Материалдар / Алюминийдің алынуы,қолданылуы,қасиеттері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Алюминийдің алынуы,қолданылуы,қасиеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға арналған химия пәні бойынша 9 сыныптарға сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Желтоқсан 2020
970
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

9.2С

1 (I), 2 (II) және 13 (III) топ элементтері және олардың қосылыстары

Мектеп: №22

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сман Н.Б

Сынып: 9

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:


13 (ІІІ)-топ металдары. Алюминий және оның қосылыстары.

№ 7көрсетілім «Алюминий мен оның құймалары».

№ 9зертханалық тәжірибе

«Алюминийдің қышқыл және сілті ерітінділерімен әрекеттесуі»



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.1.5-атом құрылысы негізінде алюминийдің қасиеттерін түсіндіру, оның маңызды қосылыстары мен құймаларынның қолдану аймағын атау

9.2.1.6-алюминий, оның оксиді мен гидроксидінің екідайлы қасиеттерін зерттеу

Сабақтың мақсаты


  • Алюминийдің периодтық жүйедегі орны бойынша атом құрылысын, валенттілігін, тотығу дәрежесін, маңызды қосылыстарын, табиғаттағы алюминийдің маңызы қосылыстары туралы айтып береу;

  • Алюминийдің химиялық қасиеттері, алюмотермия әдісі арқылы металдар алауға есептер шығару;

  • Алюминийдің басқа металдардан ерекшелігіне тоқталып, екідайлы қасиеттерін зертханалық жұмыстар арқылы дәлелдеп, қорытындылау;

Бағалау критерийі

  • Алюминийді атом құрылысы тұрғысынан қасиеттерін біледі, табиғаттағы маңызды қосылыстары және алюминийді алудың жолдарын баяндайды

  • Алюминий, оксиді және гидроксидінің екідайлы қасиеттерін зертханалық жұмыс арқылы зерттеулер жүргізіп, қорытынды жасайды

Тілдік мақсаттар


Оқушылар периоттық жүйеге қарап алюминийдің атом құрылысын сипаттайды.

Алюминий – екідайлы металл

Алюминийді алюминий оксидін …….. алады

Боксит, екідайлылық, алюминаттар, корунд, нефелин, натрийалюминаты

Құндылықтарға баулу





Қазақстанда орналасқан алюминий ке орындары, алюминий зауыты туралы айтылғанда «Мәңгілік Ел» идеясын іске асырудың «Индустрияландыру және инновацияларға негізделген экономикалық өсу» құндылығы іске асырылады.

Оқу мақсатына сай тақырыпты меңгеру барысында өмір бойы білім алу үрдісі жүргізіледі.

Пәнаралық байланыс

География, жаратылыстану, биология, қазақ әдебиеті, математика

Алдыңғы білім



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы


1.Ұйымдастыру

М: Бүгінгі күнге сәттілік тілей отырып, сабағымыз «Айтарым бар...» бағдарламасы ретінде өткізіледі. Бағдарламамызға қатысатын мамандармен танысайық


С. Топқа біріктіру: «Пазл» әдісі арқылы

М  . Оқушылар сіздерді кәсіби дағдыларыңызға қарай топтарға біріктіремін:

Металлургтер (ақ парақта боксит минералының суреті, парақ артында металлург сөзі бар)

Физиктер (сары парақата алюминий сымының суреті, парақ артында физиктер сөзі бар)

Химиктер (жасыл парақта алюминий жану реакциясының теңдеуі, парақ артында химиктер сөзі)

Технологтар (қызыл парақта алюминийоксиді мен гидроксиді формуласы, артында технолог сөзі )

Бағдарламамызды бастамас бұрын мына бір өлең жолдарын келтіргім келеді

С . Ширату жаттығуы:

«Жасырын зат» өлең жолдарында жасырын тұрған элементті анықтайды

« Қанатты метал» өлеңі

Болмасам да айтарлықтай салмағым,

Мен көбіңмен ардақтымын, алдамын,

Ұшақ болып аспанға ұшып қалықтап

Жердің жүзін, көк аспанды шарладым,

Дюралюминий дейтін менің қоспамды,

Әспеттейді химияның достары.

Осыларға төсек, үстел, ыдыс пен,

Бағандардың бұйндаларын қос тағы.

Қағаз да мен қант-шайды сәндеген,

Тоққа балқып, келіп тұрған ән де мен.

М. Бұл өлең жолдарында қай металл туралы айтылған?

О. Болжамды жауап: алюминий металы туралы айтылған

Бұл металл туралы сіздер қандай мәліметтер келтіре аласыздар?

О. Болжамды жауап: алюминий сұр түсті, балқиды, жеңіл металл. Күнделікті өмірде одан жасалған ыдыс аяқтар, құрал-жабдықтар, техника құралдарын көріп жүрміз. Электр тоғын жүріп жатырған сымдарда қолданылады.

Сіз үшін бүгінгі бағдарламамызда осы металл туралы қандай құнды жәйттар келтірілуі мүмкін?

О. Болжамды жауап: Алюминий металының ашылу тарихы, табиғатта таралған қосылыстары, алюминийді қалай алады, химиялық қасиеттері, алюминийдің қосылыстары туралы айтуы мүмкін. Алюминий екідайлы металл деп айтып жүрміз. Осыған нақты зерттеулер жүргізіліп, дәлелденсе...Екідайлылық ұғымын түсініп алсақ...

М. Олай болса бүгінгі бағдарламамызға «Ертеде алтынна қымбат болған алюминийдің қазіргі маңызы» төңірегінде айтарымыз бар деп түрлі сала мамандары келіп отыр.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Алюминий және оның қосылыстары». Бағдарламамызға келген мамандардың білімі арқылы алюминийдің қасиеттерін түсініп, екідайлы қасиеттеріне зерттеулер жүргізу арқылы дәлелдер келтіретін боламыз.

М  еталлургтер







Физиктер





Х  имиктер







Технологтар

Сабақтың ортасы


Бағдарламамызға келген қонақтар тақырып төңірегінде әңгіме өрбіту үшін дайындалуға уақыт берейік

Т. «Төрт сөйлем - пікір, дәлел, мысал, қорытынды» әдісі бойынша оқушылар берілген ресурстардағы мәтіндермен танысып, топта талқылайды. Топ оқушылары міндеттерін бөліседі.

1 топ: Минерологтар (Алюминийдің табиғатта кездесуі, алынуы)

2 топ: Физиктер (алюминийдің атом құрылысы, физикалық қасиеттері)

3 топ: Химиктер (Алюминийдің химиялық қасиеттері)

4 топ: Технологтар (алюминийдің маңызды қосылыстары)

М  . Мамандар тақырып төңірегінде ойларыңызды жинақтап пікір, дәлел, мысал келтіріп, қорытындыңызды ортаға салсаңыздар:

Металургтерге сұрақ: Табиғатта алюминий неге таза күйінде кездеспейді?Қазастанда алюминийдің кендерінің орналасуы және алюминий зауытының қазіргі жай-күйі туралы мәліметтер келтірсеңіз?

О. пікір, дәлел, мысал, қорытынды

Физиктерге сұрақ: Алюминийдің физикалық қасиеттері қандай сипаттарға ие?

О. пікір, дәлел, мысал, қорытынды

Химиктер: Алюминий – екідайлы металл деген ұғымды химиялық тұрғыдан қалай ашып түсіндірер едіңіз?

О. пікір, дәлел, мысал, қорытынды

Технологтар: Алюминийдің және маңызды қосылыстарының қолданылу саласы қандай?

О. пікір, дәлел, мысал, қорытынды

Мамандарға берілген сұрақтар бойынша тақырып қаншалықты ашылғандығын бағалап жіберейік:

Б. Топтар бір – бірін бағалайды: «3:2:1» әдісі

  1. Есімде қалған 3 термин....

  2. Мен үшін маңызды болған 2 мәлімет .....

  3. Сізге 1 ұсыныс....

О.

  • Есімде қалған 3 термин екідайлы, алюмотермия, натрийалюминаты

  • Мен үшін маңызды болған 2 мәлімет:

  1. Қазақстанда Павлодар алюминий зауыты бар

  2. Алюминий екідайлы металл

  • Сізге 1 ұсыныс химиктер алюминийдің екідайлы қасиеттерін баяндаған кезде реакция теңдеулері арқылы мысалдар мен дәлелдер келтірілді, қосымша көрнекі меһатериалдар арқылы бейнекөріністер көрсетілсе жақсы болар еді.

М. өз ойларын жетік айта білулерін дамытуға арналған кері байланыс сөздерін айту: «Жарайсыздар, білімдеріңді бұдан да жоғары деңгейге жеткізіңіздер», «Нақты мәліметтер келтірдіңіздер, мысалдар арқылы дәлелдеуді жетілдіру қажет», «Ғылыми тұрғыда ділелдер келтіре отырып баяндадыңыз»

Әр маман өз дәйектерін келтіре отырып, сұрақтарға жауаптарын ұсынды. Енді осы бағдарламаны көріп отырған көрермендердің сіздерге арналаған сұрақтары мен тапсырмалары бар екен. Телебағдарламаға келіп түскен видеосұрақтарға кезек береміз:

Әр топқа бейне сұрақтар беріледі (мамандарды берілген тапсырма мазмұнына қарай топтастырамыз)

1 - бейне сұрақ: Маған минералдарға атауларын сәйкес жапсырып, қораптарға салу тапсырылған болатын. Маған металлургтердің көмегі қажет.

К. Көрсетілім: «Алюминий мен оның құймалары»

1 топ - Сәйкестендіру

Формулалар

Аты

1

Na3AlF6

Корунд

2

Al2O3

Нефелин

3

KNaAlSiO4

Альбит

4

KAlSi3O10

Криолит

5

K2O*Al2O3*6SiO2

Каолинит

6

Al2O3*2SiO2*2H2O

Дала шпаты

2 – бейне сұрақ:

Менің тапсырмамды орындауға технологтардың көмегі қажет. Химиялық диктант берілген, формула құруға көмектессеңіздер:

«Химиялық диктант»

Қосылыс атауы

Формуласы

Алюминий (ІІІ) оксиді


Алюминий (ІІІ) гидроксиді


Алюминий карбиді


Алюминий нитриді


Алюминий хлориді


Алюминий сульфаты


Натрий алюминаты


Натрий тетрогидроксоалюминаты


3 – бейне сұрақ: Есепті шығаруға физиктердің көмегі қажет. «Конверт сұрақ» әдісі 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!