400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аманаттың ақ ордасы- ауылым/Ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сынып/ашық тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: «№156 Нартай Бекежанов атындағы қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік

мекемесі

Сабақ тақырыбы: Аманаттың ақ ордасы-ауылым


Күні:13.12.2018

Мұғалімнің есімі:Шәкенова Айжан Серікқызы


Сынып:6А

Қатысқандардар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ мақсаты

  • Оқушылардың туған  жер, ауыл  туралы  түсініктерін кеңейту,туған  ауыл  тарихымен  таныстыру.

  • Туған  жердің  қадір – қасиетін  ұғынуға, өз  ойларын  жүйелі түрде  жеткізе  білуге  үйрету.

  • Туған жеріне , еліне деген сүйіспеншіліктерін,  ізгі

сезімін  қалыптастыру.  Отанын құрметтеуге  тәрбиелеу.


Күтілетін нәтиже

Жас ұрпақтың санасына ізгі қасиеттерді сіңіру,өткенді құрметтейтін,болашаққа бағдар жасай білетін,егемен елдің туын биік ұстар ұрпақ тәрбиелеу.

Жоспарланған бөлімдер

1.Шежірелі мекен

2.Жүрегім,жырым сенікі

Киелі далам,кең далам

3.Ұлағатты есімдер

4.Айшықты Нартай

5.Болашақтың бастауы

Құндылықтарды дарыту

Мәңгілік Ел. Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана

Өмір бойы оқуға дайын болу.

Пәнаралық байланыстар

Тарих,әдебиет,қазақ тілі


Ұйымдастыру кезеңі

Жоспарланған топтар

1.Ынтымақ

2.Береке


РесурстарҚоғам

20 қараша 2018 ж.

1.«Өскен өңір» газеті

2. https://www.inform.kz/kz/socialistik-enbek-eri-shyrynkul-kazanbaeva-gasyrlyk-gumyrga-kadam-basty-kyzylorda-oblysy_a3177918








Басталуы





































Шежірелі мекен

“Өткенін мақтан тұтып,бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту-еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы”

Н.Ә.Назарбаев

Кіріспе сөз

Зерде:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар.Бүгін біз осындай өркениетті, тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп отырмыз.Туған еліміз бен жеріміз үшін бар күшін аямаған ата-бабаларымызды қастерлеп құрмет тұту-біздің перзенттік борышымыз. Келешек ұрпаққа осындай ел мен жерді көзінің қарашығындай сақтап тапсырып кеткен оларға мың тағзым!

Нұрайым:

Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан елінің өркендеуі өз қолдарымызда. Туған елімізді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең ететін біздер. Ол үшін терең, әрі жан-жақты білімді азамат болып ержету керек.

Тәуелсіз еліміздің Көкбайрағын жоғарыда желбірету-ең асыл мұраттарымыз бен міндеттеріміз екендігін ешқашан да естен шығармаған абзал...

Бүгінгі таңда мемлекетіміздің президентінің жас ұрпаққа деген үміт отының ұшқыны,сенім артар ұландарына деген тілегі зор. Ол үмітті ақтар жас ұландар біздер, ауыл балалары!Ал аманаттың бастауы-ауыл емес пе?Ауылдан кім шықпады? Кешегі батыр бабаларымыз Бауыржан Момышұлы, ақын атамыз Абай, Қаһарман батыр Қасым Қайсенов, тіпті Елбасымыз Нұрсұлтан ата да ауыл перзенттері.

Ақбота:

Ауыл қазақтың алтын бесігі, күре тамыры. Ауыл адамзаттың кең дүниенің есігін ашып өмірге, бізге дейінгі сан толқын ұрпақтың кіндік қаны мен кең маңдай тері тамған, киелі мекені. Ана әлдиі алтын бесік, алғашқы қадам әр адамның аяулы қымбаттысы. Сондықтан ет пен сүйектен жаратылған жаратылыстың барлық иелері өз ауылын сүйетіні сөзсіз. Дүниедегі ең құдіретті ана болса, ауыл да барлық халықтың анасы, тіршіліктің нәрі.


Қойылым:«Ата өсиеті »
Ауыл шежіресі

Зерде:

Керделі ауылдық округінің алғашқы іргетасы 1928 жылы қазіргі Жиделіарық ауылында Үлгілі ТОЗ (Жер өңдеу серіктестігі) болып құрылған.

1929 жылы Жиделіарық колхозы құрылды.1932 жыл Жиделарық, Еңбекші, Ұйымшыл колхоздарын қамтитын Керделі ауылдық кеңесі құрылды. Ең алғаш ауылдық кеңесті Боқаев Сыздық деген кісі басқарды. Әр колхозда 25-35-тен шаңырақ болды, колхоздарға мүше болғандар күш көлік, соқа, саймандар тағы басқа жарна беріп мүшелікке қабылданды.

1929 жылы қыста бөлек – бөлек бірлестіктер бірігіп Бестам ауылдық кеңесіне қарасты «Үлгілі» колхозы болып бірікті. Колхоздың жалпы жиналысы шақырылып, ұжымның атын қою мәселесі қаралды. Сонда Рысдәулетов Әбен деген ағамыз тұрып, колхозымыз айналадағы елге үлгі, өнеге беретін абыройлы ел болар ма екен деген ырыммен «Үлгілі» деп қойған екен .1935 жыл басынан 1937 жылдың күзіне дейін колхоздың басқарма төрағасы болып Жаңақорғандық Қалымбетов Оспан деген кісі болды.

Нұрайым:

Ауыл тарихы бойынша ауылдық кеңес төрағасы болып 1928-1940 жылдар аралығында Шөпшеков Нұрым, 1941-1964 жылар аралығында Бәйімбетова Шәрі, 1965 – 1968 жылдар аралығында Райымбеков Уәлшер, 1969 жылы 5-6 ай көлемінде Жүсіпов Байтілес, 1970 жылы 4 ай көлемінде Ибадуллаев Саруар, 1976 жылы

Аюпов Досмағанбет, 1981-1993 жылдары Рақышев Алдаберген, 1993-1999 жылдары Мұсабаев Ниязбек, 1999-2001 жылдары Оразмаханов Жаппарбек, 2001-2002 жылдары Ақылбеков Әділхан, 2002-2004 жылдары Мұсабаев Ниязбек, 2004-2008 жылдары

Мүліков Серік, 2008 – 2015 жылдары Оразымбетова Шамшат Нығметқызы ауылдық округ әкімі болып қызмет атқарды.

2015 жылдың 27 қарашасынан бастап Ержан Файзолла Қалиұлы ауылдық округ әкімі қызметін атқарып келеді.

Ақбота:

Бүгінгі таңда Керделі ауылдық округі бойынша халық саны – 2745, отбасы саны – 494. Халықтың ұлттық құрамы: қазақтар – 2739, орыс – 1, татар – 1 және беларусь – 4.

Бүгінде ауылымызда Нартай Бекежанов атындағы мемориалдық өнер музейі, Н. Бекежанов ауылдық мәдениет үйі, № 156 Н. Бекежанов атындағы қазақ орта мектебі, Н. Бекежанов дәрігерлік амбулаториясы, «Қарлығаш» бөбекжайы, «Бал-Шырын» жеке бала бақшасы, пошта байланыс бөлімшесі ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде және 2009 жылдың қазан айында жеке кәсіпкер Б. Сүлейменовтың демеушілігімен жаңа «Арғын ата» мешіт ғимараты тұрғызылып, пайдалануға берілді.

2012 жылдың 1 қыркүйегінде № 156 Н. Бекежанов атындағы қазақ орта мектебінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді.

2014 жылы Н. Бекежанов ауылдық мәдениет үйі ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, 2014 жылдың 1 желтоқсаны Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталып, мәдениет үйі пайдалануға берілді.


Жүрегім,жырым сенікі

Киелі далам,кең далам


Ақбота:

Осынау ұлы көште өз мемлекетіміздің айшықты оқиғасына айналған Тәуелсіздік мерекесі,Тұңғыш Президент күні,Рухани жаңғыру жылы,Ұлы даланың жеті қыры,келе жатқан Жастар жылы,осы оқиғаларға куә болған желтоқсан айындағы осы күн жалғасы десек болғандай.Ауылымыздың 90 жылдық мерейтойы осындай маңызды кезеңдермен жалғасып жатыр.

Қалайша осындай қуанышты , бейбіт елде өмір сүріп жатқанда туған жерді жырламасқа? Ендеше туған жерге тағзым етіп келген оқушыларды тыңдайық!

Оқушылардың жыр шумақтары

Зерде:

Қасиетті  туған  жер! Бойымдағы  бар жақсы қасиеттерім  үшін  мен 

саған  қарыздармын.Қажырлық  пен қайсарлықты, имандылық  пен 

байсалдықты  шексіз даламнан  үйрендім.

Нұрайым:

Біздер  жас  ұрпақ,  қазақ  елінің  ертеңіміз.  Сондықтан  да  менің 

достарым  жақсы  оқып, білімді  болып  ер  жетуі  тиіс. Мен  елімнің,  туған  ауылымның  болашағы  зор  екендігіне  сенемінӨйткені  біздің  елімізде  татулық  та,  достық  та,байлық  та  бар.

Ақбота:

Мен  өзімді  және  жазиралы  кең  жерімді  сүйемін. Адам  асқақ  арманына  туған  ауылын,  жерін, Отанын сүйсе  ғана

қол  жеткізе  алады.


Ұлағатты есімдер

/Жеке жұмыс/

Зерде:Ауылдың ұлағатты тұлғаларымен таныстырып өтейік.

1.Нартай Бекежанов

2.СәрсенбекБайжанов

3.Шырынкүл Қазанбаева

4.Орынкүл Қалманқызы


Айшықты Нартай

Латын графикасы /жұптық жұмыс/

Латын алфавиттерін қолдана отырып, сөздерді жазу


Болашақтың бастауы

«Болашақ мекені» жоспары /топтық жұмыс/


«Болашақтың мекені» макетімен таныстыру

/жеке жұмыс/

Сабақты қорытындылау

«Борт журналы»

Берілген тақырып бойынша бұрыннан білетінім

Мәтінді оқып жаңадан білгенім

Болжамдар

Тың ақпараттар









Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 қазан
374
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі