400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алюминий құймалары және оладың қолданылуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге сабақ өту барысында қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Алюминийдің және оның қосылыстарының биологиялық және экологиялық маңызы. Алюминий құймалары және оладың қолданылуы. Қазақстанда алюминий және оның құймаларының өндірілуі


Күні:

Мұғалім:

Сынып:9

Қатысқан: Қатыспағандар:

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

ілімділік: оқушылар алюминийдің маңызды қосылыстары мен құймаларын сипаттап үйрену, тұрмыста, техникада қолданылуы,алюминий өндірісі туралы білім алу; 
Дамытушылық: ой-өрісін, танымдық белсенділігін арттырып, зейінін, өз бетімен қорытынды жасауға дағдылану; 
Тәрбиелік: дүниетанымдық, адамгершілік, топтық жұмыс жасауға тәрбиелеу; 

Табыс критерийлері


Барлық оқушылар білуге тиісті: Алюминийдің маңызды қосылыстары туралы біледі

Оқушылардың көпшілігІ: Алюминийдің жіктелуіндегі заңдылықтарды тұжырымдайды


Кейбір оқушылар Элементтер жіктелуіндегі заңдылықтарды практика жүзінде іске асырып, болжамдар келтіреді

Тілдік мақсат

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері

Сабақта диалог/ жазылымға қажетті тіркестер..

Бұрыннан бар білімдері

Оқушылар периодтық кесте туралы біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған уақыт

Ресурстар

0-5 мин

6-10 мин

Химиялық диктант 
1. Алюминийдің атомдық құрылысы ................. 2. Алюминий табиғатта таралуы бойынша............ орында тұр. 3. Жер қыртысының негізгі массасын...........құрайды. 
4. Қосылыстарындағы тотығу дәрежесі............ 
5. Алюминийдің табиғаттағы негізгі қосылыстары............ 
6. Қазақстанда бокситтердің белгілі кен орындары бар, олар......... және........... 7. Алюминийдің кристалдық торы............... 
8. Негізгі құймалары.................. 9. Болат, шойын бетін алюминиймен қаптау..................... 10. Алюминий азот қышқылымен әрекеттеспейді, себебі............ 

Интерактивті тақта

Орта

11-20мин

21-35мин

Жаңа сабақ. Демонстрациялық тәжірибе. Алюминий мен оксидінің қышқылдар мен негіздермен әрекеттесуі. Al₂O₃+6HCl = 2AlCl₃+3H₂O 
2Al + 6HCl = 2AlCl3 + 3H2↑ 
Al2O3 - алюминий оксиді.Табиғатта глинозем, боксит, корунд түрінде кездеседі. Ол -ақ түсті, қатты зат. Суда ерімейді. 
Алынуы: 4Al + 3O2 = 2Al2O3 - тотықтыру; 
2Al(OH)3= Al2O3 +3H2O - айыру реакциясы 
Құрылымдық формуласы: О=Аl - O - Al= O 
Химиялық қасиеттері: Алюминий оксиді - екідайлы оксид. 
Al₂O₃+6HCl = 2AlCl₃+3H₂O 
Al₂O₃+2NaOH=2NaAlO2 + H2O 
Al₂O₃ - қаттылығы алмаздан кейін екінші орында, сондықтан бұрғылар мен тегістігіш құралдар жасалады. 
Алюминий гидроксиді. Al(OH)3 - іркілдек, ұйыған айран тәрізді ақ түсті зат.Сатылап диссоцияланады. Құрылымдық формуласы: 
Н - О 
Н - О Al 
Н - О 
AlCl3- органикалық синтезде катализатор. 
Al2(SO4)3*18H2O - су тазалауда, қағаз өндірісінде 
KAl(SO4)2*12H2O - ашудас мата бояу, тері өндірісінде қолданылады. Алюминий қосылыстары Қазақстанда - Мұғалжарда (Ащысай), Торғайда, Арқалықта кездеседі. Өндірістік мөлшерде алюминий Павлодардың (2007) алюминий зауытында алынады. 
Алюминий - электротехникада кеңінен қолданылатын металл. Жеңіл және бағалы қасиеттері бар құймалар алынатындықтан, оның авиациялық өнеркәсіпте, автокөлікте, электротехникада электр сымдарын жасау үшін, сонымен қатар жарылғыш заттарды алуда, химиялық аппаратураларды дайындауда, ғимараттарды салуда, жиһаздарды, ыдыстарды және т. б. жасауда маңызы зор. Таза металл түрінде алюминийді химиялық аппаратураларда электр сымдарын дайындауда пайдаланады. Алюминий жұқа фольга конденсаторлар жасау үшін қолданылады, кабель қаңылтыр және айна өндірісінде пайдаланады. Металдық алюминийді мыс, магний, титан, никель, мырыш, темір негізінде құймаларды легирлейтін қоспа ретінде кең қолданады. 
Алюминийдің қолданылатын маңызды аймағы – оның негізіндегі жеңіл құймалар өндірісі. 
Алюминий өндірісі. Алюминийді оның оксидінің электролизін жүргізіп алады. Глиноземнің балқу температурасы өте жоғары 25000С болғандықтан оны балқытылған криолитте Na3AlF6 балқытады. Жентек 10% Al2O3 мен 90% криолиттен тұрса оның балқу температурасы 9800-10000С -қа төмендейді. 
Электролизердің ішкі қабаты графиттен жасалады және ол катодтың міндетін атқарады. Анод та көмірден жасалған электрод. 
Балқытылған криолитте алюминий оксиді диссоциацияланады: 
Al2O3 ↔Al3+ + AlO33- 
K (-) Al3+ +3e →Al0 тотықсызданады 
A (+) 2AlO33- 6e →Al2O3 + 1.5O2 тотығады 
Бұл өндіріс энергияны көп қажет етеді. 1т алюминий алу үшін 20000 кВт/сағ энергия қажет

Видеоролик

Слайдпен жұмыс

Соңы

Алгоритімдік 
1. Алюминийдің мына заттармен : a) броммен ; б) мыс сульфаты ерітіндісімен ; в ) күкүрт қышқылымен ( сұйытылған); г) хром (III) оксидімен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін жазыңдар. 
2. Химиялық реакциялардың үш типін пайдаланып, AlCl3 алудың реакция теңдеулерін жазыңдар. 3. Айналуларды жүзеге асырыңдар: 
Al→Al2O3→AlCl3→Al(NO3)3→ Al(OH)3→Al2O3→Al 

Зертханалық жұмыс. Үш сынауықта алюминий хлоридінің, темір(III ) хлоридінің және натрий хлоридінің ерітінділері берілген. Осы тұздарды бір ғана реактив көмегімен қалай анықтауға болады? 
Не істелді? Не байқалды? Қорытынды 

Қосымша мәліметтер

Саралау

(Дифференциация) –оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пән-аралық байланыс

-Сөзді іздеуге тапсырма қабілеті төмен оқушылар үшін мына есеппен жұмыс жасау.



Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен табыс критерийлері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Жеке және жұптық жұмыстар орындай отырып қорытынды жасайды.

Формативті деңгейлік жаттығулар орындау


Жоспарыма қандай өзгерістер енгізді және неге?



Қорытынды бағалау:

Ең жақсы өткен екі нәрсені көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

1.

2.



Есептер. 
1. Массасы 5,4г алюминийді еріту үшін қанша 10%-қ тұз қышқылының массасы қажет? 
бер: m(Al)=5.4г Шешуі: 5.4г x 
W(HCl)=10% 2Al + 6HCl= 2AlCl3 +3H2↑ 
т/к: m(HCl)=? 54г 219г 
x= 5.4*219/54=21.9г 
21.9г ----- 10% 
x -------- 100% x= 219г 
2. Алюмотермиялық әдіспен темір алғанда массасы 20г Ғе (ІІІ) оксидімен массасы 50г алюминий әрекеттескенде қанша грамм темір шығады? 
Бер: m(Fe2O3)= 20г Шешуі: 20 50 x 
m(Al)=50г Fe2O3 + 2Al=2Fe + Al2O3 
т/к: m(Fe)=? 160 54 112 x=103.7/2= 51.85г 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
2206
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі