жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Алтын теңге тәрбие сағаты
Ашық тәрбие сағаты
Сынып жетекшісі: У.Т.Олжаева
Тәрбие сағатының тақырыбы: Алтын теңге
Сабақтың мақсаты: Тәуелсіздік - еліміздің ең бірінші айрықша белгісі
Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге тарихымен таныстыру, білімдерін кеңейту. Жас ұрпақты отаншылдыққа, елжандылыққа тәрбиелеу. Туған жеріне, Отанына сүйіспеншілігін ояту.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ақшаның түрлері, мерейтойға арналған ақшалар түрлерінің буклеттері, плакаттар ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ ХАБАРЛАЙДЫ, ТЕҢГЕ 2006; слайдтар; жұмбақ, тест; нақыл сөздер «Ұлттық валюта ретіндегі теңге, біздің еліміздің тарихында өзінің рөлін тәуелсіздіктің экономикалық негізі ретінде ғана атқарған жоқ. Кейбір жағынан алғанда теңге – бұл тарихымыздың өзінің толымды бір бөлігі, өз заманының нысаны» Н. Назарбаев, «Теңге – мемлекет келбеті», «Ақша – асыл қазына, халық байлығы» «Теңге – ұлттық табыстың кепілі»
1-жүргізуші: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сөзінде:
«Айналайын, халқым! Сенің мүддең жолында бойдан қуат, ойдан нәр – бәрін аянбай сарп етуге пейілмін, қандай да қасіретке қабырғасы қайысса да қаймықпай төзе білген, қажырлы да қайсар қазақ халқының алдында мен бас иемін... Менде қазақтың елдігін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігін нығайтудан басқа мақсат та, арман да жоқ... Осы елдің Президенті ретінде де, осы ұлттың бір перзенті ретінде де дәйім көңілімнің төрінде тұратын – туған халқым»
Экраннан салтанатты әуен естіліп, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» деген жазу шығады.
Бәрі бірге: Мың жаса, Тәуелсіз Қазақ елі!
«Мен Қазақпын»
Республика! Ерiктi ел Қазақстан!
Келдi ақыры көптен күткен жаз алыстан,
Келдi аңсатып, алыстатып, армандатып.
Торды бұзған, мен де бiр мәз арыстан.
Желдей еркін, түздей кең, таңдай азат,
Мен қазақпын деген де қандай ғажап!
Мақтан етсін атақты туыс атын.
Жетер сан жыл шеккені малдай азап.
«Қазақпын» деп досқа айтам ұғысатын,
Мақтан етсін атақты туыс атын.
«Қазақпын» деп жауға айтам қасақана,
Біліп қойсын болса ойы жұғысатын...
Мен қазақпын қаныммен, сүйегіммен,
Сән-салтанат, салтымды сүйемін мен.
Бақ орнатам басына моланың да,
Мұрагерім оған да, иемін мен.
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім...
2-жүргізуші: өлең: «Қазақ елі» Орындаушы: Серікұлы Аян
2-жүргізуші: 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Презтдент Мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілеп отырады. Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз, демократиялық мемлекет. Оның өз Ата заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар.
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлімінде пайдаланылатын Заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы.
Ақшаның даму кезеңі
VII ғасырда ақшалар мыстан, күмістен және алтыннан жасалды. Металл ақшалардың монета т.ріндегі формасы бұл олардың соңғы формасы болып табылады. Бастапқы кездері айналыста бірқатар елдер ХІХ ғ. Екінші жартысында өтті. Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды өзінің отар елдерімен бірге ағылышын елі алған. Металл айналасында өтуге және алтынның ақша қызметін атқаруына оның қымбат бағалы металл ретіндегі мынадай қасиеттері себеп болған: оңай бөлінетіндегі және қасиетін жоғалтпай бірігетіндегі, сақталғыштығы, өндірілуі.
Алғашқы қағаз ақшалар
Алғашқы қағаз ақшалар ХІІ ғ. Қытайда, 1690 жылы Ұлыбритан отары болған солтүстік Америкада, 1762 жылы Австрияда және 1769 жылы Ресейде пайда болды. Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылады. Қазіргі кезде қағаз ақшалар Қазыналық билеттер түрінде он елде (АҚШ, Италия, Индия т.б) сақталған. Кешегі КСРО-да 1961 жылы болған ақша реформасында соңғы рет айналымға шығарылып, кейіннен Ресейдегі 1991-1992ж. Ақша реформасы нәтижесінде алынып тасталды.
Қаазақ жерінде пайда болған монеталармен қағаз ақшалар
Қазақстанда металл ақша негізінен орта ғасырларға жататын және көне қалаларда, обаларда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылды. Қазақ елінің Ұлы Жібек жолының бойындағы орналасуына байланысты метал ақша жасау қажеттілігі ертеден қолға алынғанын бүгінде тарихи деректер дәлелдеп отыр.
VI-VIII ғасырларда билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер құйыла бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері VI-VIII ғасырдың І жартысында дейінгі аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде арыстан бейнесі бейнеленген. Мұндай теңгелерді Суяб, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда құйған.Сонымен бірге, Отырар маңындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалған. Отырарда ақшаның құйылғаны туралы 1967 жылы Самарқанд қоймасы ашылған соң анықталды. Осы қоймадан Х ғасырдағы Фараб теңгелері табылған. Біріншісі сәл ұмытылып секіргелі тұрған арыстан бейнеленген мыс тайпалық таңбасы бейнеленген теңге болған.
Біздің заманымыздың 704-706 жылдары Таразда арнайы теңгелер құйылып, айналымға енгізілген. Оның бетінде «Түргеш қаған теңгесі» немесе «Түркінің көк ханының теңгесі» анықтама жазулар болған. Бұл тайпалық дәрежедегі теңге емес, бүкіл мемлекеттңғ дәулетін, мүлкін, ел ырысын куәландыратын кепілдеме болған. Тарихи дерекьер Қарахан әулетінің билік құрған тұсында Қазақстан мен Орта Азия сауданың күшті дамығандығын көрсетеді. Осыған орай ақша шығару мен ақша айналымы кең өріс алған. Әсіресе, мыс, күміс ақшалар көп шығарылған.
ХІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІІІ ғ. Басында теңгелердің Отырардан шығарылуы Қазақстан жерінде сауда-саттықтың дамуына ерекше үлес қосқан. Ол дәуір мыс, күміс ақшалар өзінің салмағы бойынша алтынмен бағаланып, сауда айналымына енген. Сөйтіп Қазақстанның оңтүстік және батыс аудандарында Отырар ақшасы көптен тараған. 1271 ж. ақша айналымына енген жаңа реформа бойынша алтын ақша орнына күміс ақшалар көбірек қолданысқа енгізіледі. Бұл күміс ақшалар Қазақстанның Тараз, Кенже қалаларында шыңдау әдісімен әзірленіп шығарылған. Сонымен қатар, ақша тарихында Өзбек хан, Жәнібек хан, Бердібек, Наурызбек, Қызыр хандардың атынан шығарылған Алтын Орда теңгелерінің Жетісу мен Түркістаннан бастап, Еділ жағалауына дейін таралғаны белгілі.
2-жүргізуші: Домбыра, күй «Балбырауын» орындайтын Амиров Т, Дөкенов Е.
Алматы «банкнот фабрикасы»
1992 жылы мамыр айында «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспа фабрикасын құру туралы» Президент жарлығы шықты. Егеменді Қазақстанның тарихында тұңғыш рет, яғни 1193 жылғы маусым айында бағалы қағаздар шығару цехы іске қосылды. Ұлттық – валюта мемлекет егемендігін танытатын елтаңба, сондықтан оның айналымға енгізілуі Қазақстанның экономикалық және қаржылық тәуелсіздігіне қол жеткізуге жасалған алғашқы қадам болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкнот фабрикасы 1995 жылы 19-мамырда салтанатты түрде ашылды. Оның ашылуы рәсіміне еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.
Өскемен қаласындағы «Теңге сарайы»
1992-жылдың 13-қаңтар күні Алматыда үлкен жиын өтті, ол жиында отандық теңгені Үлбі металлургия зауытында шығару жөнінде шешім қабылданды. Республикалық мемлекеттік мекеме «Қазақстан теңге сарайы» 1992 жылы Үлбі металлургия зауытының базасында құрылып, жаңа цехқа жоғары білімді мамандары келді. Теңге өндіріс технологиясы химиялық өңдеу тәсілімен жүргізілді. Құрал-жабдықтардың бір бөлігін өзімізге жасауға тура келді. Ең алғашқы Қазақстан теңгесі 1992 жылы 13-қарашасы күні шығарылды. Бұл күн Қазақстан теңге сарайының туған күні болып саналды. 1993 жылдың жазында зауытқа шетелдік құрал-жабдықтар келіп түсті. Біртіндеп теңге шығару бөлімі ірі өндіріске айналды.
1993 ж. 12-қаращасында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы Жарлық шығарды. Осы жарлыққа сәйкес, 1993 ж,15-қарашада сағат 8-де Қазақстан мемлекетінде ұлттық валюта – теңге енгізілді.
1993ж. 18-қарашадан бастап, теңге Қазақстан Республикасында бірден-бір заңды төлем құралы болып тағайындалды. Ақша реформасын жүргізуге Қазақстан басшылары бір жарым жыл уақыт уақыт өте құпия жағдайда дайындалды. Алғашқы теңгені «Хариссон және ұлдары» компаниясы Англияда басып шығарды. Қазақтардың төл теңгені қағазға басып беру туралы тапсырысы компанияны әлемдік деңгейде алтын шығаруға себеп болды. Теңгенің арқасында «Хариссон жәнее ұлдары» Ұлыбритания королевасының «Алтын белгі» сыйлығымен марапатталып, біздің ұлттық валютамыз Британия королдігінің бас ғимаратында біздің ақшамыздың суреті салынған тақта ілінген.
«Теңге» атауы орта ғасырларда қазіргі ел аумағында өмір сүрген бабаларымыздың қолданысында болған тиын ақша – танганың құрметіне алынған.
Тәуелсіз мемлекетімізідің ұлттық валютасының – төл теңгеміздің кескін-келбетін жасауға Дизайнерлер Одағының басшысы Тимур Сүлейменов, Ұлттық банктің бас дизайнері Меңдібай Әлин, сондай-ақ, Ағымсалы Дүзелханов пен Хайролла Ғабжәлелеов сынды суретші-дизайнерлердің қосқан үлесі қомақты.
Теңге – бейнеленуі, орындалуы және қорғалуы тұрғысынан әлемдегі ең әдемі әрі замана талабына сай ақша белгісінің бірі. Сондай-ақ ол алтын-валюталық қаражат қорымен толық қамтамасыз етілген.
Алғашқы кезеңде теңгенің бірінші шығарылған қатары (1-100-ге дейін) мынандай номиналдардан тұрды:
1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар
1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар,
1, 3, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар
(бастапқыда қағаздан жасалған)
1-жүргізуші: Өлең «Атамекен» орындайтын Қалдыбаева А.
Теңгенің дизайны не себептен өзгерді?
Жаңа үлгідегі банкноттар 2006 жылы 15-қарашада ұсынылды. Соңғы уақытта қолдан жасау фактілерінің өсуі негізінен офистік компьютерлік, көшіру және басу техникасының өсіп отырған мүмкіндіктерге қатысты. Ақшаны қолдан жасаумен күрес саласы бойынша құқық қорғау ұйымдарымен бірлесіп жұмыстар жүргізілуде. 2006 жылдың басында Ұлттық Банктің филиалдары 8 айда жалпы сомасы 284,4 мың болатын 86 жасанды ақша фактілері табылды.
2006 жылы үлгіде банкноталар бірыңғай стильде орындалған, суреттер бет жағына негізінен тігінен, сырт жағында көлденеңінен орналасқан. Тұтастай алғанда, дизайн Қазақстанның қазіргі бейнесін көрсетеді, барлық мемлекеттік нышандар, сәулет объектілерінің және елдің табиғат ландшафттарының бейнелері кіреді. Банкноталардың бет жағында, орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі қазіргі заманғы Қазақстандық сәулеттің, конструкторлық және инженерлік ойдың жетістігі, Тәуелсіз Қазақстанның даму нышаны орналастырылған. Банкноттың ортасында түрлі-түсті жолақтарда ҚР-ның мемлекеттік гимн ноталарының фрагменттері бейнеленген. Оларға номиналдың сандық белгісі жазылған. Бәйтерек ескерткішінің сол жағында бір түспен сенімде шынайылықты және әділеттілікті білдіретін классикалық геральдикада ашық алақан бейнеленген.
Номиналы 200 және 500 теңге банкноталарда номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгілеуі оң жақ төменгі бұрышында тігінен, номиналы 1000, 2000, 5000 және 10000 теңге банкноталарда төменде сол жақта орналасқан. 200 және 500 теңгелік номиналдардағы «Қазақстан ұлттық банкі» деген жазу мемлекеттік Елтаңбаның астына, ал 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік номиналдарда тігінен төменде оң жақта орналастырылған. Сериялық нөмерлері бет жағына жазылған және банкноталардың қарама-қарсы екі бөлігінде орналастырылған.
Банкноталардың сырт жағында ландшафтардың және елдің аумағындағы қазіргі заманғы сәулет объектілерінің бейнелері бар. Олар Қазақстан картасының контурымен жиектелген. Сол жақта төменде және оң жақта жоғарыда банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгілеуі орналастырылған. Жоғарғы жақта ортада «Қазақстан Ұлттық Банкі» деген жазу және эмитент банктің логотипі басып жазылған.
Сарғылт – жасыл түсті. Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің үйі және Астанада Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың біреуі, артқы жағында ҚР Қорғаныс министрлігі және жайлау. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал орта жақ төменде – орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону» деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.
Көкшіл – сұр түсті. Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында ҚР Қаржы министрлігінң үйі, артқы жағында таулар. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал орта жақ төменде – орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону» деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.
Сарғыш қоңыр түсті. Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында Президент мәдени орталығының үйі, артқы жағында таулар. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал орта жақ төменде – орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону» деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан. Орталық бөлігінде «Астана - Бәйтерек» монументі бейнеленген. Банкноттың ортасында көк, қоңыр және жасыл жолақтарда Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагментері ақ түспен бейнеленген, осы жерге номиналдың сандық белгісінң контуры ақ сызықтармен жүргізілген.
Қою және ақшыл жасыл түсті. Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында Алматы қаласындағы Абай атындағы опера театры, артқы жағында тау өзені. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында «ҚАЗАҚСТАН Ұлттық БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону» деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.
Күңгірт қоңыр – қызыл түсті. Қазақстан картасының контуры, Алматы қаласында орналасқан Тәуелсіздік монументінің төбесі, «Қазақстан» қонақ үйі алдыңғы көрініс, артқы көріністе Іле Алатауының таулары. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғ ы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарғы орта тұсында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу және эмитент банктің логотипі басылған. Банкнотаны қолдан жасағаны үшін жауапкершілікті ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону» деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.
Күлгін – көк түсті. Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында Қазақстан Республикасы Президентінің Ақорда резиденциясы, артқы жағында каньондар. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эминент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасағаны үшін жауапкершілікті ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону» деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.
1-жүргізуші: Хор «Атамекен»
Республикада ақша айналысындағы монеталармен қатар Мерейтойлық және ескерткіш монеталар да қолданылады. Мерейтойлық және ескерткіштік монеталар оларда белгіленген құнға сәйкес төлем қабілетіне ие, бірақ олар негізінен мәдени – ағарту мақсатында шығарылған. Әдеттегідей, олар қатаң шектеулі таралыммен шығарылады және ҚР-нің аумағында және шет елдерде коллекциялық құнымен сатуға арналған.
Бұл жерде Түркістанның 1500 жылдығына, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінң 10 жылдығына арналған алтын монеталар, ұлттық валютаның 10 жылдығына арнап шығарылған бірінші түсті-түсті күміс монеталар, «Қазақстан Петроглифтері», «Қазақстанның қызыл кітабы», «Қазақстанның қолөнері», «Сәулет және тарихи ескерткіштер», «Көшпенділер алтыны», «Ертеде соғылған монеталар» сериясындағы монеталар сақталған. Мұражайға келушілер арасында Қазақстандық теңге сарайы шығарған – «Қызыл бөрі» «Регель қызғалдағы», «Шабандоз» алтын және күміс монеталар үлкен қызығушылық тудырады.
Ұлттық банк 2011 жылы 4 шілдеде Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған номиналы 10 000 теңгелік ескерткіш банкнотты айналысқа щығарды. Мерейтойлық банкнотпен қатар Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 50 000 дана монеталар дайындалып, 2011 жылы 1 қарашадан бастап айналысқа енгізілді.
2- жүргізуші: Төл теңгеміз жайлы көптеген мәлімет алдыңыздар деп ойлаймыз. Сіздерге жұмбақ жасырсам қалай қарайсыздар?
Ұлы тұлғалары бар,
Керек құнды қағаздар (...)
Мың ... болғанша,
Мың ақылды досың болсын (...)
«Айрықша белгісі»
Әлемнің тынысы
Байлықтың белгісі (...)
Ұлттық Банктің мұражайы туралы. Қазақстан валютаны жасау тарихын болашақ ұрпаққа сақтап қалу мақсатында 1997 жылы 19 қарашада Ұлттық Банктің мұражайы ашылды. Бүгініг күні қоры 5 мың матриалдық мәдениет заттарын жинастырған. Бұл жерде ХІІ-ХІV ғасырлардағы, қола және күміс монеталар, революцияға дейінгі Ресейдің, уақытша үкіметтің, РСФСР және КСРО-ның ақша белгілері, сондай-ақ ТМД елдерінің ақша белгілері сақталған. Мұражай қорында құны 5 және 10 рубль 1898-1899 жылдары шығарылған Николай ІІ патшаның бейнесі бар орыс алтын монеталары, Ұлы Петр, Екатерина ІІ, Николай ІІ бейнесі бар күміс монеталар бар. Сондай-ақ неміс рейчсмаркалары, орыс, поляк монеталары және Қытай, Мексика, Польша, Австро-Венгрия монеталары да бар.
Жәдігерлер арасында ерекше, мысаыл «жібек ақшалар», «опиумдық ақшалар» дегендер де аз емес. Құны 5000 теңге, салмағы 1 кг 925 сынамды күмістен жасалған Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған күміс монета мұражайға келушілерді өзінің өлшемімен және дизайнымен таңғалдырды.
2-жүргізуші: Еліміздің Тәуелсіздігі мен ұлттық валюта – ажырамас ұғымдар. Ал теңгеміздің орнықты болуы, сонымен қатар, қаржы саласының тұрақты болуы тәуелсіздігімізді арттыра түсетіні хақ. Барлық қазақстандықтарды келе жатқан үлкен мереке – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінң 20 жылдығымен және теңгеміздің төл мерекесімен құттықтаймыз. Тәуелсіздігінң 20 жылдығымен және теңгеміздің төл мерекесімен құттықұтаймыз. Баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір тілейміз.
1-жүргізуші: Теңгеміз көбейіп, табысымыз арта берсін! Бүгінгі сынып сағатымызға келегендеріңізген көп рахмет. Кездескенше қош сау болыңыздыр!
Қою

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген