400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алтын сақа ертегісі желісінде ересек топ балаларымен өткізілген ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балабақшадағы ересектер тобындағы балалармен

өткізілген ашық сабақ.

Ершеева Мақпал Қанатқызы

Таран ауданы әкімдігінің

«Калинин балабақшасы» МКҚК,

қазақ тілі мұғалімі

Тақырыбы: « Алтын сақа» ертегісі.

Мақсаты: «Алтын сақа» ертегісі желісінде мектепке дейінгі балалардың қазақ тіліне деген қызығушылын арттыру.Қазақ халқының ертегілерімен таныстыра отырып,оларға құрмет көрсетуге тәрбиелеу.өткен тақырыпты пысықтау.

Сабақтың барысы: (қазақша күй ойналып тұрады)

-Сәлеметсіздер ме? Балалар.Халдарың қалай?-Балалар,бүгін бізге қонақтар келіпті.қонақтармен амандасайықшы.Сәлемдесу.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз айларын атаңдаршы.

(Есік қағылады.Хат әкіліп беріледі)

-Балалар,айтыңдаршы,хат кімнен келді деп ойлайсыңдар?(Балалардың ойлары)

-Олай болса,тыңдаңдар.(Хаттың сыртында баланың суреті бар)Хат Асан атты баладан келіпті.

-Ол қай ертегі кейіпкері кім айтады?

-Дұрыс айтасыңдар. «Алтын сақа» ертегісінің кейіпкері.Тыңдаңдар(хат оқылады)

-Сәлеметсіздер ме?Балалар!Мен Асан деген баламын.Менің алтын сақамды мыстан кемпір алып қойды.Менің алтын сақамды алып беріңдерші.(осы жерде Асанның суреті тақтаға ілінеді)

-Көмектесеміз бе?-Қалай көмектесеміз? (беті жабулы сандық тұрады.Ішінде асықтар салынған)

-Балалар,мынау не?-Сандық.Бұл сандықта не бар деп ойлайсыңдар?-Бәлкім осы болар алтын сақа.Қараңдаршы.Енді түсіндім бұр жәй асықтар.Бұл асықтарда тапсырмалар жасырып қойыпты.(осы жерде мыстанның суреті тақтаға ілінеді)

-Кел (Артем) сен бір асықты ала қойшы.Түсі қандай?-Мен тапсырманы оқимын.

(осы жерде сандықтың суретін тақтаға ілдіремін)

1.Тапсырма: «Не жейді?» ойыны.-Балалар,жәй ғана сызып қоймай, «жейді,жемейді» сөздерін қоса айтып,толықтай жауап береміз.(Қоян сәбіз жейді)

Екінші бала шақырамын.Ол сандықтан тағы бір асық алады. Түсі қандай?-Мен тапсырманы оқимын.

2. Тапсырма: «Ғажайып қоржын» ойыны.(Экраннан ойнатамын)-Бұл не?-Түсі қандай?

-Дәмі ше?

Үшінші бала шақырамын.Ол сандықтан тағы бір асық алады. Түсі қандай?-Мен тапсырманы оқимын.

3.Тапсырма: «Дене мүшелерін ата» Толық айтып үйренеміз.Мынау көз. Т.с.с.

Төртінші бала шақырамын.Ол сандықтан тағы бір асық алады. Түсі қандай?-Мен тапсырманы оқимын.

4.Тапсырма: «Кім жылдам» ойыны. Отбасы мүшелерін атау.-Балалар,біз қандай тақпақ білеміз отбасы жайлы. Мой отец родной-әке.....

Физминутка. Аяқпенен топ-топ,ал қолменен хлоп-хлоп.

Бесінші бала шақырамын.Ол сандықтан тағы бір асық алады. Түсі қандай?-Мен тапсырманы оқимын.

5.Тапсырма: «Не жетпейді,соны сал», «Көкөністерді сана»

Алтыншы бала шақырамын.Ол сандықтан тағы бір асық алады. Түсі қандай?-Мен тапсырманы оқимын.

6.Тапсырма: «Азық-түлік дүкенінде» Шарты бір-бір баладан шақырып алып,кімге не керек? Қазақша талап етемін. Мыс: -Маған сүт керек.(балалардың назарын бос сандыққа аудару.-Балалар, біз алтын сақаны әлі таппадық,енді не істейміз.-Жарайды әзірге бүгінгі сабақты есімізге түсіріп көрейік,бәлкім табылып қалар.)

Сабақты қорытындылау.Тақтадағы суреттерге қарап сабақты еске түсіреміз.

-Балалар,бүгін біз не істедік.Бәрін рет-ретімен еске түсірейікші.

-Сендерге сабақ ұнады ма?

-Олай болса, сандыққа жақындап тағы да көрейікші.(сандық ішінен алтын сақа шығады.Балаларға алтын сақа іспеттес сақалар таратамын) Марапаттау.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
4013
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі