Пән мұғалімі :Кеншинбаева
Гульмира Парменкуловна
Пәні:География
11-сынып
Сабақтың тақырыбы:
Америка Құрама Штаттары экономикалық -
географиялық жағдайы. Мемлекет тарихы.
Сабақтың негізгі
мақсаттары:
Мемлекет тарихы мен геосаяси жағдайын анықтап, оқушыларға оқытудың
жаңа әдіс - тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс жасау
дағдыларын қалыптастыру
Білу. АҚш - тың экономикалық жағдайын және мемлекет тарихына
геосаяси жағдайына сипаттама беріп түсініктерін қалыптастырады.
Түсіну: Ақштың маманданған салаларын ажыратып сипаттай алады.
Қолдану: Оқушылар өздігінен білім алуды, картамен жұмыс жасауды,
мәтін бойынша берілген тапсырмаларды ой елегінен өткізіп өзіңді ой
қалыптастырады.
Бағалау: өзара бағалау және өзін - өзі бағалау.
Қажетті ресурстар: үлкен телевизор, ноутбук, фильм, постер,
презентация, оқулық, карта, бағалау парағы, интернет
материалдары.
1. Бөлім
Кіріспе.
І Ұйымдастыру.
Сынып оқуышармен амандасып жағымды психологиялық ахуал
қалыптастыру
Сергіту сәті
«Макарено биі»
Оқушыларды жұпқа бөлу. Бағалау парағы таратылады
ІІ. Үй
тапсырмасын сұрау
Алдыңғы тақырып бойынша үйге берілген тапсырма бойынша оқушылардың
жұмыстарын тексеру.
1. Американың қоныстану және игерілуі
Географиялық диктант
Жеке жұмыс ( әр сұрақ 1 балдан барлық дұрыс жауапқа 5 балл)
1. Солтүстік Америка жеріне осыдан шамамен 40 мың жыл бұрын...
қоныс аударушылардың алғашқы легі келіп жетті.
2. Алғашқы қоныс аударушылар құрлықта аң...,...,..., аулап,
терімшілікпен күнелткен.
3. Еуропалық пен үндістердің некесінен туғандарды..., еуропалықтар
мен Африкалықтардың ұрпақтарын..., ал африкалықтар мен үндістердің
некесінен туғандарды..., деп атайды.
4. Ғалымдар Америкадағы алғашқы отырықшы мекен осыдан 10 мың жыл
бұрын қазіргі..., маңында пайда болған деген болжам жасайды.
5. Еуропалықтар келген кезде үндістер саны шамамен..., млн
болған.
Жауабы:
1) Азияның солтүстік - шығысынан, 2) мамонт, қойөгіз, аю.
3) метистер, мулаттар, самбо. 4) Чикаго маңында. 5) 40 млн
болған.
Оқушының сыныптастарына сыйы.
2. Өздік жұмыс оқушы презентация жұмысын көрсетіп қорғайды.
2- кезең. Тұсаукесер
ІІ. Қызығушылығын ояту.
Ортақ жұптық жұмыс
Сәйкестендіру тест
Әр топ берілген тапсырмалары бойынша өз пікірлерін ортаға салып
талдап қай мемлекет туралы айтылғанын анықтайды. Бұл АҚШ
мемлекетімен байланысты берілген тапсырмалар, олай болса бүгінгі
сабағымыздың тақырыбы Америка Құрама Штаттары. АҚШ – тың
экономикалық – географиялық жағдайы. Мемлекет тарихы.
Дәптерлеріңізді ашып сабақтың тақырыбын жазыңдар.
І. Ақпараттық – танымдық саты. (АҚШ туралы мәлімет).
Кластер құру 3 минут ішінде АҚШ - тың географиялық орнын анықтау. (
5 балл)
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
АҚШ - Америка Құрама Штаттары (ағылшынша: The United States of
Amerika ) - Батыс жарты шарындағы ірі ел. Оның барлық жері түгелдей
дерлік Солтүстік Америкада. Шығысынды Атлант мұхитымен, батысында
Тынық мұхитымен шайылады. АҚШ - көптеген атақты тұлғалардың отаны.
Соның ішінде аса көрнекті саяси қайраткерлер Бенджамин Франклин,
Авраам Линкольн, Томас Эдиссон Марк Твен тағы басқалардың
отаны.
Президент – мемлекет басшысы, ол бас әскери қолбасшы, ол заң
жобасын жою құқығына ие болады. Төрт жыл мерзімге сайланады. Ең
алғашқы президент Джордж Вашингтон 1789 жылы 30 сәуірде сайланды.
Ортағасырдағы астролог Районер «Қара өрмекші» атанған 15 ғасырда
Американы 44 президент басқарады деп болжам жасаған. Қазір АҚШ – ң
мемлекет басшысы болып 44 – і президент Барак Обама басқарады.
Президент Ақ үйде отырып басқарады. Ол Вшингтон қаласында
орналасқан. Ақ үй деп атауы, өрттен кейін ақ сырмен сырлауына
байланысты аталып кеткен.
Жұптық жұмыс (10 баллдан өзара бағалау)
1 жұпқа: АҚШ - тың физикалық географиялық және экономикалық –
георафиялық жағдайы туралы
2 жұпқа: Мемлекет тарихы.
Екі топ берілген тапсырма бойынша мемлекет тарихына геосаяси
жағдайына анықтама беріп постер жасап қорғайды.
ІІІ. Негізгі бөлім
Мұғалімнің оқушыларға сыйы.
Бейнефильм көрсетілімі.
Сынып бойынша ортақ топтық жұмыс
3 тапсырма. Геосаяси жағдайы.
Ортаға жеке парта қойылады
(оқушылар саны аз болғандықтан оқушылар бірігіп АҚШ - тың геосаяси
жағдайына резюме толтырады) Геосаяси жағдайы.
Оқушылар АҚШ - тың геосаяси жағдайының басты ерекшеліктерін
анықтайды.
АҚШ – тың геосаяси жағдайы, ұстанған саяси бағыты, ең алдымен оның
дүние жүзіндегі айрықша орнымен анықталады.
АҚШ 20 ғасырдың басында бейтарап саясат ұстанатын жариялағанымен,
дүние жүзінің саяси картасын түбегейлі өзгерткен аса маңызды саяси
оқиғалар бұл мәлемдемені іс жүзінде асыруға мүмкіндік бермеді.
Қандай саяси оқиғалар?
Біздің елімізбен Ақш арасындағы жан - жақты қарым - қатынастар
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алған соң дами бастады.
Қазақстанға 1993 - 2000 жылдары келіп түскен тікелей
инвестициялардың 34 пайызы АҚШ үлесіне тиесілі болды, ал оның жалпы
көлемі 4 млрд 207 млн. АҚШ долларын құрады. Қазақстанда АҚШ – пен
бірлескен кәсіпорындар саны көбейіп келеді.
Мұғалім бағалайды.
Сабақтың қорытынды кезеңі:
Оқушылар жинаған балдарын есептейді мұғалім қорытынды баға
айтады.
Оқушылар кері байланыс жасайды.
Не ұнады......................................
Не қиын болды........................
Тілегім................................
Үйге тапсырма: АҚШ - тың экономикалық географиялық жағдайы. Оқып
келу
Бағалау парағы
Өзін - өзі бағалау
30 - 35 тен жоғары 5 (бес) алады, 25 - 30 - дан жоғары 4 (төрт)
алады, 25 - тен төмен 3 (үш) алады (Ескерту бағаны нақты әділ
қойыңыздар).