400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алтын сақа

Материал туралы қысқаша түсінік
Алтын сақа ертегісінің жаңа нұсқасы тәж вирусына байланысты балаларды тазалыққа тәрбиелеу, ертегісінің желісі арқылы түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы
Б ір күні кемпір шалына:- Шал -ау, көктеуден жайлауға
көшететін уақыт кеп қалды ғой, көшпей тұрып ел ордадамыздан
немеремізді әкелсең қайтеді,- дейді.
Е, кемпір ендеше жолға заттарымды дайында, немереміздің алтын
сақасын да салуды ұмытпа ! -дейді шал.
Қария көзді ашып жұмғанша ұшақпен ел ордамыз Нұр-С ұлтанға
жетеді. Әуежайда ұлын күтіп тұрғанда, шабадан ұстаған қытай
азаматын көреді. Ол шабаданды ашып жасыл түсті жағымсыз затты
орындық астына қойып кетеді. Шал бақылап тұрып, сәлден кейін
жағымсыз заттың жанына келіп, таяғымен түртіп қалады.С ол ақ
екен жасыл түсті зат жасыл құбыжыққа айналып, қарияның
алқымынан ала түседі.
- Мен Тәж вирусымын адамзаттың жауымын, жаңағы мені тастаған
адамға мені Қазақстан деген елге апар жаныңның барында
дегенмін, міне жеттім, енді мен адамзатты аман қалдырмаймын ,дейді.
- Халқымды аман қалдыра көр, менің үйір-үйір жылқымды,
түйелерімді, табын ірі қара малымды, отар-отар қойымды ал,- деп
жалынады шал.
- Жоқ олар маған қажет емес , мен бәрін жоямын – дейді.
- Қарағым, мен немерем Азатжанды бір көрейін, ол мына алтын
сақасымен бір ойнасыншы, аз уақыт бер дейді.
Тәж вирусы өзін жоятын алтын сақа мен баланың оңай табыла
кеткеніне қуанады:
- Ендеше сол немереңді маған берсең, мен ешкімге тимеймін- дейді.
Амалы құрыған қария елінің амандығы үшін немересін беруге
келіседі.
- С ен уәдеңде тұр, мен немеремді алып, жайлауға көшемін, оның
жақсы көретін алтын сақасын таңбалы тастың жаныныа қалдырып
кетемін, немерем алтын сақасын іздеп барғанда сен алып кетесің ,дейді.
- Жайлау деген не? - дейді құбыжық.
- Жайлауға келсең рахаттанып демалар едің, тыныш, ауасы таза, шыбыншіркей жоқ, суы таза, тұнық, шөбі шүйгін төрт- түлік ұстауға қолайлы
жер- дейді шал.
- Жайлауыңа демлып жататын уақытым жоқ, тезірек немереңді алтын
сақасымен бер ,- дейді құбыжық
Шал мен кемпір немересін алып жайлауға көшіп келеді. Азат бір

-

-

тостақ айранды сіміріп салып, өріске жүгіреді.Төрт-түліктің төлдері
бозінгеннің сүйкімді ботасын, торы биенің қасқа құлынын, сиырдың
ақ маңдайлы бұзауын, саулық қойдың егіз қозысын қызықтап,
маңдайларынан сыйпалап келеді де, атасынан алтын сақасын
сұрайды.
Ата менің алтын сақам қайда? – дейді.
Б алам көшкенде таңбалы тастың жанына қалдырып кетіппін, сен
атпен барып әкеле қойшы дейді.
Ата қай атқа мінейін? – дейді немересі.
Жүгеніңді сылдыратып барсаң, бірнеше ғасыр бұрын бабаларымыз
алғаш қолға үйреткен күрең түсті шобыр (мініске жақсы, жүйрік ,
күшті) ат келеді соны мінерсің – дейді
Ата сонда жылқы малын қолға ең алғаш біздің жерде үйреткен бе?деп сұрайды немересі.
Әрине балам, - деп маңғаздана жауап бареді атасы.

Азат күрең түсті шобыр атты мініп таңбалы тастың жәніне келіп
алтын сақасын ала бергенде дөңгеленіп жатқан түсі суық зат
құбыжыққа айналады.Б аланы бас салып ұстай алады да:
- С енің атаң халқының амандығы үшін сені маған берді, бірақ сен
маған қажет емессің, алтын сақаңды бер де жөніңе кете бер,- дейді
Тәж вирусы алтын сақаны ала салып қаша жөнеледі.
С ол -ақ екен таңбалы тасқа тіл бітіп:
Б алам, бұл алтын сақа тажалдан халқыңды құтқартын киелі зат.
Құбыжық алтын сақаны иесінің қолынан алса күшін жоятынын білді.
С ақаңды қалай да өз қолыңа түсірсең күшіне ие болады.Қолыңа
түсірген соң, ел ордамызға жетіп, бәйтерекке шағылыстырсаң
құбыжықтан елімізді құтқарасың,
С ынақ себеп емес кеюге,
Қиын-қыстау қилы заманда,
Не болмаған байтақ даламда.
Тарихтағы талай боранда,
Мың жанып, мың өшкенбіз.
Сен батыр елдің ұрпағысың, қалың елдің тағдыры сенің қолыңда –
дейді.
- Қыран қазақ, берік іргеміз,
Құламаған елміз мүлде біз.
Таласқа түссе жан мен ту,

Жан емес маған керегі
Көк тудың желбірегені- деп
Азат күрең атқа қарғып міне сала тәж вирустың соңынан қуа
жөнеледі.
Таңбалы тас Азаттың соңынын:
- Балам еңкейіп адыраспан шөбінің бір бұтағын ала кет қажет кезі
болады, Арал теңізінен өткенде торсығыңды суға толтыра кетуді
ұмытпа, - деп айқайлап қала береді.
Вирус рахаттана күліп:
-Қызғалдақ пен алманың алғашқы ошағын уласам дүние жүзіндегі
өсімдік жойылады. Ал бидайды жойсам халқы аштықтан қырылады
-дейді.
Азаттың күрең атына қанат бітіп, құстай зулап вирусқа таяп қалды.
Таяқ тастам жер қалғанда Азат адыраспанды күрең аттың тұяғынан
шыққан ұшқынға тұтатып, түтінімен тұншықтырады.
- Қап бәлем, сен мені өсімдіктерді жоятын қасиетімнен айырдың деп
ашуға булығады.
Күндер өтеді тажал жеткізбейді. Арал теңізінен өткенде Азат торсығын
суға толтырады. Тажалға жақындап қалғанда торсықтағы суы шашып
жібереді.
- Қап бәлем, сен мені жан-жануарларды жоятын күшімнен айырдың, мен
енді ешкімді аямаймын деп уын шашады.
Азат жейдесімен аузы мұрнын орап:
Қашан от пен суға түспедік,
Жауған оқтан шықтық құламай,
Аштықтан да өттік жыламай.
Тек тазалық болса пейілде.
Қою қара түннен кейін де,
Таң атады нұрланып – деп тажалмен шайқаса бастайды. Тажалдың
қалтасынан алтын сақа жерге құлайды. Азат алтын сақаны тосып алып,
ел ордаға бет алады. Тажал уын шашқан күйі Азаттың соңынан қуады.
Бұл уақытта індет елді жайлай бастады. Адамдар науқастана бастады.
Азат құйыңдай ұшып, елордаға жетіп, алтын сақаны бәйтерекке
шағылыстырады. Сол сәтте шағылысқан сәуледен тажал шашқан уымен
қоса ғайып болады.Күрең атымен құстай ұшып, Азат аман-есен
қайғырып отырған ата-әжесіне келіп қуантады. Әжесі немересіне
құрт- майын, қымыз- қымыранын беріп әл жинатады.
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қараша
550
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі