Алтынсың ғой
Анашым!
Нұркелді: - Армысың, еліміздің
асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл
бағы.
Сіздер үшін ән мен күй, жыр менен
би,
Сіздер үшін мереке шашулары.
Мейірлен: -Көктемді қанатына
қондырып,
Нұркелді:-Жан жылуын көкірегіне
толтырып,
Мейірлен:-Аналардың дәстүрлі
мерекесі 8-наурыз да алтын ұя мектебімізге келіп
жетті.
Нұркелді:-Өздеріңізді шуақты,
құлпырған қызғалдақтай әсем мерекемен
құттықтаймыз!
Мейірлен:-Ана деген – жүректегі
асыл ән,
«Ана - бақыт» деген сөзге
қосылам.
Нұркелді:-Анаға арнап айта
берсең сөз жетпес,
Ол дегенің – өмірдегі асыл жан!
Мейірлен:-шырылдап жерге
түскеннен-ақ біздің ең жақынымыз
Н: -Ең бір
досымыз,
М: -Ең бір
ұстазымыз.
Бірге: -Ол
ана!
Н: -Ананың жолы
басқа,
М: -Ана деген сөздің өзі
ыстық
Н: -Ана десе толқымайтын
жүрек,
М: -Тасымайтын
қан,
Н:- Сезбейтін сезім
болуы
Бірге: -Мүмкін
емес
Н: -Ол біз үшін бәрінен
қымбат.
М: -Сондықтан, біз бірақ
жолды білеміз
Бірге: -Ол
ана!
Аяулысың,
ауылымның асылдары,
Жайнасын
көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен күй, өлең мен
би,
Сендер үшін мереке шашулары.
-
ӘН: «АНАНЫҢ ТІЛІ»
ХОР.
Гүлім: Адамзаттың нұр құйған
санасына,
Мейірімін
сезінсең табасың мән.
Жақсы үміт күтетін
баласынан,
Сәлем барша әлемнің
анасына!
Аналар-ау, менің шалқар
көлдерім,
Көлдерім асқар-асқар
белдерім.
Мына өмірде қуанышты
жүргенім-
Сенің арқаң мына өмірге
келгенім.
Ақжол: Аялаған,
саялаған,
Бар бақытым, берекем.
Апатайым, құттықтаймын,
Бүгін сенің мерекең.
-
ӘН «АСЫЛ АНАМ» ГҮЛІМ,
АЙҒАНАТ
Елдос: Аялы да алтын нұрлы
анашым,
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.
Сен асқарсың, сен аспансың
биіксің,
Сен дархансың, сен
жомартсың,данасың.
Бегжан: Ана – біздің
күніміз,
Ана – біздің гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Мадияр:: Ана менің жасыл бағым
жайнаған,
Біз бағында асыр салып ойнаған.
Пәк жүрекпен жыр жазады
перзентің,
Бар бақытты бір өзіңе сыйлаған.
-
ӘН:
«АНАШЫМ» АЙДЫН
Алтынбек: Дүниедегі ең ардақты
асыл жан,
Анам менің мәпелеген жасымнан.
Мен қуансам қуанады ол бірге,
Мен қиналсам табылады қасымнан.
Маған қымбат жан жоқ сірә
анадан,
Бар жақсылық аналардан тараған,
Жер бетіне өмір нәрін себуші,
Ана алдында борышты ғой бар
адам.
Жазира: Қуанышқа бөленетін
халықпыз,
Ана сыйлау – дәстүріміз,
салтымыз.
Жыл құсындай әр көктемде
келетін,
Құтты болсын 8- наурызымыз!
-
ӘН:«СЕНІҢ АНАҢ АЛТЫН»
АЛТЫНБЕК
Айдын: Ана дейміз бәріміз де
аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де
жарқылдап.
Ана – деген бәйтерегі өмірдің,
Ана – деген
алтын қазық, алтын бақ.
Елдос: Әркімнің де өмірден
таласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Ән жолдайтын апалардың баласы
Гүлім: Менің әжем, ақ
әжем,
Ұл мен қыздың бақ әжем.
Ертегі айтып бер десең
Айтып берер тағы әжем.
Менің әжем гүл әжем,
Алтын әжем, күн әжем,
Адам үшін, мен үшін,
Нағыз анатілі-әжем.
Жұлдыз: Әжем – Ақыл
бесігі,
Мейірімімен тербеткен.
Мен де ақылды боламын,
Аман-есен бойжетсем.
Жақсылыққа үйретіп,
Жамандықтан шектейді.
Ертегі айтып беретін,
Әжеге ешкім жетпейді.
Бәрі: Анамызды
сүйеміз,
Ақылын ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
-
ӘН: «АНАЛАРДЫҢ ТІЛЕГІ»
ҚЫЗДАР
Нұркелді: - Жоқты бар, ашты тоқ
ететін кім?
Мейірлен: - Жоқты бар, ашты тоқ
ететін – мейірімді әке.
Нұркелді: - Жоқ,әке қанша
мейірімді болғанымен ананың жөні бөлек. Жоқты бар, ашты тоқ ететін
– ана.
Мысалы:1) Анасыз бала
ұйықтамайды,
Қатықсыз айран ұйымайды.
2)Ана үйдегі бақ, әке – отыратын
тақ.
3)Ана ақылды болса – үйдің қуанышы, әкенің
жұбанышы.
Мейірлен: - Ал сен білесің бе,
үйдегі алтын қазық кім? Үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса,
бала дана болады. Ана -ақылшың, әке – қамқоршың.
Ана мейірімі көзінде,
Ықыласы көңілінде.
Ақылы сөзінде.
-
ӘН:«АҚ
МАМАМ» ЖАЗИРА
Нұркелді: Қыздар, қыздар,
кімсіңдер?
Күлімдеген гүлсіңдер.
Шұғылалы шуақты,
Таңғажайып дүрсіңдер.
Мейітлен: Қыздар, қыздар
кімсіңдер?
Мына бізбен бірсіңдер.
Осынау дархан өмірді,
Думандатып жүрсіңдер.
Ақжол: Ару
қыз,
Уылжыған айнадайын,
Қызыл гүл,
Аппақ тілек бар маңайың.
Құлаш ұр арманыңның асқарына,
Құс болып алтын қанат самға
дәйім.
-
Ән: «АНА». АЙДЫН
-
БИ: «ҚАЗАҚ БИІ»
Ақыл құйған санама,
Күннен артық расында.
Күн алыста ал анам,
Ылғи менің қасымда.
Жердегі бар
тағамнан,
Ана сүті нәрлі екен.
Бұл жалғанда
анамнан,
Сүйікті адам
бар ма екен?!
Дүниедегі ең кемеңгер
дананы,
Ана табады,аялайды
бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас
иіп,
Құрметтейік қасиетті
ананы!
Алтынбек: Дүниедегі ең ардақты
асыл жан,
Анам менің
мәпелеген жасымнан.
Мен қуансам қуанады ол бірге
Мен қиналсам табылады қасымнан.
Маған қымбат жан жоқ сірә
анадан
Бар жақсылық аналардан тараған.
Жер бетіне өмір нәрін себуші,
Ана алдында борышты ғой бар
адам.
-
ӘН
«»АНА». ТЫНЫС
Айдын: Сіздерден өскен балалар
–
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті әже-аналар!
Жазира: Бал Анам, асыл Анам,
таңым Анам,
Мен сенен қуат алам, жалын да
алам.
Күн болып көңілімді күйге
бөлеп,
Арнадың өміріңнің бәрін маған.
Жұлдыз: Кеудеме сыймай жүрген
жұмбақ сырым,
Әрдайым өзің үшін ақтарылсын
Мен үшін орның бөлек бұл
өмірде,
Анашым нұр
шашасың жүрегімде.
Сен болмасаң осылай бақытты
боп,
Жарқылдап, шалқып-тасып жүремін
бе?
Нұркелді: Анасүтінен нәр
жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған.
Анаға бас иеміз!
Мейірлен: Туған елдің тілі
деп,
Туған жердің үні деп,
Анаға бас
иеміз!
Сыйлықтарын беру.
-
ӘН «ҚҰТТЫҚТАЙМЫН,
МАМА!»