Тақырыбы: Амангелді Иманов-халық
батыры
Білімділігі: Оқушыларға Аманкелді Иманов
бастаған ұлт-азаттық
көтеріліс туралы мағлұмат
беру. Оқушылардың сөздік қорын дамыту, байланыстырып сөйлеуге,
дұрыс оқуға дағдыландыру. Туған жер, туған елге деген
сүйіспеншілігін арттыру.Оқушыларды Отанын сүюге, қорғауға еліміздің
патриоты болуға елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың
әдісі: Сұрақ –жауап, түсіндіру,
әңгімелеу, ой қозғау, топтастыру.
Сабақтың
түрі: Ізденіс
сабағы
Көрнекілігі: А.Иманов суреті, тірек
сызбалар, бейнетаспалар, суреттер,
мақал-мәтелдер.
Пәнаралық
байланыс. Тарих, қазақ әдебиеті,
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру.
а) Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ә) Сабақтың мақсат міндетімен
таныстыру. Ерлік, батырлық туралы
мақал-мәтелдер айту.
“ Ер мен ел туралы” не
білеміз?
-А.Иманов кім, ол жайлы не
білеміз?
Жаңа сабақты түсіндіру.
- Сонымен
балалар, біз бүгін ұлт-азаттық көтерілістің
батыры А.Иманов жайында толығырақ білетін боламыз.
Батыр туралы оқыған,
білгендерің болса, ортаға салайық. А.Иманов туралы естелік жазушы Әліби
Жанкелдин.Әліби Жанкелдин - белгілі қоғам қайраткері, А.Имановтың
досы.
Амангелді
Иманов
↓
1873–
1919жж
Торғай уезінде
дүниеге келген
Иман батырдың
немересі
1916ж.
көтерілісті ұйымдастырушы
батыр
Торғай
ошағындағы көтеріліс жетекшісі
А. Ү. Иманов
туралы топтастыру арқылы түсіндіру.
Амангелді
батырдың ұйымдастырушылық қабілеті туралы, өз әскерін ондыққа,
жүздікке, мыңдықтарға бөліп, дұрыс соғыс тактикасын қоя білуі,
қатаң әскери тәртіп орнатуы, ерлігі туралы
айтылады.
-Амангелдіге
арналған қандай шығармалар бар?
-
1916 жылғы ұлт
- азаттық көтерілісі туралы – Омар Шипиннің «Амангелді батыр»
дастаны. Ақынның басты мақсаты Амангелді Имановты және ол бастаған
көтерілісші сарбаздардың ерлігін жырлау болған. Ақын о баста
«Амангелдің айбаты», «Губернатор келгенде» және Амангелдің әр ұрысы
туралы жеке - жеке өлең, толғаулар шығарған. Амангелдінің ерлікке
толы ғұмыры көптеген ақын - жазушылардың, суретшілер мен
композиторлардың шығармаларына арқау
болған.
-Ж. Жабаевтың
"Амангелді" поэмасы бар. А.Иманов 1873 жылы Қостанай
облысы, Аманкелді ауданында бұрынғы Қайдауыл болысында Үдербай
деген бақташының баласы.
-Аманкелдінің атасы Иман
белгілі батыр болған. 1916 жылы 25 маусымда отар халықтардан
кедейлерден 19 бен 31 жас аралығында жігіттерді күштеп майданға
қара жұмысқа алу туралы жарлық шығарды.Онсыз да жергілікті
байлардан қысым көріп отырған жергілікті халыққа ауыр тиді. Ауыл
ақсақалдары жиналып, патша жарлығына қарсы күреске ұйымдасты.Үлкен
жиында қолбасшылыққа Иман батырдың немересі Аманкелдіге
жүктеледі.
А.Иманов туралы естелік мәтіннің мазмұнымен
таныстырылады.
Кедейлерді жақтаушы,
оқыған,
аңшы,
ержүрек,шыншыл,батыр.
Атасы Иман, Аманкелді, Әкесі
Үдербай,Шәріп, Рамазан
Сөздік
жұмыс: Құралайды көзге ататын -
асқан мерген.
Н. Байғанинның «Аманкелді
батырым» атты өлеңі оқылады.
Езілген қазақ елінің
Бағы үшін туған ер.
Қалың қазақ елінің
Кегін қанмен жуған ер.
Амангелді -
батыр атам
Елін, халқын
қолдаған
Қандай қиын кез
болса да
Ел намысын
қорғаған.
2. Ақ білектің
күшімен
Ақ найзаның
ұшымен
Бабаларым
қорғаған
Ешқашанда
олардың
Есімін мен
ұмытпан.
Жергілікті сазгер А. Мұздахановтың «Аманкелді
дүбірі» атты күйі тыңдалады.
- Әліби Жанкелдин мен Аманкелді Иманов туралы не
білесің?
- «Болаттай берік, алмастай өткір», «Батыр
келбетті кесек тұлға» деген жолдар кімнің бейнесін
береді?
( Ұлт –азаттық көтерілістің жағымды және жағымсыз
жақтарын оқушылар өздері анықтайды)
Аманкелді кино фильміндегі Аманкелді рөлін
ойнаған Елубай Өмірзақов пен Аманкелдінің жары Балым рөлін
ойнаған.Ш.Жиенқұлова туралы кинодан үзінді
көрсетіледі.
-Бақыт Имановтың
«Амангелді» романы бар.
-Жазушы Ғабит
Мүсірепов "Аманкелді" пьесасында халық батырының көркем бейнесін
жасады.
-Нұрпейіс
Байғанин "Амангелді батырым" өлеңін жазды. Өлеңді мәнерлеп оқып
берді.
-Өздеріңіз
көрген бейнебаян туралы не айтар едіңіздер? (Амангелді киносынан
үзінді)
-1938 жылы Ленин
орденді "Ленфильм" киностудиясы толық
метражды
"Амангелді" дыбысты фильмін жасап шығарды. Киносценарийді қазақ
драматургі Ғабит Мүсірепов пен жазушы Всеволод Иванов бірігіп
жазды. Картина режиссері Мойсей Левин болды. Бұл көркемөнер
туындысы қазақтың тұңғыш дыбысты фильмі болды. Басты рөлді, яғни
Амангелді бейнесін театр актеры Елубай Өмірзақов
сомдады.
-Халық
суретшілері Әбілхан Қастеевтің - "Амангелді" портреті, "Амангелді
шабуылы", "Торғай жорығы" картиналары
бар.
-Қ. Телжанов -
"Амангелді", "Амангелді қызыл атты әскері", Амангелді образы
тартымды бейнелеген.
-Жалпы еліміз,
халқымыз батырларын дәріптей білген ел. Аманкелді Имановтың туған
ауданы және республиканың көптеген колхоз, совхоздары батырдың
есімімен аталады. Алматы қаласында және көптеген аудан, облыс
орталықтарында батырдың ескерткіш мүсіні орнатылған. Атырауда А.
Иманов атындағы көше, Балықшы ауданында ауыл болса, Құрманғазы
ауданында да мектеп пен көшеге батыр есімі
берілген.
Бекіту
сұрақтары:
1. Амангелді
Иманов кім?
2. Амангелді
Иманов қай кезеңдегі көтеріліске жетекшілік
етті?
- 1916 жылғы ұлт
- азаттық көтеріліске биыл 102 жыл толғалы отыр. Бұл көтерілісте А.
Иманов атамыздан басқа да батырлар қол бастап отаршылдық саясатқа
қарсы шықты.
Бұл жұмыр жерде
Париж баррикадасында көтерілген Қызыл ту, "Аврора крейсерінде"
көтерілген Қызыл ту, одан кейін Торғай даласында Аманкелді
Имановтың сарбаздары көтерген Қызыл туды адамзат тарихы ешуақытта
ұмытпақ емес!
"Қазақтың
Ленинграды" атанған Торғай даласындағы халық батыры Амангелді
Иманов есімі келер ұрпақ есінде мәңгі сақталары
сөзсіз.
Ақ білектің
күшімен, ақ найзаның ұшымен елімізді, жерімізді қорғаған батыр
бабаларымыз аңсаған Тәуелсіз ел болғанымызға да 27 жыл толып
отыр.
Елбасымыз
ұсынған "Мәңгілік ел" саясаты да Тәуелсіз Қазақ елінің жарқын
болашағын айқын көрсетіп тұрған жоқ па?! Ендеше, ата - бабаларымыз
армандаған тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Еңбекшіқазақ аудандық білім
бөлімінің
«Шелек ауылындағы №1 орта
мектебі»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Амангелді Иманов - халық
батыры
Ізденіс
сабағы
\5 «А,Ә»
сыныптар\
Демеева.А.Б