400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әмбебап ұстаздар сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға қосымша материал ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы


Жүргізуші: Қайырлы күн! Қадірменді бүгінгі сайысымыздың қонақтары, ұстаздар!

Еліміздің ұстаздары аман болсын,
Ұстаздар жел өтпейтін пана болсын.
Сіздерге тек тілейміз аманшылық,
Болсын тек әрқашанда бейбітшілік, -деп 21-ғасырдың әмбебап ұстаздарынан құралған топтық сайысымызға қош келдіңіздер!

Осындай тапқыр достар кез-келген де,
Жетсін-ау, жарыстарда жеңгенге не?
Қарсылас болғанменен, әріптессіз.
Тілейміз ізгі тілек сіздерге де!- Құрмет пен қошемет көрсетіп, сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.

Әділ қазы мүшелері, армысыздар!
Қош кепсіз, есен-сау бармысыздар?
Сіздерге үміт артқан мұғалімдер,
Әділдікпен төрелік айтыңыздар- деп әділқазы мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Мектебіміздің оқу әдістеме жөніндегі орынбасары: Рысмендиева А.Н.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Талипова Г.Т.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Уалихан Ж.

Ендеше, әділ қазылар мен сайыскерлерімізді сайыс шартымен таныстырайық.

Әр топқа жеке - жеке ұпай бересіздер. Әр сұрақтың толық жауабы 1 ұпаймен есептелінеді.

Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады:
1. «Сәлем – сөздің анасы» (әр топ өздерін таныстырады)

2. Логикалық сұрақтар
3. Ойын кезеңдері

4. Жұлдызды табу


  1. «Сәлем – сөздің анасы» дегендей сайыскерлеріміз өз топтарын таныстыруға кезек берейік. (әр топ өздерін таныстырады)


  1. Келесі кезеңіміз логикалық сұрақтарға жауап беру. Әр сұраққа бір ұпайдан беріледі, ендеше назарымызды интербелсенді тақтаға аударайық.

(Слайд көрсетіледі)

1.Айгерімнің әкесінде 3 қыз бар: Гүлсая, Жансая және …..?Айгерім

2. Астанадан Қарағандыға жету үшін 2 сағат 30 минут қажет. Ал Қарағандыдан Астанаға қайтуға 150 минут керек.

Неге олай?150 минут = 2 сағат 30 мин

3.Тауық өзін құспын деп айта ала ма? Жоқ, ол сөйлей алмайды

4.Жаңбыр екі күн қатарынан жаууы мүмкін бе?Жоқ, өйткені олардың арасында түн бар.

5. Автобус ауылға жүріп келе жатыр. Ол қарама-қарсы бағытта келе жатқан 3 автокөлікті көрді. Ауылға неше көлік бара жатыр?

6.Саябақтың ішінде 6 орындық тұр. Оның екеуін бояп қойды. Саябақта неше орындық қалды? 6

7.Оқушы мектепке 15 минутта жетеді. Ал 3 оқушы бұл жолды қанша уақытта өтеді?15

8. Термометр 15 градусты көрсетіп тұр. Дәл осындай екі термометр нешен градусты көрсетеді?15

9. Жаңбырдың кезінде кімнің шашы суланбайды?Тақырбас адамның

10. Сиыр неге жерге жатады? Өйткені, отыра алмайды.


3. Сайысымыздың қатысушылары әр пәннің ұстаздары болғандықтан

пәнаралық сұрақтарға кезек берейік. Тез жауап берген топқа бір ұпайдан беріледі. Назарымыз тақтада болсын, ендеше.

Сұрақтар:

1. Қай кезде 15 санына қарап тұрып, 3 деп айтамыз?

2. Қарсы топқа ағылшын тілінде сәттілік тілеп, жылы лебіз айтыңыз.

3. Қазақ хандығы тағында ең ұзақ отырған хан және қанша жыл биледі?

4. Жағдаят: оқушылар сіздің сумкаңызға қар салып қойды, бұл жағдайдан кейінгі сіздің әрекетіңіз?

5. Информация қабылдаушы және шығарушы құрылғылардың аты?

6. Қай жылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы тойланады?


4. Ойын кезеңдері.

Әннің мәтінін жалғастыра отырып, шырқа

  1. Еду, еду қашықта.....................

  2. Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын.........

  3. Жас едім өмірге еркін бойламаған........

  4. Іздегенде табылатын қасыңнан...........

  1. Жұлдызды тап

Шарты: суретке қарап қай әнші немесе актер екенін табу.

1. «Жаужүрек мың бала» фильмінде басты тұлға Сартайды сомдаған(А.Төлепов)

2. «Қыз Жібек» филімі

3. «Шал» фильмі режисері: Ақан Сатаев.

4. «Құнанбай» фильмі


Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін әділ қазыларға берейік.
Арамызда білімді достар көп екен,
Солардың біз нәтижесін көрейік. – деп бүгінгі сайысымыздың да өз шешімдерін шығарғанша ән - шашуға кезек берейік.
Ортаға әділқазы мүшелері шығып, қай топтың жарыс барысында қанша балл алғандығын хабарлайды.

Қорытынды. ХХІ ғасыр – Білім ғасыры. Ендеше, білімімізді шңдаудан шаршамайық. Еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл - қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім беруде шаршамай, талмай еңбек етіп, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер. Біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше күн нұрлы болсын! – дейміз.


































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 ақпан
511
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі