400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Алюминий" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда "Алюминий" тақырыбына сабақ жоспары жарияланған. Жас мамандарға көмекші құрал бола алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Алюминий жəне оның қосылыстары. Қазақстандағы алюминий қосылыстарының маңызды кен орындары

Сабақтың мақсаты: Оқушыларда алюминий жəне оның қосылыстары жөнінде білім қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері:

1)Білім берушілік – Оқушыларға алюминий жəне оның қосылыстары жөнінде білім беру.

2)Дамытушылық – оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, кәсіптік бағдар беру.

3)Тәрбиелік – Оқушыларды әдептілікке, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.


Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сөздік-көрнекілік, сұрақ-жауап, баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты плакаттар, слайдтар.«Периодтық жүйе»

Пәнаралық байланыс: физика, биология.

Сабақтың құрылымы:


1.Ұйымдастыру.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

3.Жаңа сабақ түсіндіру.

4.Жаңа сабақты бекіту

5.Үйге тапсырма.

6.Бағалау.

7.Қорытынды.

Сабақтың барысы:


1.Ұйымдастыру- оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысымын тексеру, кезекшіні анықтау.

2.Үй тапсырмасын тексеру-

Оқушыларды жеке-жеке тақтаға шығарып сабақ сұрау және жалпылама сұрақтар қою арқылы тексеру.

3. Жаңа сабақ түсіндіру-

Алюминий — III периодтың III тобының элементі. Негізгі топшаның өкілі ретінде бейметалл бор мен металл галлийдің арасында орналасқан. Период бойынша алғанда да алюминий бейметалл кремний мен металл магнийдің ортасында тұр. Міне, осылайша орналасуы оның қасиеттерінен де керінеді. Жай зат ретіндс алюминий металл болғанымен, химиялық элемент ретінде екідайлы касиет көрсетеді, өйткені екідайлы оксид пен гидроксид түзеді.

Атом құрылысы

Алюминий атомының сыртқы кабатында 3 электрон бар: А1

Электрондыщ формуласы:

Графиктік формуласы:

Ол қосылыстарда тұракты үш валенттік және +3 тотығу дәрежесін көрсетеді.

Табиғатта кездесуі. Алюминий табиғатта таралуы бойынша химиялық элементтер арасында оттек пен кремнийден кейінгі үшінші орында тұр (масса бойынша 8,8%)- Табиғаттағы металдардың ішінде ол таралуы бойынша бірінші орын алады.

Физикалық қасиеттері. Алюминий — күміс түстес ак металл. Оның кристалдық торы көлемді орталықтанған куб. Сондықтан ол жеңіл (тығыздығы 2,7г/см3), өте иілімді және жүмсақ. Электр-және жылуөткізгіштігі өте жоғары (күміс пен мыстан ғана кем). Металдардың арасында қайнау температурасы (650°С) әжептәуір төмен деп есептеледі. Ол басқа металдармен кұймаларды оңай түзеді.

43-сурет. Қымбат багалы тастар — алюминий минералдары

Химиялық қасиеттері. Күнделікті өмірде алюминий ыдыста су қайнатып, тамақ пісіріп жүргенін көрдіңдер. Сонда алюминий оттекпен *және сумен әрекеттеспейтіндей белсенділігі төмен металл болғаны ма? Белсенділік қатарында ол сутектен әлдекайда солға карай орналасқан, демек, ол белсенді металл (күшті тотыксыздандырғыш) болуға тиісті. Мұндай қайшылық былайша түсіндіріледі. Металдың беті ауадағы оттекпен жанасканда, лезде тотығып, оксидті кабықшамен қапталады.

Сұйық алюминий оксид қабыршақтың ішінде тұр. Егер оксид қабыршақ бұзылса, алюминий оттекпен де, сумен де әрекеттеседі:

Белсенді бейметалдармен алюминий калыпты жағдайда не қыздырғанда куатты реакцияласады:

Алюминий кышқылдардағы сутекті тотықсыздандырады.

Алюминий азот кышқылымен әрекеттеспейді, себебі оныщ бегінде тығыз кабыршақ пайда болып енжарланады.

Көптеген металдардан айырмашылығы — алюминий сілтілермен өрекеттеседі, бұл оның екідайлы қасиетін дөлелдейді:

Алюминий белсенді тотықсыздандырғыш ретінде өзінен белсенділігі төмендеу металды оның оксидінен тотықсыздандырып бөліп шығарады:

2А1 + Ғе203 = А1203 + 2Ғе + 3241 кДж

Өнеркәсіпте колданылатын металдарды алудың мұндай әдісі алюминотермия деп аталады. Бұл реакцияда жылу көп бөлінгендіктен, металдар балқып кетуі де мүмкін.

Өнеркәсіпте алынуы. Алюминийді оксидінің балкымасынан электр тогымен ыдыратып алады:

2007 жылдан бастап Қазақстанда алюминий алатын Павлодар электролиз зауыты жұмыс істей бастады.

4.Жаңа сабақты бекіту

1. Алюминийдің кұймалары туралы әңгімелеңдер. Неге алюминийдің кұймалары оның өзінен жиі колданылады?

2 . Алюминийдің мына заттармен:

а) броммен;

ә) күкірт кышкылымен (сүйылтылган);

б) мыс сульфаты ерітіндісімен;

3. Массасы 12 г алюминий мен мыс коспасы тұз кышқылымен өңделді. Бөлініп шыққан сутек 7,4 л (к.ж.) көлем алды. Әр металдың коспадағы массалық үлесін анықтаңдар.

4.. Массасы 15,2 г хром оксидін алюминиймен тотыксыздандырғанда 9 г хром түзілді. Хромнын теориялыкпен салыстырғандағы шығымын процентпен көрсетіңдер.

5.Үйге тапсырма- §36,37.154-153 беттер. №5.6

6.Бағалау – үй тапсырмасын ұқыпты орындап келген және сабақта аса белсенділік танытқан оқушыларды түсіндіре отырып бағалау.

7.Қорытынды – «2 шындық 1 жалған» әдісі арқылы сабаққа жалпы түйін жасау.


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
870
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі