Материалдар / Алтын сақа интеллектуалды ойыны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Алтын сақа интеллектуалды ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
2-4 сыныптар арасында ұйымдастырылып отырған Алтын сақа интеллектуалды ойыны
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қазан 2020
345
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

"Алтын сақа" интеллектуалды ойын

Мұғалім: Әліман Г.Б

Күні: 11.03.2020ж

Тақырыбы: "Алтын сақа" интеллектуалды ойын

Сыныбы:2-4 сыныптар

Мақсаты: Оқушылардың бойында салт - дәстүрге деген сүйіспеншілікті одан әрі дамыту, оны әрқашан құрметтеуге баулу. Оқушылардың білім деңгейін байқау
Өз отбасын, Отанын сүйіп, әдепті болуына бағыт - бағдар беру.

Кіріспе бөлім:
-Құрметті ұстаздар, сайысқа қатысатын ұландар! Бүгін 2 - 4 – сынып оқушылары аралығында өткізгелі отырған «Алтын сақа» ойын – сайысын көріп тамашалайсыздар. Бұл сайысқа әрбір сыныптан өздерінің ұлттық намысын топпен бірге көрсете алатын оқушылар қатысып отыр.

-Балалар, «сақа» дегеніміз не ?( Сақа - асықтың ең үлкені, ірісі.)

-Міне, осы сақанын көмегімен ойнымызды өткіземіз.

- «Алтын сақа» ертегісінің кейіпкерлерін білесіңдер ме?

(Бала, әкесі және жалмауыз кемпір, төбеттер, түлкі,қарғалар)
-Балалар сайысымызды бастамас бұрын біз дорбағы асықтар арқылы топқа бөлініп алайық.(Дорбадағы асықты алу арқылы оқушылар 5 топқа бөлінеді)

Оқушыларды топқа бөлу

І топ: Тапқыр тобы
ІІ топ: Намыс тобы
ІІІ топ: Жігер тобы

IV топ: Алғыр тобы

V топ: Білімді тобы

Ұландар өнеріне әділ қазы беретін әділ қазыларымызды таныстырып өтейік.
1. Мектебіміздің директоры Айжан Жақыпбекқызы

2. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Рахия Абдрахимовна

3.

Сайысымызды бастамас бұрын «Алтын сақа» сайысының кезеңдерін таныстырып өтейін. Сайыс 4 бөлімнен тұрады.

1.Жалғасын тап
2.Кім шапшаң?
3.
Мәнін ашу.
4.Кейіпкердің сұрағына жауап беру
І кезең:Жалғасын тап.
Ойынның шарты: Мен мақалдың бастапқы қатарын айтамын, келесі жолы топ жалғастырады және сендер таңдаған ұяшықтың ішінен «Алтын сақа»ертегісінің кейіпкерлері кездессе қосымша ұпайға ие боласыңдар. Бай баласы кездессе 30 ұпай, бай кездессе 20 ұпай, жалмауыз кемпір кездессе 10 ұпай, төбет ,қарлығаш, қу түлкі кездессе 5 ұпай еншілейтін боласыңдар. Ұяшықтардағы сұрақтар ұпайға байланысты күрделеніп отырады. Ең оңай сұрақтар 10 ұпайдан басталады, ары қарай күрделене түседі. Ал енді іске сәт.

Интербелсенді тақтадан ұяшықты таңдау арқылы мақалдың жалғасын табады.

1.Өз үйім... (өлең төсегім)
2.Батыр туса ел ырысы,...
(Жаңбыр жауса жер ырысы)
3. Асыл тастан шығады,...
(Өнер жастан шығады)


4. Ашу асып жүрген жерде,

(Ақыл қашып жүреді.)


5.
Өзге елде сұлтан болғанша,
(Өз еліңде ұлтан бол)

6. Саусақ бірікпей, (ине ілікпейді)


7. Киіміне қарап, қарсы алады,

(Біліміне қарап шығарып салады.)
8.
Бұлбұл гүлзарын сүйеді,
(Адал адам Отанын сүйеді)

9. Жаста оқыған оқуың

(Тасқа жазғанмен бірдей.)

Үлкейгенде оқыған оқуың,

(Мұзға жазғанмен бірдей)


ІІ. «Кім шапшаң?» ойыны
Ойынның шарты, интербелсенді тақтадан ұяшық таңдап жаңылтпаш оқисыңдар , сол жаңылтпашты жаңылмай, мүдірмей қайту керек және тез айтады сол топ ұпай еншілейді.

1 0 ұпай.

Шеше, шеше, неше кесе,
Сынды кеше.

10 ұпай
Омартаға балалар барар,

Балаларды аралар талар


10 ұпай

Біреуі көрікті кісі,

Біреуі бөрікті кісі.

Көрікті кісі – зорықты,

Бөрікті кісі – қорықты.


20-ұпай.

Қырқада қырық арқар бар.

Қырық арқарда ақ арқар бар.

Алты арқарда марқа арқар бар.


 20 ұпай.

Үш кіші ішік піштім,

Бес кіші ішік піштім,

Неше кіші ішік піштім?


20 ұпай.

Екеуінің жасы шамалас,
Бірінің шашы қара шаш
Екіншісінің шашы ақ шаш аралас.


20 ұпай.

Ағам талай ат тағалады

Ағам қалай ат тағалады.

Қалай ат тағалағанын

Білсем, мақтана аламын,

Білмесем, ұлтқа қаламын



30 ұпай.

Тасбақа құмын іздеді,

Қасқыр жемін іздеуі

Шымшық шыбын іздеді,

Ал інім кімін іздеді?

Інім тайын бүгін іздеді,

Тайын тауып маған: «Мініңіз!» - деді.

Арман атай, аралағаны – Тарбағатай.

Арман атай атын


30 ұпай

Сабақта Санаттың

ұйқысы келді,

Санатқа қанаттың күлкісі келді.

Алқан астық. Аптап-ақ!

Жұмыс қауырт қат-қабат!

Астық жинап қаптап ап,

Таппидық бір сәт тағат!


ІІІ. Мәнін ашу.
Бұл кезеңде тұрақты сөз тіркестерінің мәнін ашуларың керек.


  1. пай

1.Жерге кіріп кете жаздау - Ұялу.

2. Ит арқасы қиянда, ит өлген жер - Алыс, қашық

3.Арасынан қыл өтпейтін - Тату, дос

4.Қой аузынан шөп алмас -Момын


20 ұпай

5.Жанын қоярға жер таппау – әлек болу

6.Жарғақ құлағы жастыққа тимеу – тыным таппау

7.Жұмған аузын ашпау – сөйлемеу


30 ұпай

8.Иығынан дем алу – мақтану

9. Қабағы кірбің тартты – ренжіді

10. Қысқа жіп күрмеуге келмейді – кедейлік


ІҮ.Кейіпкердің сұрағына жауап беру. Әр топтағы топ басшылары ұяшықты таңдау арқылы дайындаған сұрақты топ мүшелеріне оқып береді. Әр топ жауап береді. Дұрыс және толық жауап берген топқа 10 ұпаймен бағаланады.

Қорытындылау. Марапаттау
Сөз кезегін әділ-қазы алқаларына беріледі. Қазылар алқасы әр сыныптың ұпайларын айтады және марапаттайды.

Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Қатысқандарыңыз үшін рахмет. Келесі кездескенше сау болыңыздар

























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!