400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Алтын сақа-2 балабақшасы

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы


« Қош келдің , Жаңа жыл»

Мақсаты: Мектепке дейінгі балаларға Жаңа жылдық қойылымдарға эмоциялық әсер беру.
Міндеттері: Балаларды мерекеге қатысуға тарту, жеке тұлға қылып қалыптастыру; мерекелік оқиғалардың эстетикалық қабылдауын дамыту; баланың коммуникативті қасиеттерін ояту және дамыту, балалардың шығармашылық қабілеттері мен театрландырудың сүйіспеншілігін және жақсылық жасауға ұмтылуға тәрбиелеу; балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру

 балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.

Қатысушылар: Жүргізуші, Аязата, Ақшақар, Аққала, Тышқан балалар, ата - аналар..


Ойналатын ойындар: «Түрлі түсті қолғаптар» Шарты : әуеніне билеп жүреді әуен тоқтағанда түстерін тауып қатып қалады.Әр түс қарама-қарсы қатып қалады.

«Жаңа жылдық аққала» Шарты:Көңілді әуенмен жаңа жылдық ақ қаланы құрастыру сәндеу. Екі топқа бөлініп ойнау.


Балалар Жаңа жылдық әуенмен музыкалық залға би билеп кіреді.

Жүргізуші:
Шыршалар тонға оранған,
Далада ақ қарға таранған.

Естіледі көңілді күлкі.

Құттықтаймын барлығын Жаңа жылмен!
«Сағаттың соғуы»

(балалар сағаттың соғуын тыңдайды)

Жүргізуші: Қош келдің Жаңа жыл.
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймыз бәріңді,
Бақыт,шаттық,молшылық әкелсін
Бәрімізге жаңа жыл
Құтты болсын !

Құрметті ата-аналар,ұстаздар,балалар кіріп келе жатқан жаңа жыл мерекелерін құтты болсын,жаңа жылда баршаңызға деннің саулығын,отбасыларыңыздың тыныштығын тілеймін.
Бүгінгі «Алтын сақа »балабақшасында өтіп жатқан Қош келдің Жаңа жыл»атты ертеңгілімізге қош келіпсіздер.

Жаңа жылдық тақпақтар

Аянат:

Мол сыйлықпен келер ол

Шырқатып ән салар ем

Жылдамырақ келсе екен

Бізге сыйлық берсе екен

Амирхан:

Дед Мороз хороший

Хлопает ладоши

В валенках шагает

Ёлку, зажигает.

Амина:

Аққар жапты даланы

Ақ жамылды айнала

Жарқыратып шамдарын

Шырша келді ортаға

«Шыршаға бардық» әні . Хоровод

Әннен кейін балалар шеңберге тұрады, музыка ойнайды және Аққала кіреді.

Аққала
Сәлем, менің достарым!
Мен –
Аққаламын
Жаңа жыл құтты болсын,
Жаңа жыл
құтты болсын!

Мені күттіңдер ме?

Балалар. Иә!

Аққала:Мен жыл сайын аязым мен қарымды алып келемін. Мен ағаштарды, бұтақтарды, үйлерді, жолдарды әдемі, ақ ұлпа көрпеге ораймын.
Жапалақтап ала қар
Жауды күнде қайталап,
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап.
Жұлдыз болып ағамыз
Ақ мамықтың үстімен.
Біз спортшы боламыз,
Үлгі аламыз күштіден.

Аққала:. Жаңажылдық ертегіге бәрі дайын, тек оның басты кейіпкері – Аязата әлі жоқ. Бірақ маған ол жетіп қалған сияқты.

Аққала: -Алақай ендеше менің кішкентай достарым би билеп берсін.

Би «Аққала

«Аққала » Би (ұлдар билейді)

Бәрі бірге: «Аязата! Аязата!»

Музыканың сүйемелдеуімен Аязатамен Ақшақар кіреді.

Аязата.
Сәлеметсіздер ме,

балалар! Салеметсіздер ме, қонақтар! 

Жаңа жыл мерекесімен барлықтарыңызды құттықтаймын!

Міне, мені сиқырлап өздеріңе жеткіздіңдер . Жарайсыңдар!.

Аққала: Аяз ата, Аязата, шырша әлі дайын емес, мұндай жағдайда біз қалай ән айтамыз: шыршаның шамдары жанған жоқ қой!

Аязата.-Аққала асықпа мені балалар сиқырларымен сиқырлап шақырды .Шырша шамдары жарқырар.

Аяз атамен балалар: «Шыршамыз, шамдарыңды жарқырат» – дейді, шыршаның шамдары жанады.

Аязата. Жарайсыңдар балалар ,Құтты болсын жаңа жыл.

Жүргізуші. Аязата,Ақшақар! Біз сіздерді көп күттік, ал балалар қызықты өлеңдер дайындап қойды. Тыңдап көріңіздерші!

Айша:

Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған.
Міне, сұлу шыршамыз 
Көптен күтіп сағынған.

Мирас:

Жаңа жыл,Жаңа жыл

Жаңа жылда жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр

Еркеназ:

Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

«Жаңа жылдық аққала » ойыны

(Есіктің, тарсылдатқан дауыстың жазбасы.)
Аяз Ата: Балалар!/ Бұл кім екен келген! Мүмкін Жаңа жыл шығар жеткен! Кім келгенін білу үшін Жұмбақты шешіп көріңдер: Кішкене ғана бойы бар.

Шап-шағын ғана іні бар.

Мысықты көрсе тығылар. Ол кім?

Балалар: тышқан (Музыка. Залға 2020 жылдың иесі — «тышқан» кіреді.)


Тышқан: мен кішкентай тышқанмын. Жылға талас болғанда, түйенің басына шығып, жылды жеңіп алғанмын. Жалқаулықты сүймеймін.


Ақшақар. Аязата, балалармен ойын ойнап ,би билегің келеме?

Аяз ата.Балалар жүздерің жарқын екен ,жарайсыздар өнерлерің өрге жүзсін .

«Тышқандар» Би (қыздар билейді)


Жүргізуші:
Жаңа жылда бақшамыз,
Гүлдей болып жайнасын.
Аман болсын барлық бала,
Шат-шадыман ойнасын.


Ойын:. «Жаңа жылдық қолғаптар»


Тақпақтар:

Айару Болат:

Тамаша,тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

Жантөре:

Новый год,новый год

Елочка и хоровод

Шарики ,зайки

Будет всем подарки,

Айару:

Ақ қар жапты даланы

Ақ жамылды айнала

Жарқыратып шамдарын

Шырша келді ортаға


Аяз Ата: Жаңа жыл бірлік берсін елімізге, Береке, ырыс келсін жерімізге.
Жаңа жыл құт-береке әкеп,
Қуаныш шашу шашсын төрімізге.

«Аяз ата» әні . Хоровод

Жүргізуші:
Ән тындап, би биледік бүгін тойда,
Қалады бүгінгі күн ойымызда.
Демалып Жаңа жылға қадам бастық,
Жаңа жыл құтты болсын баршамызға!

Бірге. Құтты болсын Жаңа жыл!

Жүргізуші: Осымен «Күншуақ»тобының « Қош келдің , Жаңа жыл»атты мерекеміз аяқталды. Назарларыңызға рахмет! Би билеп балалар шығып кетеді.


















«ОРДА Султан» ЖШС «Алтын сақа» балабақшасы





« Қош келдің , Жаңа жыл»





«Күншуақ» тобы

Тәрбиеші: Асан Қапиза. Абылайқызы.



2019 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
507
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі