400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алтын төрім -Астана

Материал туралы қысқаша түсінік
Астана туралы сынып сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алтын төрім - Астана

Тақырыбы: Алтын төрім - Астана
Мақсаты: а) Байтақ қазақ даласының иесі кім екенін алыс пен жақынға танытатын қазақ жерінің кіндігіне Ақ ордасын тіккен – жаңа Астана тарихымен таныстыру;
б) Астанасына қарап елін таниды дегендей, Астананың мемлекетіміздің биік мәртебесі, жоғары дәрежесі, елдік пен тұтастықтың, бірліктің тұтқасы екендігін таныту;
в) Екі ғасыр тоғысында Еуразия құрлығындағы ірі тарихи оқиға болып, тарихқа енген астанамыз - Астана қаласымен мақтануға тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, Астана қаласының суреттері, Қазақстан картасы, т. б.
Жүрісі
І. Ұйымдастыру
Құрметті оқушылар бүгінгі болып отырған «Алтын төрім – Астанам» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Әнұран
Жоспары:
1. Кіріспе - мұғалім сөзі
2. Сиқырлы сандар не дер екен?- оқушы шығармашылықтары
3. Астана айшықтары - суреттер сөйлейді
4. Жаса, жайна ару қалам - Астана!
ІІ. Негізгі бөлім:
Кіріспе:- мұғалім сөзі:.. Балалар, Қазақстан – біздің сүйікті ата мекеніміз. 1991 жылғы 16 желтоқсан - оның тарихындағы ұлы күн. Сол күні Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Қазақ халқы ғасырлар бойы аңсаған арманына жетті. Еліміз егемен мемлекет болды. Қазір қазақ мемлекетін жер жүзі біледі. Оның көгілдір туы Нью-Йорктегі әлем елдері туының арасында желбіреп тұр. Әнұранымыз дүние жүзінің әр жерінде қазақ тілінде шырқалады.
Санжар: Қазақстан: Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.

Аида: Дәуірлердің көшінде, Ел басы - деп шешімге. Отау тіккен Астана,
Сарыарқаның төсінде.
Мадина:Қазақстан өз егемендігін алғаннан кейін - 1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының жаңа Астанасы болып жарияланды. Ал 1998 жылы 6 мамырындағы Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып өзгертілді.
2. Сиқырлы сандар не дер екен?
Амангельдыі: Отанымның төрінде, Сарыарқаның өрінде. Ту ұстаған Астана
Әсем қала бас қалам. Заман жаңа ел жаңа, Күлімдейді кең дала.
Өз - Астанам өз ордам Сүйсінерім сен ғана.
Бегзат: Бой көтерді бір қала,
Ол біздің сұлу - Астана.
Астанада бәрі бар,
Қараймыз соған шаттана.
Мынау менің мекенім,
Астанада көсемің,
Әнұран - ақ көрсетер,
Қазақтың кім екенін.
Нұрболат:Астана жас қалам,
Жайнай бер жас қалам!
Өркендеп өренің,
Гүлдей бер Астанам!
Жүрегім лүпілдеп,
Баруға асығам.
Бітіріп мектепті,
Барармын мен саған.
Би:«Қаражорға сынып оқушылары
Санжар: Сұлу қалам - жас қалам,
Нұр төгілген бас қалам.
Шуақ шашып бәріне,
Өсе берші, Астанам!
Аида: Астанам мақтанышым,
Күн сайын күнге ұмтылған.
Халқыңа бар данасың,
Өмірге шын құлшынған.
Астанам арқадай кең,
Даналық мінез сақта.
Елбасы Нұрсұлтандай,
Жете бер жақсы атқа.
Мадина:Арасында дүрмектің,
Астанада жүрмекпін.
Бірақ Есіл өзені,
Бар екенін білмеппін.
Арайлы екен таңдары,
Көңілді екен жандары,
Көшелердің әдемі
Самсап тұрған шамдары.
Ерекше екен не керек,
Жолың түссе көре кет.
Астанамыз аяулы,
Қала екен ғой керемет!
Ән:«Астана»

Бегзат: Астанам сұлу қалам,
Төкті нұрын оған, Алла.
Сүйікті қалам - Астанам,
Жарқырай бер жас қалам.
Амангельды:Күміс күннің астында,
Желбірейді туымыз.
Қазақ деген халықтың,
Қызы менен ұлымыз

Ардақтайтын Астанам,
Мәртебелі бас қалам.
Көркейе бер күн сайын,
Алға қарай бас қалам!
Нұрболат: Жасыл желек оранған,
Әрбір көшең көк орман.
Сенде түлеп, сенде өскен,
Жас ұрпақта жоқ арман.
Заман жаңа, ел жаңа,
Күлімдейді кең дала.
Өз Астанам, өз ордам,
Сүйенерім сен ғана..
Астана айшықтары - суреттер сөйлейді
.
Жаса, жайна ару қалам - Астана!
Оқушылардың салған суреттерін тамашалау
.
ІІІ. Қорытынды:
Ерке Есіл жағасында бой көтерген, ерекше сәулеттік ландшафты бар, бірегей мүсіндік нышандары сап түзеген, жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған, өзгені сыйлап, өзінің жаңа астанасы мен өз елін шексіз мақтаныш тұтатын көп ұлтты және көп дінді халқы бар әсем де мейірлі астанамыз, міне осындай қала.







Қарлыкөл негізгі мектебі









Shape1

Тәрбие сағаты

2 сынып



Өткізген: Уразалина А.Д.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
778
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі