Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
"Америка Құрама Штаттарының туристік нысандары" атты интербелсенді сабақ
Материал туралы қысқаша түсінік
ағылшын тілі мен география пәндерінің интербелсенді әдістемелік сабағы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
15 Ақпан 2019
341
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың мақсаты:Білімділік:Америка Құрама Штаттарының туристік нысандары туралы түсінік беру;Дамытушылық: Интернет русурстарын пайдалану, картамен жұмыс арқылы шығармашылық, дүниетанымдарын кеңейту, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қиялын дамыту;Тәрбиелік: Табиғатты аялай білуге тәрбиелеу, екбексүйгіштікке баулу.Сабақтың түрі: аралас, дәстүрлі емес.Пәнаралық байланыс: география, ағылшын тілі, туризм, дүниежүзі тарихы.Сабақ көрнекіліктері: проектірлік тақта, презентация, атлас, контур картасы, маркер, фломастер, бағалау долларлары, үлестірмелі материалдар.
Сабақтың барысы:
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Топқа бөлу
- «Аукцион» ойынын ойнау (ойынның шартын түсіндіру)
- Вашингтон көздің жауын алатын әсем ғимараттармен ерекшеленеді. Бірақ үйлері онша биік емес, Вашингтонда үйлер көбіне 4-5 қабаттан артық емес. (+)
- Американың көрнекті мемлекет қайраткері, елдің тұңғыш президенті – Джордж Вашингтон (1632-1699) жылдары өмір сүрген. (-), (дұрыс жауабы:1732-1799)
- «Доллар» сөзі неміс тілінен енген (+). 1794 жылы «доллар» тәуелсіз мемлекеттің ресми валютасы болып бекітіледі.
- Қазір Чикагодағы ұзындығы 443 метрлік «Сиэрз» мұнарасы АҚШ-тағы ең биік ғимарат болып саналады. (+)
- АҚШ 1775 жылы тәуелсіз декларациясы болып жарияланды (-) (дұрыс жауабы: 1776 жылы)
- АҚШ Парламенті — Конгресс деп аталады. Конгресс тұрақты негізде жұмыс істейтін үш палатадан тұрады. (-) (дұрыс жауабы: Сенаттан және Өкілдер Палатасынан тұрады)
- Медициналық көмекті негізінен жеке меншік дәрігерлер көрсетеді. Дәрілер мен ауруханадағы төсектердің саны едәуір болғанымен, медициналық көмек еңбекшілер бұқарасына қымбатқа түседі. (+)
- АҚШ музыкасы 18-ғасырдың 2-жартысында түрлі ұлттар мәдениетінің тоғысуы негізінде туып, қалыптаса бастады. Америкаға алғаш қоныстанушылар Еуропа музыкасының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрін ала келді. (+)
- Қарашаның он бірі АҚШта тәуелсіздік күні деп тойланады. (-) (дұрыс жауабы: алғыс айту күні)
- АҚШ үкіметі үш тармаққа бөлінеді: заң шығарушы, атқарушы және сот. (+)
- — — АҚШ– Ұлыбритания соғысы (-) (дұрыс жауабы: АҚШ– Мексика соғысы)
- Елдің батысында орманды жерлер көп, мұндағы ауа рай қоңыржай күл топырақты және құм топырақты болып келеді. (-) (дұрыс жауабы: елдің шығысы субтропикалы болып келеді).
- АҚШ халық саны жағынан дүние жүзінде 4-ші орында (Қытай, Канада, Ресейден кейін). (+)
- Американ әншісі, әндер авторы, продюсер, биші, актриса, режиссер, сценарист – Мадонна Луиза Вероника Чикконе 1958жылы 16тамызда, АҚШтың Ньюарк, Нью Джерси штатында дүниеге келген. (-) (дұрыс жауабы:АҚШтың Бэй-Сити, Мичиган штатында дүниеге келген).
- АҚШ ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі жағынан дүние жүзінің кез келген елін басып өтеді. (+)
- «Әйгілі фильмдердің саунтректерін табу». Әрбір топқа әйгілі 5 фильмнің саунтректтері қойылады, егер қазақша немесе орысша нұсқасының атауын тапса 100$ ал ағылшынша нұсқасын да тапса, 200$-мен бағаланады.
- «Есте сақта» ойыны. Партаның үстінде АҚШ жайында мәліметтер жатады, сол партаның қасына барып, мәліметті оқып, өз партасының үстінде жатқан қағазға есте сақтай отырып жазады. Әрбір дұрыс мәліметтер 200$ бағаланса, қате кеткен немесе соңына дейін жаза алмаған жағдайда 100$ бағаланады.
- Солтүстік Америка жеріне осыдан шамамен 40 мың жыл бұрын, Азияның солтүстік - шығысынан қоныс аударушылардың алғашқы легі келіп жетті.
- Еуропалық пен үндістердің некесінен туғандарды метистер, еуропалықтар мен Африкалықтардың ұрпақтарын мулаттар, ал африкалықтар мен үндістердің некесінен туғандарды самбо деп атайды.
- Алғашқы қоныс аударушылар құрлықта аң – мамонт, қойөгіз, аю аулап, терімшілікпен күнелткен.
- Халықтың діни құрамы алуан түрлі, халықтың көпшілігі христиан дінінің әр түрлі бағытта-рын ұстанған өкілдері құрайды.
- АҚШ – тың дүниежүзілік нарықтағы бәсекелесі еуропалық елдер, бұл елдермен сыртқы экономикалық қатынастары даму үстінде.
- АҚШ-тағы Гарвард, Бостонда 1636 жылы негізі қаланған және Колумбия, Нью-Йорк 1754 жылы қаланған осы университеттердің тек қана америкалықтар ғана емес басқа елдерден келген студенттер де білім алады.
- АҚШ ақпараттық технологиялар, ғылым мен білім саласында дүние жүзі елдерімен байланыс жасайды.
- Елдегі ең маңызды порттық кешендер Атлант мұхитымен мен Мексика шығанағы Тынық мұхиты жағалауындағы қолайлы аймақтарда шоғырланған.
- АҚШ халқы ұдайы өсуі жөнінен қазіргі заманғы типке жатады: туу өте төмен (14,2%), өлу коэффиценті 8,6%, яғни халықтың орташа жылдық өсуі 5,6% тең.
- «Аудио тапсырма». Барлық топқа аудио жүргізіледі. Қалып қойған сөздерді толықтырып жазу керек.
- «Сергіту сәті». Қазір барлығымыз денемізді бос ұстап, ыңғайланып отырамыз да, көзімізді жұмамыз. Дәл қазір өзімізді Қазақстаннан сонау алыста мұхиттың арғы жағындағы, Нью-Иорк пен Чикагодан кейінгі, АҚШтың ең әйгілі қаласы Флорида штатында орналасқан дүние жүзіне танымал курорты бар қала –Майамиге бір сәт саяхат жасайық. Көз алдымызға елестетеміз. Біз әдемі Атлант мұхитының қайталанбас керемет жағалауындағы Майами қаласын эксклюзивті яхта жағалауы, алтын нұрын шашып тұрған күн, көкпеңбек ашық аспан, соққан асау толқындары, сылдырлаған күмістей судың даусы естіледі... Көзімізді ашамыз.
- «Ситуациялық сұрақтар».
- Сіздер бейтаныс жерге кемемен жүріп жергілікті адамдармен тіл табыспақшы болып, оларға әр түрлі сұрақтар қоя бастадыңыз. Олар сіздерге «кенгуру» деген сөзден басқа жауап айтқан жоқ. Сіздер қай жерге келдіңіздер және адамдар не деп жауап берген екен? (Австралия материгі, жергілікті тұрғындар тілінде «кенгуру» сөзі «түсінбедім» деген мағынаны білдіреді).
- Италияда ит үңгірі деген үңгір бар. Оның түбінде ұдайы CO3 газы тұнып тұрады екен. Үңгірде адам еркін жүре береді екен, ал ит болса ұзамай ақ сенделіп барып құлайды екен. Не себепті деп ойлайсыз? (Газ жерден 1метрден артық көтерілмейді екен, ит сондықтан құлайды).
- Сіздер бұл материкте оқымысты ғалымдардан басқа адамды кездестірмейсіздер. Бірақ ешқайсысы зәулім ғылым институттарында жұмысқа бармайды және қарапайым вагон үйлерде тұрады, бұл қай материк және қай халық? (Антарктида және зерттеушілер)
- «Сиқырлы пошта». Топ басшыларының алдына сандықша қойылады, сандықшада жемістер жасырылады. Бүгінгі сабақты қорытындылай келе, сабақтың қалай өткенін сол жеміспен теңестіре отырып сипаттайды.
- Жеңімпаз топты айту.Жиналған долларларға тәттілер сатып алу.
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)