400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алтынемел.5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

17.04.2018 жыл


5 сынып

Сабақтың тақырыбы:

«Алтынемел» ұлттық саябағында

Сілтеме:

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар, Интернет www.massaqet.kz «Алтынемел» ұлттық саябағында

Жалпы мақсаттар:

Оқытудың 7 модулін көрсету. Бұл тақырып оқушылардың өз ойларын айтуға, пікірталастыруға, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына көмектеседі.

Оқушылар «Алтынемел» ұлттық саябағымен танысады, дарынды оқушылар презентация жасайды.

Оқыту нәтижесі:

  • Сөздік қорларын байыту, ой-пікірін айта білуге үйрету;

  • «Жуан» сұрақтар қоюға үйрену;

  • Өздерін бағалауға үйрену.

Негізгі ойлар:

  1. «Алтынемел» ұлттық саябағын білу;

  2. Пәнге деген қызығушылығын арттыру;

  3. Өз ойларын қазақша айту арқылы ашылу, тіл дамыту.

Тапсырмалар:

І.Ұйымдастыру кезеңі 3 мин

А) кезекшімен сұхбат (сыныпты түгендеу);

Ә) оқушылармен сұхбат (тілдік ортаға ену).

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктемде ауа райы қандай болады?

- Бүгін ауа райы қандай?

-Бүгін сендерде неше сабақ болады?

-Қазақ тілі нешінші сабақ?

-Көңіл-күйлерің қалай?

Сабақ мақсатымен таныстыру (1 мин).

Сабағымыздың мақсаты: қазақша сөйлесу, мәтінмен танысу, сұрақ қою, пікірталастыру, бағалау, жоба қорғау

Бағалау критерийлері (3 мин).

- жауаптарды тек қазақша айтса - 10 ұпай;

- «жуан» сұрақтар қойса - 10 ұпай

- пікірталаста дәлелді, құнды ойлар айтса-10 ұпай

-топтық жұмысқа белсенді қатысса- 10 ұпай



-жауаптарды толық қазақша айтпаса - 5 ұпай;

  • сұраққа толық жауап бере алмаса - 5 ұпай;

  • пікірталасқа қатысып, бірақ дәлелді ойлар айта алмаса – 5 ұпай

«жіңішке» ғана сұрақтар қойса - 2 ұпай;

  • өз ойын қазақша айта алмаса - 1 ұпай

  • топтық жұмысқа белсенділік көрсетпесе - 1 ұпай

30-40 ұпай - «5»

29-19 ұпай - «4»

18-8 ұпай - «3»

Бағалау парақтарын тарату (1 мин).



Аты-жөні

Өзін-өзі бағалау

Мұғалім бағасы

қорытынды





ІІ.Жаңа сабаққа кіріспе

І.Қызығушылықты ояту кезеңі 5 мин

Бір-бірлеріңе жақсы тілектер айту

1)Топқа бөліну (2 мин).

Қызыл,сары түстерді таңдау арқылы топқа бөліну.

ІІ.Мағынаны ажырату кезеңі (10 мин).

А) Дарынды оқушылар презентациясын көрсетеді (7мин).

Б) Мәтінмен жұмыс

1)Сөздік жұмысын өткізу (2 сөз тіркесін,2 сөйлем құрастырыңдар)

Балалар, сендердің алдарыңда мәтін жатыр. Мәтінді оқып, бірінші өздерің содан соң топ болып бірігіп «инсерт» кестесін толтырыңдар.

Бұрыннан білетінмін

Давно знал «v»

Жаңадан білдім

Узнал новое «+»

Сұрағым бар

У меня есть вопрос «?» (вопросы по таксономии Блума)




1.Жай сұрақ

2.Практикалық сұрақ

3.Түсіндірмелі сұрақ

4.Шығармашылық сұрақ

5.Бағалау сұрағы

6.Нақтылау сұрағы

Енді бір-бірімізге осы сұрақтарды қойып, жауап берейік

ІІІ. Ой толғаныс кезеңі

1) Пікірталастыру (5 мин).

2) Жоба қорғау (7 мин) (стикер арқылы бағалау)

3) Сабақты қорытындылау (проблемалық сұрақтың жауабын айту презентацияның екі бөлігін көрсету).

ІV. Рефлексия (5 мин).

Өзін-өзі бағалау

Сабақта маған ... маңызды болды

Сабақта маған ... қиын болды.

Сабақ ... ойландырды

Сабақта ... қызықты болды.

Мен ... ұқтым.

Үй тапсырмасы:

«Алтынемел» ұлттық саябағы туралы қосымша ғаламтордан мәлімет табу.





































Өтілген сабаққа берілген рефлексивті есеп.

Білім стандартына сәйкес бағдарламаны басшылыққа ала отырып, тәжірибе алмасу мақсатында 5 «а» сыныбында «Алтынемел» ұлттық саябағы тақырыбында сабақ өткіздім. Сыныптағы 10 оқушыны 3 топқа топтастырдым. Сабақтың басында топтардың басшыларына бағалау парағының критерийлері таныстырылды.

Сабақты бастамас бұрын оқушылардың қызығушылықтарын оятуға тырыстым. Осы мақсатта оқушыларға сөздік қорларын пайдалана отырып, «саябақ» сөзіне бес жолды өлең стратегиясын қолдандым. Осы стратегия арқылы сабақтың тақырыбы анықталып, мақсаты белгіленді.

Сөйлесімнің тыңдалым әрекетін жүзеге асыру мақсатында ұлттық қорық туралы деректі фильм көрсетілді. «Галереядағы ой шарлау» әдісі арқылы видеоға сәйкес суреттер мен сөйлемдерді табады.

Сабақ арасында сергіту сәті ұйымдастырылды.

Ары қарай сабақ диаграммаларды толтырумен жалғасты. Жалпы, мен өз сабағымда «Сын тұрғысынан ойлау» стратегияларын жиі қолданамын. Сабақ барысында «Ассоциациялық карта», «Венн диаграммасы» және «551» әдісін пайдаландым. 3топқа 3 түрлі диаграмма таратылды. Соның ішінде мықтырақ топқа «Венн диаграммасын» бердім. Себебі, орыс тілді балалаларға қазақ тіліндегі мәтін мен видеодағы ақпараттарды тауып, салыстыру, олардағы ортақ мәліметтерді табу оңайға түспейді. Бірақ, топ мүшелері бұл тапсырманы ойдағыдай орындап шықты.

Сабақ соңында бекітуге арналған «Өрмекшінің торы» стратегиясы арқылы бір-біріне қойған сұрақтарына тиімді жауаптарын айту кезеңі менің сабағымда сәтті шықты.

Сабағымның сәтті өткен тұстары – оқушылардың шығармашылық жұмыспен айналысып, топта белсенділік танытқандары. Әсіресе, оқушылар емін-еркін тілдесімге келіп, сұрақтарға жауап бере білді. .Дарынды және талантты балаларға алдын –ала тапсырмалар беріп отыруға тырысамын. Оқушылардың ойын дамыту, белсенділігі мен дербестігін қалыптастыру мақсатында сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлауды стратегияларын таңдадым.Соның ішінде «инсерт» кестесі, «қос жазба күнделігі», «бес тармақты шумақ», «ассоциация», ВЕНН диаграмасы, ДЖИГСО және т.б стратегиялар.

Бірақ, барлығын қорытындылай келе, алдыма қойған мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Оқушылар мәтін мен видеоның мазмұнын түсінді, «Алтынемел» ұлттық саябағы туралы толыққанды ақпарат ала білді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қаңтар
704
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі