Материалдар / Амал келді- Жыл келді
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Амал келді- Жыл келді

Материал туралы қысқаша түсінік
Амал мерекесі туралы
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: Амал келді – Жыл келді.

Мақсаты: Көрісу туралы түсінік беру. Қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету.

Тәрбиеші: Бір жасыңыз құтты болсын! Жыл жасыңыз құтты болсын!

Амал күні қазағым көріседі

Көрісу, бұл көненің желісі еді

Жасың құтты болсын деп жамырасып,

Ақ ниетпен адал бол деліседі

Көріседі көңілдер жібісін деп

Көріседі тасысын ырысың деп

Көріседі көк мұзда жібісін деп

Көріседі оң болсын ырысың деп

- Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бір жасыңыз құтты болсын! Бәріміздің асыға күткен Амал да мерекеміз де келіп жетті.

14 наурыз - Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман - есен шыққанына қуанып, бір - бірімен қол алысады. Бұл күні барлық өкпе - реніш ұмытылып, кешіріледі.

Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәттісін үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман - есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады.

Айдында аққудай сылаңдаған

Біреулер күй, біреулер жыр арнаған

Шықсын енді ортаға бишілерің,

«Қазақ» биін билеумен тамсандырған.

14 наурыз - Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман - есен шыққанына қуанып, бір - бірімен қол алысады. Таң атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Үлкендер кішілерге ақ батасын береді, жақсы тілек тілеседі. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман - есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Бұл күні бүкіл жұрт шат - шадыман, көтеріңкі көңіл күйде болады.

Балалар тақпақтарын айтады:






Бекарыс:

Наурыз менің елімнің берекесі,

Жаңа жылы қазақтың мерекесі.

Шаңырағы биіктеп күнге жақын,

Ұлаңғайыр керілсін керегесі.

Қоштан:

Қымбат білген адамға сөз өнері,

Бұрқ - сарқ етіп қайнасын көжелері.

Жаңа жылда елімнің көркі өсіп,

Гүлге толсын көгеріп көшелері.

Жаңылсын:

Жарқыраттың шығыс Күнін,

Бар адамдар туыс бүгін.

Тілеп елдің тыныштығын,

Жүректерде жүр ұшқының,

Наурызым!

Т.Айару:

Аңсап жүрсең осы күнді,

Ашып таста есігіңді.

Болайықшы кешірімді,

Ән тербетсін бесігіңді,

Наурызым!

Тәрбиеші:Тәуелсіз елдің адамы,

Бейбіт күн берік қамалы.

Құт болсын дейік ағайын,

Жаңа күн Наурыз қадамы

Өлкеме Наурыз келді, көктем келді,

Құлпырып гүлге орап көк пен жерді.

Халқымның салт-дәстүлерін аялаған,

Арманы асқақтады көптен бергі.

Бүгін үлкен мереке, үлкен той! Ата - бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы! Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл. Жер жүзі көгеріп, көктеп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып жаңаратын шақ. қорада қой қоздап, түйе боздап, бір малы екеу болып, аузы аққа тиіп, мол ырысқа кенелетін жайдарман шақ.

«Наурыз көктем» әнімен барлық оқушыларды ортаға шақырамыз. Қабыл алыңыздар.

Бұл күні үлкен кішіге ақ баталарын беріп, ізгі тілек тілесетін кез.




Армысыңдар, жамағат!

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсақ, жол болсын!

Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле – жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын!

Көйлектерің көк болсын!

Қайғы - уайым жоқ болсын!

Қуаныштарың көп болсын!

Тәрбиеші:Құшақтасып, көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өріскен.

Ұлыстың ұлы күнінде

Қасында жас жеткіншек

Тұлымшағы салбырап.

Бәйбіше шығар балпиып,

Күндігі баста қайқиып.

Келіншек шығар керіліп,

Шашбаулары төгіліп.

Ұлыс күні қар еріп,

Сай - салалар гүрілдер.

Көк шөбі шығып желкілдеп,

Дүние біткен күлімдер.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!