«Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі:
А.Б.Тохлиева
Күні: 13 .03.2018ж Пәні: Әдебиет Сыныбы:
6а
Сабақтың
тақырыбы: Әбділхамит Марқабаев
«Ғарыштағы қымыз»
Мақсаты: 1) Әбділхамит
Марқабаевтың өмірбаяны жайлы мәлімет беру. «Ғарыштағы қымыз»
әңгімесін оқып түсіндіру.
2) Өз ойын еркін жеткізе білуге
дағдыландыру.
3) Өз ойын дұрыс айта
білу негізінде әдемі сөйлеуге
баулу,
ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
Жаңа материалды
игеру.
Сабақтың көрнекілігі:
суреттер, өмірі туралы
мәлімет
Сабақтың әдісі:
Сұрақ-жауап, әңгімелесу,
талдау,
Пәнаралық
байланыс: Қазақ
тілі, астрономия
Сабақ
барысы
І. Ұйымдастыру
кезеңі. Сәлемдесу. Оқушының назарын сабаққа аудару.
Топқа бөлу.
І топ
Ғарышкерлер ІІ топ Дәрігерлер ІІІ топ Бөгде
ғаламшарлықтар
Әр топты өз атауларымен
таныстырып, неге олай атағаным туралы өздерінен сұрау арқылы
ой шақыру.
ІІ. Жаңа сабаққа
кіріспе. «Ойлы болсаң озып көр»
- Фантастика дегеніміз не?
- Сіздер фантастикалық кинолар мен әдебиеттер оқисыздар
ма?
- Жерден басқа күн жүйесінде неше планета бар?
- Ол планеталарда адамдар тұрады ма?
5-мин.
ІІІ. Жаңа сабақ
барысы.
Фантастика – көркем бейнені ой елестерінен, қиялдан шығарып,
шындықты табиғи қалыптан тыс әсерелеп көрсететін шығарма. -
Фантастиканы жазатын адамдарды фантаст жазушы деп
атаймыз.
Әбділхамит Марқабаев туралы
таныстырамын.
Арал теңізінің
батыс жағалауына жақын
орналасқан, «Ауан» деп аталатын алақандай елді мекенде
қарапайым наубайшы Файзулла шаңырағында 1938 жылы Абдул-Хамид
Мархабаев дүниеге келеді.
Соғыстың орта шенінде наубайшы әкесін, өз қатарластарымен қоса,
Арал қаласына әскерге алып кеткені оның еміс-еміс көз
алдында. Наубайшы боп әкесінің орнына шешесі қалады.
Ананың мақсаты – үйдегі балаларының қарнын ашырмау. Абдул-Хамидтің
үлкен ағасы сол кезде оба індеті шыққанда осы ауылдан кішігірім
кеңсе ашқан болатын. Сол кеңсеге екінші ағасы он
үшке толмаған жасында аяқ
киімсіз, жалаңаяқ барып келіп жүргені оның
есінде.
Әбділхамит Марқабаев – жазушы, ғалым, филология ғылымдарының
докторы,профессор ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) филология факультетін бітірген.
1964 – 67 жылдары «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде») журналында
әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі
қызметтерін атқарған. Тұңғыш жинағы 1972 жылы «Ғарыштағы қымыз» деген
атпен жарық көрді. Мархабаевтың «Арал әуендері», «Балалардың аман
қалғанын айт!», «Тосын ғарышхат», т.б. ондаған көркем шығармалары
жеке кітап болып шықты.
( Әр топқа үзінділер
беріледі.)
І топ
Ғарышкерлер
ІІ топ
Дәрігерлер
ІІІ топ Бөгде
ғаламшарлықтар
ІҮ. Жаңа сабақты
пысықтау.
1/ Суретшілер сайысы.
Әр топқа
плакаттар, қарындаш беріп. Басқа планетаны, бөгде
ғаламшарлықтарды қалай елестететінін
бейнелеу.
Ү. Сабақты
бекіту.
Бөгде ғаламшарлық ақсақалды емдеген қандай
сусын? Қымыз туралы не
білеміз?
Үйге
тапсырма. Барлығына: Шығарманы оқып,
жоспар құру. Әбділхамит Марқабаев туралы қосымша
деректер жазып келу.
Күн жүйесіндегі планеталардың
ерекшелігі (Аршат, Дәнел)
ҮІІ. Бағалау. Жұлдызшаларды санап, жұлдыз санына қарай
бағалау.