Материалдар / Амал келді - жыл келді
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Амал келді - жыл келді

Материал туралы қысқаша түсінік
Амал келді - жыл келді. 14 Наурыз - көрісу мерекесі тақырыбына тәрбие сағаты жоспары
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты

Амал келді - Жыл келді / 14 наурыз – көрісу мерекесі

Күні:

11.03.2024ж

Класс жетекші:

Нұрғалиева Г. Т

Класс: 7 «Ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандарсаны:

Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

Көріседі көңілдер жібісін деп,

Көріседі тасысын ырысың деп,

Көріседі көк мұзда жібісін деп,

Көріседі оң болсын ырысың деп.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту. Ана алдындағы парызымен қарызы туралы білім беру, балаларды анаға деген сүйіспеншілікке баулу,ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке, сый құрметке тәрбиелеу.

Құндылықтарды дарыту

«Ұлттық мүдде» құндылығы:

  • Қоғам игілігі үшін қызмет ету;

  • Ұлттық мұраға ұқыпты қарау;

  • Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту.

Ресімдеу

Слайд, презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

Интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдержазылғанплакаттар

Тақырыпты қкөрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары

Сабақтың барысы


Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық

құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Бір жасыңыз құтты болсын! Жыл жасыңыз құтты болсын!

Амал күні қазағым көріседі

Көрісу, бұл көненің желісі еді

Жасың құтты болсын деп жамырасып,

Ақ ниетпен адал бол деліседі

Көріседі көңілдер жібісін деп

Көріседі тасысын ырысың деп

Көріседі көк мұзда жібісін деп

Көріседі оң болсын ырысың деп


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.

Компьютер









Сабақ басы (13 мин)



































Ортасы (20 мин)


14 наурыз — Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман — есен шыққанына қуанып, бір — бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті — пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман — есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады. Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашу керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі керек. Бұл жоралғы жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін, дастарханымыз аралас болсын, қарым — қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған

Бүгінгі күні Қазақстанның батыс аймағына берік орныққан бұл дәстүр жыл сайын жергілікті халық сағына күтетін бірден — бір салт болып отыр. Бұл күні бауырсақ, тәттілерді оқушылар мен мұғалімдер мектепке де апара береді. Көрісіп болған әр адамға тамақ үйлестіріліп, «Бір жасыңмен!» деген тілек айтылады. 14 наурыз күні басталатын Көрісу мейрамы жыл бойы жалғасын табады. Көрісуде ауылда болмай, ауылға енді келген адамды көрген кезде, амандық — саулықтан кейін «Бір жасыңмен!» деп қол алысуымыз керек. Шаттық пен қуанышқа, ақ бата мен молшылыққа толы бұл мерекеде мәре — сәре болған жұрт осы қарқынмен Жаңа Жылы — 22 наурыз мерекесін қарсы алады..Ақ тілек бейбітшілік аман болсын! Елім, жұртым қадірлі аман болсын! Туғандай бір анадан жамағаттар Достыққа берік, мықты адал болсын! Наурыз мейрамы құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын Көрісу – татулық, мейірімділік, ізеттілік.

Көрісу күні, кей өңірде Амал мерекесі Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан өңірлерінде атап өтіледі. Дегенмен тек батыста тойланған деген жаңсақ пікір. Бұл - қонақжай қазақ халқына ортақ ежелден келе жатқан көктем мерекесі.Мерекенің шығу тарихы анық болмағанымен, мәні көпке аян. Бұл күні жасы кішілер жасы үлкен әулет мүшелеріне амандық-саулық тілеп, үй-үйді аралайды. Кішкене балалар әр үйден кәде-сый алады. Әр адам міндетті түрде үш үйдің есігін ашу керек деген де бар. Салт-дәстүрді білеміз бе? Салт-дәстүр туралы сұрақ-жауап айдары/дәптерге түртіп алу



Бейнебаян көру.

Ойталқыға араласып, өз ойын ортаға салады.






Бұл мереке туралы ғалымдар пікірі әрқилы. Көрісу күнін зерттеп, зерделеп жүрген ғалымдардың кейбірі бұл күнді географиялық ерекшеліктермен байланыстырса, кейбірі Наурыз мейрамының алғашқы мерекесі деп қабылдайды. Ал кейбір ғалымдар бұл дәстүрдің шығу төркінін күнтізбенің ауысуымен байланыстырады.

Тарихшылар мәліметіне сүйенсек, 1918 жылдың 24 қаңтарында Халком кеңесі Григориан күнтізбесін қолданысқа енгізеді. Бірақ, екі күнтізбе айырмашылығы 13 күн болып қалған. Соған байланысты 1918 жылдың 31 қаңтарында ескі күнтізбені аяқтап, 14 ақпанда келесі айды бастаған. Осы деректі басшылыққа алса 1 науырыз -14 наурызға тап келеді. Ол - жыл басы, күнтізбедегі көктемнің алғашқы күні саналған.

Оның қашаннан бері тойланып келе жатқаны туралы нақты ақпарат жоқ. Мерекенің шығу төркіні әлі де егжей-тегжейлі зертеуді, жан-жақты салыстырып, зерделеуді қажет етеді.


бейнежазба

 таратпа қағаздар

бейнежазба

Соңы






3 Қ әдісі

Құнды

Қызық

Қиын



Оқушылардың көрініс қояды





көрініс












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!