400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Алтын сақа" сайысы, 5-сыныптар арасында

Материал туралы қысқаша түсінік
"Алтын сақа" сайысы, 5-сыныптар арасында
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Алтын сақа»

математикалық топтық сайысы


Мақсаты:

  1. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың

білімге қызығушылығын арттыру.

  1. Топпен жұмыс істеуге, логикалық ойлау, танымдық қабілетін дамыту.

  2. Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: Топтық сайыс

Типі: Ойын түрінде

Әдіс-құралдар, көрнекіліктер: нақыл сөздер, ақпараттық құрал, слайдтар


Жоспары:

1. Таныстыру (топтың аты, ұраны).

2. «Асығың алшысынан түссін!»

3. «Өнерлі өрге жүзер»

4. Сиқырлы ұяшықтар

5. Сыр сандық құпиясы


Сайыстың барысы:

Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер!

«Алтын сақа» ойынына қош келдіңіздер.

Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді.

Ортаға 5 "а" және 5"б"сынып оқушыларынан құралған екі топты

шақырамыз.

Жүргізуші: Шеберлікті, білімді сараптап сіздер көріңіздер

Әділқазы алқасы әділ баға беріңіздер! — дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне

баға беретін әділ қазыларалқасын ортаға шақырамыз.


1. Директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары: Гүлнұр Амангелдіқызы

2. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Бауыржан Арыстанбекұлы

3. Математика пәнінің мұғалімі Талғат Зейнолдаұлы

4. Математика пәнінің мұғалімі Назгүл Қалибекқызы


Сайысымыз «5», «4» және «3» ұпайлармен бағаланады. Екі топқа да сәттілік тілейміз!

Жүргізуші: Қазір ортаға топ басшыларан шақырайық. Алтын сақа ойынын ойнатамыз. Топ басшыларының мергендіктері сыналады. Кім көп асық атып түсірсе, сол топ бірінші бастайды.

Жүргізуші: Ендеше сайысымызды бастайық. І- кезең. «Таныстыру».

Әр топ өздерін таныстырады

Жүргізуші: 5 «б» сынып оқушысы Сеитова Жаннұрдың орындауында «Тауыс» биі. Қарсы алыңыздар!

Жүргізуші: Халқымызда «Асығың алшысынан түссін» деген жақсы тілек бар. Біз де екі топқа сәттілік тілей отырып келесі кезеңді бастаймыз. Екінші кезеңіміз «Асығың алшысынан түссін» деп аталады.

Жүргізуші: Бұл кезеңде әрбір топ мүшелері кезегімен асық иіреді. Кімнің асығы сақа болса, яғни «алшы» түссе сол ойыншы сұраққа жауап береді. «Бүк» немесе «шік» түссе, сұраққа жауап бере алмайды. Ал егер «Тәйке» түссе ұпайы екі еселенеді. Ойын шарты түсінікті болса, бастайық!

Жүргізуші: 5 «а» сынып оқушысы Сүлеймен Есілдің орындауында «Ата толғауы» күйі. Қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: «Өнерлінің өрісі кең», - деген келесі сайсымызда әр топ өз өнерлерін көрсетеді.

III-кезең «Өнерлі өрге жүзер» деп аталады.

Жүргізуші: 5 «б» сынып оқушысы Айкенова Таңбибінің орындауында Ықыластың күйі «Жезкиік» .

Жүргізуші:«Біліп қою аз, сол білгенді істеп, қолдана білуің керек.

Ниеттену аз ғана, сол ниетіңді іске асыруың керек»- депті неміс жазушысы Гете.

Төртінші кезең «Сиқырлы ұяшықтар» деп аталады. Бұл кезеңде әрбір топ мүшесі қоржыннан асық алады. Асықтың түсіне сәйкес топқа сұрақ қойылады. Ұяшықтарда логикалық сұрақтар және математика пәнінен есептер болуы мүмкін. Егер жауабын білмесеңіздер келесі топ жауап беруге болады.

Жүргізуші: 5 «а» сынып оқушысы Ержан Ернұрдың орындауында «Лезгинка» биі. Қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Сайысымыздың соңғы кезеңі «Сыр сандық құпиясы» деп аталады. Алтын сандықшаның ішінде танграммалар яғни кескіннің қималары болады. Әр топ өздеріне берілген қималардан бір кескін шығару қажет. Кескінді жылдам, әрі дұрыс құрау керек.


Жүргізуші: Ғылымдардың патшасы атанғансың,

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа!

Жасықтан емессін сен қаталдансың.

«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін

Нағыз пән – математика атанғансың! –

дей келе қазылар алқасы ұпайларды есептеп

болғанша Анельдің орындауында Әні

Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың қорытындысын шығару үшін әділ- қазы мүшелеріне сөз кезегін береміз.

Жеңген топ анықталып, марапатталады.











































"Б О Л А Ш А Қ " т о б ы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
16 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
15984
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі