Алтыын құрсақты ана

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алтыын құрсақты ана

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың ұмыт қалған салт - дәстүрлерін қайта жаңғыртып, жастар санасына сіңіру. Ұлды ұяға, қызды қияға қондырған ананың бақытты сәтінен көрініс.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алтын құрсақты ана, аялы әже


Жүргізуші автор: - Тіршіліктің алтын арқауы кім деген сауал қойылса – ол сөзсіз ана. Бар болғаны үш әріптен құралған асыл сөз мына жарық дүниеге сәби әкеліп қана қоймай, оған тәрбие беріп, шексіз махаббатын төгеді. Әулеттің ұйытқысы болып, шаңырағының береке-бірлігін сақтаушысына айналады. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен аналардың асылдығында шек жоқ. Осыдан 55 жыл бұрын сүйгенімен отбасын құрған Айым анамыздың бар өмірін көрсеттік. Бүгінде Айым анамыз Бесторсық елінің азаматы Қасым ұлы Асанбек атамызбен түтінін түзу жаратып, 4-ұл , 2-қыз , 16- Немере, 6- шөбере ортасында отырған ауялы әже.


Немере келін: - Әже, сіздің бар өміріңізді кинодан көргендей болдық қой.

Әшімкүл ана: - Иа, шырағым. Әрбір адамның өмірі қарап отырсаң кино десе де болады. Сол кино өмірде өмірдің суығы мен ыстығын, ащысы мен тәттісін бастан кешіресің.

Немере келін: - Қиналған кездеріңіз де болды ма?

Әшімкүл ана: - Мен де мына сен сияқты жас келін болған кезде қиындықтар кездесті. Алайда анамның бойыма сіңірген төзімділік пен шыдамдылық қасиетінің арқасында бәрін жеңіп шықтым.

Немере келін: -Иа, сіздің сабырлылығыңыздан біз де сабақ алып келеміз. Қай кезде болса да ашуланбай, ақылмен жайымен түсіндіретініңіз маған ұнайды. Кейде ашуланып келе жатамын да сіз есіме түсіп, өзімнен - өзім ұялып, тез ақылға жеңдіремін.

Әшімкүл ана: - Дұрыс балам, қай кезде де ашуды ақылға жеңдіре білсең отбасыңда береке бірлік, ырыс- несібе болады. Тәрбиелі жерден шыққаныңды көрсетіп, өзіңді қолға ала білгеніңе ризамын.

Немере келін: - Әже, сізді бақытты ана деп есептеймін. Әсіресе үйге бар балаларыңыз немерелеріңізбен, шөберелеріңізбен келгенде жүзіңіз бал – бұл жанып, дегбірсізденіп, ерекше күйге енесіз. Бүгінде бар балаңыз бас қосатын болған соң ерекше күйде тұрсыз.

Әшімкүл ана: -Иа, немеремнің тойы қалай өтеді екен деп алаңдап отырмын.

Немере келін: -Апа балаларыңыздың барлығы келді. Жүріңіз қарсы алайық. (сәлем береді) Келгендеріңіз жақсы болды ғой, әжем алаңдап отыр еді.

Балалары: - Мына сізден өсіп өнген, сізден тәрбие алған біздей ұрпақтарыңыз сізді ұятқа қалдырмайды. Уайымдамаңыз, немереңіздің тойын ойдағыдай атқарамыз. Әшімкүл ана: - Иа, екен гүлімнің, төккен терімнің бос кетпегеніне қуаныштымын. Сендердей мақтай да, мақтана алатын ұрпағы бар менен асқан бақытты ана жоқ шығар. Жүріңдер ақылдаса отырып, немеремнің тойына баруға дайындық жасайық.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
11.12.2024
158
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі