында, асықпай абайлап түсіңіздер. Алтын іздеуші топ ортаға шығады

жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Нақты ғылымдарға қызығушылар. Естігенін есте тұтып, Оқығанын миға тоқушылар.

Есепті түрлі-түрлі шығарамыз, Арасында ойын ойнап жарысамыз. Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар. Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.

Олай болса, тұрмайық, Кешімізді біз бастайық, Әділ бағаға қалтасы толы, Әділқазыларды шақырайық.

Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып қойылған.

Шын жүйрік шабысынан табылады. Нақты білім, терең ой сыналады. Баға берер әділқазы ортамызда Сіздерге құрметпенен қол соғылады.

Математикалық сайыс 9 турдан тұрады.

1 тур . Ой сергіту.

Әр команда кезек-кезек сұрақтарға тез мүдірместен жауап беру керек.Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Кедергі келтіруге жауабын айтуға болмайды . Әр топтың тәртібіне қарай ұпай саны алынып отырады.

1. Барлық қабырғалардың қосындысы? (Периметр)

2. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)

3.Ең кіші натурал сан? (1)

4. Санның жүзден бір бөлігі? (процент)

5.-100 ден 100-ге дейінгі сандардың қосындысы? (0)

6. 20 минут 1 сағаттың неше бөлігі? (1/3)

7. Қандай 3 санды қоссаң да, көбейтсең де мәндері бірдей болады? (1,2,3)

8.Бұрышты өлшейтін құрал? (Транспортир)

    1. теңгенің 10 проценті ? (10 теңге)

10. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)

11. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )

12. 700-қа тең бұрыш қалай аталады? (сүйір)

13.Төртбұрыштың қарсы бұрыштарын қосатын түзу? (диагональ)

14.8 ұлда неше саусақ бар ? (80)

15.Бірінші әйел-математик (Софья Ковалевская)

16.Ең үлкен теріс сан (-1)

17.Дәлелдеуді қажет ететін анықтама? (теорема)

18.100 –ді жартысына бөлсек ,неше? (2)

19) Ең кіші жай сан (2)
20) 4 санының кубы (64)

2 тур. Ең зейінді.

Әр топтан 1-1 оқушы шығып , сандарды оқиды ал 6-ға бөлінетін сандарды атамай жаңылмаймын деп айту керек. Мысалы 5-ке бөлінетін сандар үшін 1,2,3,4, жаңылмаймын 6,7,8,9, жаңылмаймын.Әр топтан 1-1 оқушы шығу керек.

Жаңылмаймын деген сөзді неше рет дұрыс айтса, сонша балл алады.

0; 3; 6; 21; 12; 16; 24; 9; 42; 60; 56; 191; 36; 72; 15; 35; 100; 120; 49; 66; 68; 18; 4

8-ге бөлінетін сандар .

3; 140; 8; 43; 68; 1; 24; 48; 57; 0; 160; 49; 18; 32; 202; 88; 60; 72; 40; 19; 16; 2;48

3 тур. Жас эрудит.

Әр топқа әріп беріледі сол әріптен математикаға байланысты көп сөз жазу керек. 3 минут уақыт.

Әр сөз 1 ұпай.

І топқа- Т , 2 топқа- Ш

4 тур.Топ басшылар сайысы . 

Бұл турда берілген сұрақтың жауабын 3 тілде беру керек , 1 тіде айтса-2 ұпай,2 тілде 4 ұпай,3 тілде- 6 ұпай алады.
1.Кез келген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады
(түзу - прямая - straignt)
2. Бір нүктеден шығып екі сәуледен құралатын геометриялық фигура
(бұрыш - угол - angle)
3.Бір нүктемен шектелген түзудің бөлігі
(сәуле - луч – beamray)
4.Тік бұрыштан кіші бұрыш
(сүйір - острый – sharp(keep))
5.Жоқ өзінде бас та, қас та мойын да
Ұзындығы жазулы тұр бойында? (сызғыш, линейка,rule)
6. Мен бұрышты берілген
Тең екіге бөлемін
Жаралғалы ғылымда
Не атанып келемін? (биссектриса, биссектриса, bisector)

5 тур. Ең тапқыр .

Үй тапсырмасы 5 минут уақыт беріледі.5-10 ұпай беріледі.

Жанкүйерлермен ойын математикалық сөзді айтып соңғы әріптен ары қарай жалғастыру керек.Мысалы; перпендикуляр – радиус - … (5 минут)

6 тур. Жұбын тап.

Бұл ойында математикалық сөз тіркестерін табу керек.Мысалы мен тік бұрышты десем сіздер үшбұрыш деп айтуларыңыз керек.Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай.

Квадрат-түбір,бұрыштың-синусы,арифметикалық-прогрессия, перпендикуляр-түзу,вертикаль-бұрыш,Пифагор-теоремасы,биквадрат-теңдеу,нүктенің –координатасы,тең бүйірлі-үшбұрыш,доғал-бұрыш,координата-осі, тік-төртбұрыш,координаталық-жазықтық, теңдеулер-жүйесі,тригонометриялық-функция, коллинеар-вектор.


7 тур. Сурет сайысы. 

Цифрлардан адамның суретін салу керек .(3 минута).

Әділқазы алқасы салған суреттегі сандарды қосып кімнің қосындысы көп соған сай ұпай береді.

.

8 тур. «Ойымды жалғастыр» сайысы. (әр команда шапшаң жауап беру керек)

Дұрыс жауап 2 ұпай.

1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)

2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)

3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)

4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)

5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)

6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)

7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)

8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)

9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
10. Батыр бір өледі, Қорқақ.... өледі,(мың)

11. Қызға..... үйден тыйым,(қырық)
12. Айдағаным.... ешкі, Ысқырығы жер жарар, (Бір)

Төмендегі ребусты шешсең, туған жерге арналған мақал-мәтелді оқисың.

Shape2 Shape1 Shape3 Shape4 Shape5 Shape6 Shape7

Shape11 Shape10 Shape9 Shape8 Shape12

Shape13

бастаушы: Құрметті сайыс көрермендері! Тапқырлар поезі алтын қазынаны қанжығаларына байлап іздеу сапарынан аман-есен қайтып оралды. Санаңды сенің толтырар, Есептану пәні бар. Сабағынды егер оқысаң, Өмірде саған жол болар.

"Асыл тастан, өнер жастан шығады деп дарынды,

Халық айтса, халық сөзі әр қашанда нанымды" –дегендей алтын қазынаны тап атты білім сайысында өнер көрсетіп жеңімпаз атанған математика ғылымын сүйіп оқитын сынып, сынып оқушыларына үлкен табыс тілейміз, биіктен көріне беріңіздер!!!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!