400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Алтын сақа-2 балабақшасы

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұйымдастырылған оқу қызметі «Күншуақ» ІІ -кіші тобы

Білім беру саласы: Таным.

Оқу қызметінің түрі: Қарапайым математикалық түсінікті қалыптастыру.

Тақырыбы: «Биік-аласа».

Мақсаты:

Білімділігі: Суретте және өзіне тікелей жақын кеңістікте орналасу бағ1ытын ажырату мен атап көрсету.

Дамытушылығы: қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту

Тәрбиелігі: шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,көрсету,түсіндіру,жасату.

Көрнекілігі: үй; биік-аласа, үшбұрыш,төрт бұрыш -геометриялық пішіндерді дайындап қою.


Билингвальді компонент: биік-высокий-hidh, аласа-низкий-low,

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Қызығушылығын ояту кезеңі













Ой қозғау

Жылулық шеңбері

-Сәлеметсіздерме.

-Здравствуйте

-Good morning

Шарттық шеңбер құрайық,

Дөңгеленіп тұрайық.

Қуанамын менде,

Қуанасың сенде.

Қуанамыз бәріміз,

Арайлап атқан күнге.

Тәрбиеші:-Балалар бір жылда неше мезгіл бар?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінің ерекшеліктерін сұрау?

-Күз мезгілінде неше ай бар?


Ғажайып сәт.

«Қара және салыстыр» ойыны.

Екі бала тақтаға жақын келіп, одан екі үйді өз еріктерімен таңдап алуларын сұрау.

-Үйлер бірдей ме, жоқ әртүрлі ме?

-Дұрыс! Бір үй биік, ал басқа үй аласа.

-Бір-біріңе арқаларыңмен тұрыңдар, қайсың биік, қайсың аласа екенін көреміз. Бірі екіншісінен биік екен.

Балаларға үйлердің биік-аласа болатынын түсіндіремін.


Сөздік жұмыс: биік, аласа, биік-высокий, аласа-низкий



Бір-біріне жылы сөздер айтады.








Балалар: -Төрт мезгіл бар.

- Күз мезгілі

- Күн салқындайды, жапырақтар сарғаяды,жаңбыр жауады.

-Үш ай бар. Қыркүйек, Қазан, Қараша.




Қызығушылық танытады.




Үйлерді таңдап алады

Салыстырып, жауап береді.

Өзін көршісімен салыстырады.

Іздену ұйымдастыру

«Жолды көрсет» ойыны

Жұмыс дәптерінен тапсырманы орындау.

Шарты:Суретте берілген Нүрәлі мен Ақмаралдың үйлерін анықтау.

Мақсаты: Суретте және өзіне тікелей жақын кеңістікте орналасу бағытын ажырату мен атап көрсету.

-Нүрәлі қандай үйде тұрады?

-Ақмарал қандай үйде тұрады?

Нүрәлі аласа үйге дейін, ал Ақмарал биік үйге дейін жол салуларын сұрау.


«Үйдің шатырын жапсыр» ойыны.

Суреттен үшбұрышты табу.

-Суреттегі қай заттың пішіні үшбұрышты?

Шатыры үшбұрышты биік үйде Нүрәлі , ал шатыры үшбұрышты аласа үйде Ақмарал есімді қыз бала тұратынын айту.





«Менің Үйім»

Саусақтарымызды жаттықтырамыз.

Қазықтарды қададым,

Кірпіштерді қаладым.

Салып алып үлкен үй,

Сүйсініп көп қарады


Балалар суреттен үшбұрышты заттарды іздейді.

-Үйдің шатыры




-Биік үйде

-Аласа үйде

Балалар жол салады.

Қайталайды: биік-аласа,

Қайталайды

Биік-высокий

Аласа-низкий














Балалар саусақтарын кезек-кезек бүгіп жаттығу жасайды.



Рефлексивті қорытындылау

-Ақмарал қандай үйде тұрады?

-Нүрәлі қандай үйде тұрады?

Суретке қарайды

Шатырын жапсырады

-Аласа үйде

-Биік үйде


Күтілетін нәтиже:

Біледі: биік-аласа ұғымдарын .

Игереді: қағаз бетінде бағдарлай білуді; сол жақ-оң жақ.

Меңгереді: дайын пішіндерді орнына жапсыруды.















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13 қаңтар
820
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі