400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Алтынемел ұлттық саябағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Алтынемел ұлттық саябағы ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім: Қазақстандағы көрікті жерлер

Мектеп: №37 «Еңбек»

Күні: 04.09.2023ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Умиралиева Д.А.

Сынып: 6

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Алтынемел ұлттық саябағы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.1.1.1.Мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау.

6.4.1.1. Тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: мәтінді тыңдау арқылы болжау, тақырып бойынша сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу;

Көпшілігі: Мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау, тақырып бойынша сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу;

Кейбір оқушылар: Мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау, өз көзқарасын білдіру, тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу

Бағалау критерийі

  • Мәтіннің атауын талқылай алaды.

  • Бөлімдерін тыңдай отырып, көтерілген мәселені болжай алады.

  • Тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жaзa алады.

Оқу деңгейінің дағдылары

Білу ,түсіну,қолдану.

Құндылықтарға баулу

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу (4-құндылық)

Пәнаралық байланыс

Әдебиет,география

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Бурабай ұлттық саябағы туралы оқып,саябақ туралы түсініктері қалыптасқан.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушылары түгенделеді. Оқушылар назары сабаққа аударылады.

Қызығушылықты ояту. «Суреттер галереясы»

Сынып қабырғасына түрлі суреттер ілінеді. Оқушылар берілген суреттерді жұппен талдайды.

  • Суреттер қандай ортақ тақырыпқа арналған?

  • Суреттегі табиғат көріністері Қазақстанның қай өңірлерінде кездеседі деп ойлайсыңдар?

  • -Суретте сендерге таныс жерлер бар ма?

  • Қазақстанда тағы қандай көрікті жерлер бар?

Тақырыпты анықтау.

Сабақ мақсатымен таныстыру.

Сынып оқушылары түгенделеді. Оқушылар назары сабаққа аударылады.

Сынып қабырғасына түрлі суреттер ілінеді. Оқушылар берілген суреттерді жұппен талдайды.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.




ҚБ








6-сынып «Қазақ тілі» оқулығы

Сабақтың ортасы



































































Сабақтың соңы




Саралау, бағалау


Үй жұмысы:




Тыңдалым алды тапсырма.

  • «Алтынемел» деген атау не үшін берілген деп ойлайсыңдар?

(Оқушылар ықтимал жауаптарын береді).

Аудиожазба жазылған «Алтынемел" сөзінің шығу тарихы тыңдалады.

https://www.youtube.com/watch?v=II5YqXABsA8

Тыңдалған ақпаратты меңгергендерін тексеру үшін «Екі жалған, бір шындық» әдісін қолданамын. Оқушылар тақтаға жазылған кестеге қарап,шын және жалған сөздерді табады және салыстырады.

Мысалы:

Объект 1


Шындық

Жалған

Алтынемелдің қазақша атауы «күміс тас» дегенді білдіреді.



Көлемі 300 мың гектарды алып жатыр.



Алтынемел саябағы 1997 жылы ашылған.



Тыңдалым тапсырмасы.

«Стоп-кадр» әдісі

«Алтынемел саябағы» туралы бейнебаянның алғашқы бөлігі көрсетіледі. Кадр тоқтатылып, екінші жартысы болжанады.

https://www.youtube.com/watch?v=ooKmaeH7atM

Сұрақ: 1. Мәтіннің алғашқы бөлігінде қандай мәселе қозғалып тұр?

2. Екінші бөлікті болжаңыз: «Алтын емелге туристерге есік ашық болса, тағы басқа қандай мәселе туындап кетуі мүмкін?»

Оқушыларды қолдау мақсатында «Попс» формуласы беріледі.

«Попс» формуласы

Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »

Екінші сөйлем «Себебі,мен оны былай түсіндіремін … »

Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

Оқушылар топта өз болжамдарымен бөліседі.

«Болжау» кестесінің сол жақ бөлігін толтырады. Кесте тақтаға ілініп тұрады.

Схема 1

Бейнебаянның жалғасы көрсетіледі. Оқушылар өз болжамдарымен бейнебаяндағы нұсқаны салыстырады. Кестенің оң жақ бағанын толтырады.

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ...» Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. ӘТН.

2-тапсырма. Бірігіп жазылған сөздердің астын сызып, ережесін түсіндіріңдер.

3-тапсырма. Топтарға бөлініп, Алтынемел ұлттық бағы туралы таныстырылым дайындаңдар.

Таныстырылымдарын «Автор орындығында» қорғайды.

Кері байланыс

«Плюс, минус, қызықты»

«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.

«Минус» - “қолымнан келмей жатыр” немесе “ түсініксіз болып тұр ” деген ойларын жазады.

«Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады немесе не жайында көбірек білгісі келеді , соны жазады.

Үй жұмысын таңдалуы бойынша тапсыру.

1. «Саябақты қорғау біздің міндетіміз» тақырыбында эссе жазып,жеке,бірге,дефис арқылы жазылатын сөздерді пайдалану.

2. «Алтынемел ұлттық саябағы» туралы таныстырылым дайындау.

3. Саябақтар туралы суреттер жазып к7елу.

Аудиожазба жазылған «Алтынемел" сөзінің шығу тарихы тыңдалады.

Тыңдалған ақпаратты меңгергендерін тексеру үшін «Екі жалған, бір шындық» әдісін қолданамын. Оқушылар тақтаға жазылған кестеге қарап,шын және жалған сөздерді табады және салыстырады.


«Стоп-кадр» әдісі

«Алтынемел саябағы» туралы бейнебаянның алғашқы бөлігі көрсетіледі. Кадр тоқтатылып, екінші жартысы болжанады.

Оқушылар өз пәкәрлерін «Попс» формуласы арқылы жеткізеді.

Оқушылар топта өз болжамдарымен бөліседі.

Грамматикалық тақырыпты меңгереді.

Грамматикалық тапсырмалар орындайды.

Бірігіп жазылған сөздердің астын сызып, ережесін түсіндіріңдер.

Топтарға бөлініп, Алтынемел ұлттық бағы туралы таныстырылым дайындаңдар.

Таныстырылымдарын «Автор орындығында» қорғайды.


Дескриптор:

1. Мәтіннің атауын талқылайды.

2.Өз болжамдарымен салыстырады.

ҚБ: «Аяқталмаған сөйлемдер» Бүгін мен....................білдім

..................................қызықты болды

.........................................таң қалдырды

Мен енді.......................білемін

Дескриптор:

Әр топ екі-үш болжам жазады

өз ойын білдіреді;

себебін түсіндіреді;

фактілермен, мысалдармен дәлелдейді;

қорытынды шешімін айтады.

ҚБ

Дескриптор:

Бірігіп жазылған сөздердің астын сызып, көшіріп жазады;

ережесін түсіндіреді.

ҚБ


https://www.youtube.com/watch?v=II5YqXABsA8
































https://www.youtube.com/watch?v=ooKmaeH7atM








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
08.09.2023
426
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі