жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Алтын ұям-мектебім, жүрегімнің төрінде"
Алтын ұям-мектебім, жүрегімнің төрінде
(Ашылуы. Ән – би. Фанфар ойнатылып, жүргізушілер сахнаға шығады)
1-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі қонақтар! Құрметті ұстаздар! Осы жыл киелі шаңырақ үшін ерекше, себебі білім ордасына - жарты ғасыр. Ұлы жазушы М.Әуезовтің есімімен аталатын бұл мектеп 1967 жылы құрылған. Қойнауында талай тарихты бүгіп жатқан білім ордасы осы жылдар ішінде мыңдаған шәкірттің жүрегіне нұр құйып, түлетіп ұшырды.
«Елу жылда – ел жаңа» демекші 50 жылда мектеп іргесі бекіп, керегесі кеңейген, бірлігі жарасып, ырысы тасыған бүгінгі Тараз қаласы М.Әуезов атындағы № 33 орта мектептің 50 жылдық мерейтойына қош келдіңіздер! «Алтын ұям - мектебім, жүрегімнің төрінде» атты салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз.
Бұл мектеп қарашаңырақ қабырғалы
50 жыл күміс қоңырау қағылғалы
Біздің мектеп киелі ордамызға
Жарты ғасыр толыпты құрылғалы
2-жүргізуші: Добрый день, уважаемые гости, учителя, ветераны педагогического труда! Здравствуйте, выпусники всех поколений! Мы рады приветствовать Вас на праздничном концерте, посявященном 50-летнему Юбилею нашей школы и сердечно поздравляем всех присустсвующих с этим знаменательным событием!
1-жүргізуші:
Өмір бойы мектебімді жыр етем,
Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.
Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,
Құтты болсын 50 жылдық мерекең!
2-жүргізуші:
Пятьдесят ...Прекрасная дата!
С днем рождения школы, друзья!
Быстро мчатся годы куда-то,
Их забыть нам с тобою нельзя.
Мы сегодня-большая семья.
Юбилей нашей школы встречаем.
Так давайте все скажем, друзья:
Школа! Мы тебя поздравляем!
1-жүргізуші:
Жарты ғасыр –Тарих боп толғанады,
Ұлы істер ұстаздармен жалғанады
«Елу жылда-ел жаңа» дәстүрімен
Музыкалық ән сәлем жолданады!
(Ән)
1-жүргізуші:
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген білім шырақ үлкені
Мектеп деген тәрбиеші ұрпаққа,
Мектеп деген даналықтың мекені.
Мұғалімнің пейілімен гүл көктеп,
Шәкірт жанын жібереді өрнектеп.
Кіп-кішкене тарыдай боп кіргенді,
Таудай етіп шығарады бұл - Мектеп!
Мерейтойдың ашылу салтанатының алғашқы құттықтау сөз кезегі мектеп директоры ___________________________беріледі.
(Ән)
1-жүргізуші:
Егер өмір алтын болса, зергері - мұғалім
Егер өмір теңіз болса, гауҺары - мұғалім
Егер өмір жүзік болса, көзі - мұғалім
Егер өмір нұр болса, өзі - мұғалім
Ұстаз алдында дәріс алмаған, ұстаз еңбегіне бас имейтін пенде жоқ . Мектеп-білім қазынасы, мұғалім-өмірдің арнасы десек, шәкірт өміріндегі ұстаздың орны ерекше. Ол дәріс үйретуші ғана емес, өмірге жетелеуші.
Бала- ұшқын. Ұстазы келіссе, маздап бір жанар. Ал сол баланың жалындап жануы үшін барлық күш жігерін жұмсайтын ұстаз!
2-жүргізуші:
Сегодня у нас юбилей-
Красивая круглая дата,
Какой бесконечной когда-то
Дорога казалась вам к ней!
Стремительно годы летят
Но сколько б их ни миновало,
А лет вам сегодня на вид
Еще удивительно мало.
Вы помните школьные годы:
Часы педсоветов, звонки,
И споры свои с педагогм
О тайнах юной души.
1-жүргізуші:
Жақсы адам-елдің тірегі
Байлығы туған халықтың,
Шапағын шашар үнемі,
Көгінде тұрған жарық күн
Ұстазым, сенің әр күнің
Әр сәтің тұрған бір ерлік! - деп ақын апамыз Фариза жырлағандай, бүгінгі салтанатты мерейтойымыздың құрметті қонақтары, мектебіміздің бұрынғы директорлары біздің ортамызда отыр.
Мектептің босағасы мың қолтаңба,
Көзге ыстық көрінеді білген жанға
Бәріміз бір қол соғып жіберейік
Бұрынғы басшы болған ұстаздарға
1.
2.
3.
4.
5.
6.
2-жүргізуші:
Сегодня мы хотели бы вспомнить директоров нашей любимой школы:
Кого-то нет, конечно, рядом с нами.
Они в небытие давно ушли
Их души, словно бабочки, порхают,
Пока их помнят их ученики.
1-жүргізуші:
Олай болса, өмірден озған жандардың рухына бас иіп, орнымыздан тұрып бір минут еске алайық.(Бір минут үнсіздік)
1-жүргізуші:
Салтанатты жиынымызға мектептің ірге тасын қалап, 1967-2017 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы № 33 орта мектебіне еселі еңбектерін сіңірген басшыларының ыстық лебіздеріне, ой-толғаныстарына сөз кезегін берейік. Ұстаздарымызды қошеметпен сыр-сұхбат алаңына шақырамыз.
2-жүргізуші:
Мы приглашаем на сцену директора школы
______________________________
_______________________________
(Ән)
1-жүргізуші:
Талайға талпынсын деп тұғыр бердің,
Талайға қолдан қайта ғұмыр бердің
Білмеймін, қанша жанның қарыздарын
Өзіңе үстінде бұл жұмыр жердің...
Өздерінің саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнап сан мың шәкіртті алдарынан шығарып салған, бүгінде зейнет жасына келген бір топ ардагер ұстаздарымыз бүгінгі мерейтойдың құрметті қонақтары.
Құяды бұл Мерейтой шуақ жанға,
Бас иген ұстазыңа патша, хан да!
Тағы да бір қол соғып жіберейік,
Ардагер асыл туған ұстаздарға!
2-жүргізуші:
Не вечна жизнь. Недолог срок людской.
Уходят ветераны на покой.
Мы благодарны им за честный труд.
Их знания и опыт не умрут.
Старению и годам вопреки
За старшими идут ученики.
Идут года. Вращается Земля.
Растят учеников учителя.
Сегодня в нашем зале присустсвуют педагоги-ветераны педагогического труда. Каждый из них подарил пламя своего сердца, огонь своей души школе, ученикам. Они и сейчас ещё горят, они и сейчас ещё дарят свой свет...
Давайте по апладируем их......
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
(Орысша оқушылар хоры)
1-жүргізуші:
Шежіресі мектептің жатқан аңыз,
Болашаққа білім алып аттанамыз
Ұстаздар бар - мектептің түлектері,
Солармен біз бүгін де мақтанамыз.
2- жүргізуші:
Педагог-одна из самых беспокойных професий. От человека, вступившего на этот путь, требуют с самого первого шага-мужество и бодрости. Мы приглашаем на сцену тех, кто уходил из школы под звуки школьного вальса и спустя несколько лет снова перешагнул порог школы, но уже в качестве учителя. Мы гордимся вами!
1.
2.
3.
(Вальс орындайтын: сынып оқушылары)
1- жүргізуші:
Тіл табысып, тәуба деп тәңірменен
Зейнет көрген уақыттың әмірімен
Ұл мен қыздар бой түзеп, ұрпақ өсіп,
Жайылған бәйтеректей тамырымен
Үміт болып, үлгі боп, үлкен болып
Аман-есен жүріңіздер арамызда,- дей отырып, мектеп тарихында № 1-ші түлектер деген есімдерімен тарих беттерінен мәңгілік орын алған 50 жыл ішінде ұшқан түлектеріміз бүгінгі күні қоғамда Тәуелсіз Қазақстанда, шартарапта еңбек етуде.
2-жүргізуші:
Перевернув ещё одну страничку,
Главу откроем о выпускниках.
Учитель каждым вправе здесь гордиться,
Он продолжается в своих учениках.
Мы называем годы выпускные,
А вы спешите показать себя.
Вы тоже были девочки смешные
И мальчики вы были хоть куда.
Выпусники пятидесятых-
Смелых и непредвзятых.
Вас приветствует Школа
Умных таких и весёлых.
1-жүргізуші: Мектептің 50 жылдық мерейтойына арнайы келіп отырған, алғашқы түлектердің ұстазы – _________________________ сөз береміз.
(_______________ өз естеліктерімен)
Мектептің 50 жылдық мерейтойына осы түлектердің бірқатары алыстан ат арытып келіп отырғаны қуанышқа қуаныш қосқандай!
Сөз кезегі М.Әуезов атындағы № 33 орта мектебінің әр жылдардағы түлектеріне беріледі. Құрметті түлектер, сүйікті мектебіміз жайында өз естеліктеріңізбен бөлісуге шақырамыз.
(Мектеп түлектері өз естеліктерімен бөліседі).
( қазақ сахнасында өз өнерімен тамсандырып жүрген бітіруші түлектердің видеолық сәлемдемесі)
(БИ.)
2-жүргізуші:
У каждой школы есть свои достоинства. Но есть и то, что их роднит и обьединяет. Это их выпусники. Наша школа по праву гордится своими выпусниками
с медалистами.
1-жүргізуші:
Қабыл
етіп қонақтардың тілегін
Тілегіңді
тұмар етіп жүремін
Кейінгіге жақсы
ісін үлгі етер,
Өздеріңдей
болса деймін түлегім,
Мектептің үлкен мақтанышы – оның түлектері. Елу жыл ішіндегі мектептің алтын медаль иегерлеріне қошеметтеп қол соғайық!
(Қазақша оқушылар хоры)
1- жүргізуші
Бүгін той! Көкейдегі жырды ақтарар!
Оралсыншы тілге әдемі шумақтар.
Самғатқан сан қыранды щаңыраққа
Қош келдіңіз, мәртебелі қонақтар!
Біз әлі жаңарамыз, өзгереміз
Біліммен мың мамандық меңгереміз.
Елу жылмен құттықтауға келіп жатқан,
Қонақтарға ретімен сөз береміз.
Мектебіміздің ыстығы мен суығын бізбен бірге бөлісіп, қай кезде де өз тараптарыңыздан игі бастамаларға тілеулес болып жүрген ізгі ниетті жандарға ризашылығымызды білдіре отырып қонақтарымызға сөз береміз.
______________________________________
1- жүргізуші:
Күн сайын биіктеген әр сатымыз,
Біздің бір тілегіміз, мақсатымыз.
Әрдайым ашық болып аспанымыз,
Білімменен шыға берсін жақсы атымыз.
Мектебім, мерейтойың құтты болсын,
Алтын ордам, шаңырағың мықты болсын!
Самғай бер, биіктерден биіктерге!
Шыға бер абыроймен биік төрге!
Осы салтанатқа - алтын ұя мектебіміздің 50 жылдық мерейтойына алыстан ат терлетіп, алтын уақыттарыңызды қиып, қуанышымызға ортақтасқандарыңыз үшін ұжым атынан алғысымызды айтамыз. Арада қанша жыл өтсе де, қанша жасқа келсек те, қандай адам болсақ та, балғын балалық шақтарымыз өткен алтын ұям-мектебіміз жүрегіміздің төрінде болатыны анық.
2-жүргізуші:
Завершая нашу встречу,
Задувает праздник свечи.
Тише стала музыка звучать.
Пусть сейчас мы расстаемся,
Только в сердце остается
День, который будем вспоминать.
Живи же, школа,много-много лет,
Пусть бьются беспокойные сердца
Тебе желаем света и побед
И мы с тобой навеки до конца.
На этом наш юбилейный вечер подошел к концу! До свиданья друзья, до новых встреч!
И сколько б ни промчалось лет,
33-я школа вам верна
Почаще приходите к ней,
Без вас она всегда грустна.
Почаще приходите к ней-
Вас много, а она одна
(Мұғалімдер хоры)

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген