400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әмбебап дүкенде 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспар. сабақ атесттатциядан өтуге керек сондықтан сабақтар жариялап отырмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Әмбебап дүкенінде.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: берілген тақырып арқылы оқушылардың сөйлеу тілін қалыптастыру, белсенді сөздік қорын молайту.

Дамытушылығы: жүйелі сөйлеуге, ойын дәлелді жеткізуге дағдыландыру, сөздік қорларын байытып, тілдерін дамыту.

Тәрбиелігі: оқушыларды өзара сыйластыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: дәстүрлі емес сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс, өздік жұмыс, класстер.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, оқулық, сурет.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-Тапсырманы дерлік орындадық па? (үйге берілген тапсырманы жалпылай сұрақтармен және жекелеп сұрап шығу)

III. Жаңа сабаққа даярлау:

-Кім айтады, сендер дүкеннен сауда жасайсыңдар ма?

-Дүкеннің қандай түрлері бар?



ДҮКЕН





IY. Жаңа тақырып:

1. Мәтінге дейінгі жұмыс:

а) берілген сөздердің оқылуымен, аудармасымен, қолданылу аясымен таныстыру

ә) сөздерді хормен, жекелеп оқытып шығу

б) сол сөздерді қатыстыра отырып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрату

Сөздікпен жұмыс:

әмбебап дүкен – универсальный магазин қолшатыр – зонт

киім – кешек дүкені – магазин для одежды қуыршақ – кукла

аяқ – киім дүкені – магазин обуви сусабын - шампунь

тіс пастасы – зубная паста тіс щеткасы – зубная щетка

1. Мәтінмен жұмыс:

-берілген мәтіннің оқылуын үнтаспадан тыңдату

-оқушыларға жекелеп, кезекпе-кезек оқытып шығу

-мәтінді аударту

Әмбебап дүкенінде

Біздің үйдің жанында шағын әмбебап дүкені бар. Дүкеннен керек

заттардың барлығын табасыз. Мысалы: жуғыш заттар, үй шаруасына керекті құралдар, сөмкелердің түр- түрі, тұрмыстық заттар, балаларға арналған ойыншықтар, тіпті кеңсе заттарын да сатып алуға болады. Анам екеуіміз әмбебап дүкенінен сусабын, тіс пастасын, сабын сатып алдық. Анам маған кішкентай қуыршақ пен қолшатыр сатып әперді.

3. Мәтіннен кейінгі жұмыс:

Топпен жұмыс.

Әр топ мәтінге 3 сұрақтан дайындайды. Сосын бір-бірлерінің сұрақтарына жауап береді.

Тақтамен жұмыс.

-Мәтін ішіндегі бірінші, екінші сөйлемдерді буынға бөліп жазып, буын түрлерін ажырату.

-Үшінші сөйлемге морфологиялық талдау жасау.

Өздік жұмыс.

-Әмбебап, дүкен сөздеріне фонетикалық талдау жасау.

V. Бекіту.

-Сонымен бүгінгі сабақта не істедік?

-Қандай жаңа сөздермен таныстық?

-Қандай мәтін оқыдық?

-Мәтінде не туралы айтылды?

VI. Бағалау.

YII. Үйге тапсырма:

-Буын, жалғау түрлерін, сөз таптарын қайталау.

-27-бет 3-тапсырма. Төмендегі сөздерді кестеге орналастырыңдар, олармен 5 сөйлем құрастыр.


Сырт киім

Бас киім

Аяқ киім








Етік, көйлек, орамал, свитер, белдемше, сөмке, тымақ, күртке, пальто, шалбар, туфли, жейде, бәтеңке, бөрік, құлақшын, биалай, қалпақ, камзол, сәукеле, шапан, камзол, мәсі.


YIII. Рефлексия:


Сабақ керемет өтті Сабақ жақсы өтті Сабақ нашар өтті







IX. Сабақ соңы.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қараша
855
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі