400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Алтын ұя- саялы мекен».

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ақсу қаласының № 10 бөбектер бақшасының» ұйытқысы, ізденімпаз, іскер басшы балалардың жан-жақты қорғалған, үйлесімді тұлға болып қалыптасуына жағдай жасауда. Балабақшамыздан ұшқан жас түлектеріміз мектепте оқып білім алуда.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Алтын ұя- саялы мекен».

Біздің балабақша ұжымы барлық мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерін Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан Халқына Жолдауын және білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарын сапалы орындауға және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жолында барлық күш-жігерді жұмсаймыз.

Еліміздің болашағы –жас ұрпақты тәрбиелеуде бесік –білім беру мекемесі Мектепке дейінгі кезендегі тәрбие –адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады.  Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі міндеттерінің бірі – өз Отаны мен туған өлкесіне сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерге құрметпен, қоршаған орта, отбасы, түрлі ұлт өкілдеріне адамгершілікпен қарауға тәрбиелеу деп көрсетілген.

Біздің әрқайсымыздың басты тілегіміз-бүлдіршіндеріміздің бақытты балалық шағы, лайықты білім алуы және сүйікті Отанымыздың білімді азаматына айналуы болып табылады.

200-ден астам бүлдіршін тәрбиеленіп жатқан балабақшаның болашағы жарқын. Олар асуы алда. Әр түрлі іс-шаралар, апталықтар, ертеңгіліктер мен ашық оқу іс-әрекеттері ұйымдастырылады, семинар-кеңестер жүйелі түрде ұйымдастырылып тұрады. Сапалы білім мен өнегелі тәрбиені әрбір бүлдіршіннің бойына сіңіру – мекеме қызметкерлерінің басты мақсаты. Бүгінге нақты бағдарлама жасай отырып, болашаққа ұмтылу, жетістікке жету жолында қызмет етіп келе жатырмыз. Балабақша қызметкерлерінің жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге деген талпыныстары нәтижесінде зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да қабілеттерінің қалыптасуы нәтижесінде оқу-тәрбие үрдісі алға жылжиды. Тәрбиешінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастыру – нақты міндет. Жаңа педагогикалық әдіс-тәсілді меңгерген әрбір тәрбиеші баланың жан-жақты қалыптасуына игі әсер етеді. Бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру балабақшадан басталатынын  ескеріп балабақша  үшін атқаратын жұмыстары көп екеніне дау жоқ.

Тәуелсіз еліміздің көк туын желбіретер ертеңгі азамат, ол бүгінгі бүлдіршіндер. Елбасымыз – Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз және оны қалыптастыру басты міндеттеріміздің бірі» деген.           

Тіл дамыту, көркем әдебиет, айнала қоршаған ортамен таныстыру, сауат ашу, «Театр қойылымы»  сабақтарында «Туған өлкем», «Менің Қазақстаным», «Менің елімнің рәміздері», «Тәуелсіз елім - Қазақстаным», «Абай өлеңдерін жаттауда....», «Аталар жолын ардақтаймыз» тақырыптарында сабақтар өткізіп,  қысқаша қойылымдар арқылы Отанына, халқына деген сүйіспеншіліктерін арттырып, патриоттық сезімдерін оятамыз.

Бүлдіршіндерге патриоттық тәрбие беруде ұлттық ойынның да мәні зор. Қазақ халқы ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарының, мінез – құлықтарының қалыптасуының құралы деп те ерекше бағалаған. «Арқан тарту», «Көкпар», «Қыз қуу», «Теңге алу» сияқты ойындарды қолданған және бұл ойындар арқылы балалардың икемділігі, тапқырлығы, батырлығы артып, париоттық сезімі оянады. Париоттық тақырыпта түрлі дидактикалық ойындар: «Киіз үйді құрастыр», «Кім қайда болды?», «Жалауға кім бірінші жетеді?», «Бір шаңырақ астында» т.б. ойындарды қолдануға болады.

Тәрбиеші балаларға үлкендерге құрмет көрсетуді, өз қатарларымен дұрыс қарым- қатынас жасауды, заттарға ұқыпты қарауды білдіретін сан алуан мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады. Бұлар әдет бола отырып, мінез-құлық нормасына айналады: сәлемдесу мен  қоштасу, біреудің көрсеткен қызметіне рақмет айту, алған заттын орнына қою, қоғамдық орындарда өзін мәдениетті  ұстау, өтінішін ізеттілікпен білдіру әдеті .

«Үйренер нәрсең-білім мен мейірімділік»-деп, Жүсіп Баласағұн  айтқандай, балабақша ұжымы әрбір күнін ізденіспен өткізеді.Балабақшамыз «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу  бағдарламасы» бойынша оқу-тәрбие жұмыстарын қазақ  тілінде жүргізеді. Балабақшамыздың көптеген жетістіктері бар.

Балабақшаның үрегі – ән-күй  залы. Ол  балалардың  күлкісінен  қуат  алады. Педагогтардың  балаға   қуаныш   сыйлауға,  талмай  еңбек  етуге  деген  тілегі  мен  талпынысы  балабақшаны  мейірімділік  пен  сүйіспеншілік  аймағына  айналдырды. Педагогтардың  кәсіптік  деңгейі –балабақшаның  қаңқасы. Кәсіптік  қызметімізде  бізге  көмектесетін  бақшадағы  әр  тәрбиешінің  шығармашылық белсенділігі,  жаңалыққа  құмарлығы. Жаңашылдық  пен  ізденімпаздық – міне   біздің  мекеменің  басты  ұстанымы.

 «Ақсу қаласының № 10 бөбектер бақшасының» ұйытқысы, ізденімпаз, іскер басшы балалардың жан-жақты қорғалған, үйлесімді тұлға болып қалыптасуына жағдай жасауда. Балабақшамыздан ұшқан жас түлектеріміз  мектепте оқып білім алуда. Тәуелсіз еліміздің бақытты балдырғандарына білім, тәрбие беруде балабақша ұжымы жаста болса біршама жетістіктерге қол жеткізді. Педагогтарымыз үнемі, шығармашылық ізденіс жолында. Ата-аналар пікірінше біздің  «Ақсу қаласының № 10 бөбектер бақшасы» - «балалардың саялы мекені».



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 ақпан
308
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі