400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алынбайтын асу жоқ

Материал туралы қысқаша түсінік
материал өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін - өзі тану сабағының жоспары.


Мектеп: «Берел орта мектебі» КММ

Мерзімі: 7.11.2018ж

Сабақтың тақырыбы: Алынбайтын асу жоқ. № 9-10

Құндылық: «Сүйіспеншілік» Қасиеттер: ізгілік және т.б

Мұғалімі: Муратова Сауле Кумарбековна

Сынып – 10

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.

Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану,жас ерекшеліктеріне қарай оқыту және оқу.

Оқып үйренудің нәтижесі: оқушылар


Сабақтың мақсаты: - әр оқушының өзіндік мүмкіндіктерін танып, оларды қабілеттеріне орай дамытуға жағдай туғызу.

Сабақтың міндеттері: : - адам мүмкіндіктері туралы түсініктерін одан әрі тыңдау тереңдету.

- әр оқушының өз мүмкіндігін танып, дамытуына ықпал ету.

- өз мүмкіндіктерін бағалай және іске асыра білуге тәрбиелеу.


Плакат, маркер, үлестірме қағаз.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.

-оқушылармен сәлемдесу.

- сынып тазалығына көңіл бөлу

- оқушыларды түгендеу.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2. Үй тапсырмасын тексеру: Оқушылардан «Сахналық» көріністі сынып алдында көрсету ұсынылады.


Сабақ барысын талқылау, топқа бөлінеді.


3. Дәйексөз:

«Егер адам қолынан келетін, істеуге міндетті нәрсесін жүзеге асыра алса, сол адамды бақытты және жарасымды деп атауға болады» деген қанатты сөзіне оқушылардың назарын аударту.

- Кез келген адам арманы мен мақсатына жете ала ма? Неліктен?

- Қойған мақсатқа қалай жетуге болады деп ойлайсыз?


Л. Винчи

4. Әңгімелесу (сұхбат) Ғарышкер Тоқтар Әубәкіров туралы шығармасынан үзіндіні оқу ұсынылады.

Қорыту:

- Т. Әубәкіровтың топырақты, жусан мен қазақ әнін, елтаңбаны өзімен бірег ғарышқа алып ұшуын қалай түсіндірер едіңдер?

- Ғарышкердің орнында болсаңыз, сіз ғарышқа не алып ұшар едіңіз?


Сапар Али

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылар төмендегі кейіпкерлерге сипаттама беріп, осы қасиеттеріне сәйкес «Алынбайтын асу жоқ» атты тақырыпта шағын қойылым құрастыру.

1. Талапты оқушы

2. Жалқау оқушы

3. Даукес оқушы

4. Келісімге тез келетін оқушы

5. Бәріне және барлығына көңілі толмайтын оқушы

Баяу әуен қойылады.



6. Топпен ән айту. «Қайдасың»


әні: сөзі:


.

Қайырмасы:




7. Үй тапсырмасы. № 1 Д. Алленнің шығармасын оқып келу.

Келесі сабақ. № 2 Ұ. Есдәулетовтің «Қара пима» поэм. Мәнерлеп оқып келу.



8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік» бүкіл әлемде.





Пайдаланылған әдебиеттер тізім:


1. «Өзін-өзі тану» оқулығы 10-сынып

  • «Самопознание. kz» №10.2013 жыл.

  • Мұғалімге арналған әдістемелік құрал.




Өзін - өзі тану сабағының жоспары.


Мектеп: «Берел орта мектебі» КММ

Мерзімі: 14.11.2018ж

Сабақтың тақырыбы: Алынбайтын асу жоқ. № 10-сабақ.

Құндылық: «Дұрыс іс-әрекет» Қасиеттер: Өз мүмкіндіктерін дамыту.

Мұғалімі: Муратова Сауле Кумарбековна

Сынып – 10

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.

Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану,жас ерекшеліктеріне қарай оқыту және оқу.

Оқып үйренудің нәтижесі: оқушылар өз мүмкіндіктері өз қолдарында екенін ұғынады.

Мұғалім іс- әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Сабақтың мақсаты: - әр оқушының өзіндік мүмкіндіктерін танып, оларды қабілеттеріне орай дамытуға жағдай туғызу.

Сабақтың міндеттері: : - адам мүмкіндіктері туралы түсініктерін одан әрі тереңдету;

- әр оқушының өз мүмкіндігін танып, дамытуына ықпал ету;

- өз мүмкіндіктерін бағалай және іске асыра білуге тәрбиелеу.

Плакат, маркер және стикерлер

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.

- оқушылармен сәлемдесу.

- сынып тазалығына көңіл бөлу

- оқушыларды түгендеу. (топқа бөлу)

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2. Үй тапсырмасын тексереру: Өткен тақырыптарды қайталау, сұрау және талдау.

Сабақ барысын талқылау, топқа бөлінеді.

(Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық) сақтау керектігін еске түсіру.

3. Дәйексөз:

«Егер адам қолынан келетін, істеуге міндетті нәрсесін жүзеге асыра алса, сол адамды бақытты және жарасымды деп атауға болады » деген қанатты сөзін оқушылардың назарын аударту.Сұрақтар қою.

- Кез келген адам арманы мен мақсатына жете ала ма? Неліктен?

- Қойған мақсатқа қалай жетуге болады деп ойлайсыз?

- Мақсатқа жетуде адамның өзгелердің алдындағы міндеттері мен парыздары кедергі бола ала ма?

Леонардо да Винчи

Оқу және талдау, арқылы дәйексөздің мағынасын ашу.

4. Әңгімелесу (сұхбат) Оқулықта берілген шағын әңгімені оқу ұсынылады.

Қорыту:

- «Назары әдемінің ой-санасы әдемі келеді, ой-санасы әдемі адам өмірдің ләззатын көреді» деген оймен қаншалықты келісесіз?


Д. Аллен

Мәтінді оқу арқылы оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту.

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында, «Алынбайтын асу жоқ» тақырыбында шағын қойылым сахналау ұсынылады.

Баяу әуен қойылады.

  • Талапты оқушы

  • Жалқау оқушы

  • Дәукес оқушы

  • Келісімге тез келетін оқушы

  • бәріне және барлығына көңілі толмайтын оқушы


6. Топпен ән айту. «Анаға сәлем»

Сөзі: О. Иманалиев әні: Е. Хасанғалиев

Мереке күніңмен

Қарсы алам өзіңді.

Сәбилік үніммен

Арнаймын сөзімді.

Қайырмасы:

Көргенше алаңмын,

Аңсаймын, толғанам.

Қабыл ал балаңның,

Сәлемін жолдаған.

АКТ- ны пайдалана отырып бірге ән айту.

7. Үй тапсырмасы. № 1 Дәйексөді жаттап келу.

Келесі сабақ. № 2 Ұ. Есдәулетовтың «Қара пима» атты өлеңін оқып келу.

Күнделікке жазып алу.

Өлеңді оқып келу.

8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Қиянат жасамау, қиянат жасамау бар жерде, қиянат жасамау, қиянат жасамау» бүкіл әлемде.



Пайдаланылған әдебиеттер тізім:

1. «Өзін-өзі тану» оқулығы 10-сынып


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
917
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі