|
Пәні, мерзімі:
Сабақ жоспары:
|
География 20.01.2016 жыл Э.Тойлыбаева
11 « Г» сынып
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Американың ашылуы және
игерілу кезеңдері.
|
|
Сабақтың мақсаты:
|
а)
оқушыларға Американың ашылуы туралы мәлімет бере отырып, сабақты
өздері талдап, саралап, салыстыра отырып түсінулеріне
бағыттау;
б) оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және
топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту, ойын,пікірін
еркін жеткізе алуларына көмектесу,көзқарасын дүниетанымын
кеңейту
|
|
Күтілетін нәтиже:
|
Американың
қоныстану және игерілу тарихын біледі,өз ойларын жинақтай
алады,ізденеді,алған білімдерін ортада жеткізе алады.
|
|
Оқытуда қолд.әдіс
тәсілдері:
|
Миға
шабуыл,«Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі, сұрақ-жауап,әңгіме-дебат, « Екі
жұлдыз, бір тілек», «сөйлемді толықтыру», «кезбе тілші»,
рефлексия.
|
|
Модульдер:
|
Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО,
Көшбасшылық, ОүБ және оқуды бағалау, дарынды және талантты оқушыны
оқыту
|
|
Ресурстар:
|
Карта, оқулық, суреттер, желі мәліметтері және кеспе
қағаздар, маркер,стикер,флипчарт.
|
|
Уақыты
|
Мұғалімнің іс -
әрекеті
|
Оқушының іс
- әрекеті
|
|
Кіріспе : 1.Ой қозғау
6 минут
(білу)
|
1.
Сәлемдесу, түгендеу.
Оқушыларды Чехия мемлекетіне қатысты сөздер
арқылы топқа бөлу: ЭГЖ мен мемлекеттік құрылымы; табиғат жағдайы
мен ресурсы; халқа мен шаруашылығы.
Үй тапсырмасына кері байланыс ретінде әр топ өз
топтарының атауын қорғайды.
Қортындылау.
|
Амандасады,кезекші оқушы жауап береді.
Бірдей сөздер бойынша 3 топқа бөлінеді.
Тақырыптары бойынша жауап береді,өз ойлары мен пікірлерін
айтады.
|
|
Негізгі бөлім:
2а) Мағынаны тану
7
минут
(түсіну)
2б)практикалық бөлім
16
минут
(қолдану)
(талдау)
|
Миға шабуыл.
1.7 сыныпта өтілген Американың ашылу тарихын еске
түсіріңдер. 2.Америка дүние бөлігінде қандай еуропалық
мемлекеттердің иелігі болды? Сабақ мазмұнымен таныстыру: Слайд -
таныстырылым
Солтүстік Америка жеріне шамамен 40 мың жыл бұрын Азияның
сол-шығысынан қоныс аударушылардың алғашқы легі келіп
жетті.
25
мың жылдай бұрын Азиядан қоныс аударушылардың екінші легі келіп
жетті.Отырықшы мекен 10 мың жылдай бұрын Чикаго маңында п.б
деген.Еуропалық келгенге дейін Америка жерінде ацтектер,майя,инктер
құрған аса ірі үш мемлекет болды.ХYI ғасырдың басында Американы
жаппай жедел отарлау басталды.Екі жарым ғасыр бойы асыл тастан
жасалған бұйымдар тоқтаусыз тасылды.
«Сөйлемді толықтыру» әдісі бойынша топтарға тапсырма
беру:

1
топ -қоныстану мен игерілу тарихы 2топ -тайпалар 3топ
-еуропалықтар.
«Ойлан- жұптас- бөліс» әдісі бойынша жаңа сабақты
меңгергенін білу
Бір – бірін тыңдап өзара бағалау болады.
Мұғалім берілген
тапсырмалардың ықпалдаса отырып өз деңгейінде орындалуын
қадағалайды.
|
Оқушылар өз білгендері мен оқығандарын еске түсіріп
айтады.
Слайд – таныстырылымды көреді, тыңдайды, мәліметтер
алады.
Әр
топ мұқият тыңдайды
дәптерге керек мәліметтерді жазады.
Картадан жерлерді көреді
Топтық жұмыс орындайды,жаңа тақырыпты талдай отырып
меңгереді,бірлесе отырып жұмыс жасайды.
«Сөйлемді толықтыру» әдісі бойынша тапсырмаларын
түсіндіреді,қорғайды
|
|
Қортынды: 3.Ой толғау.
10минут
(жинақтау)
2
минут
2
минут
(бағалау)
|
Сабақты бекіту: екі топқа біріктіру санамақ
бойынша; (1,2сандары)
І топ:«Кезбе тілші» әдісі бойынша рөлдік
тапсырма беріледі. Тапсырманың орындалу барысына қарай
бағаланады.

ІІ топ: «Негізгі сөз» әдісі бойынша тапсырманы
орындатады

Рефлексия « авторға хат»
«екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау.
|
Оқушылар 2 топқа бірігеді.
Оқушылар тақырып мазмұнын рөлдік ойынға салып ашуға
тырысады.
бағалайды.
Оқушылар тапсырманы орындайды.Негізгі сөздерді флипчартқа
жазып,сол сөзді қолданбастан тақырыпты мағынасын
түсіндіреді.
Екі топ мұғалімге сабақ туралы өзіндік ойтолғауларын
параққа жазып береді,
Топ мүшелері бір – бірін
бағалайды
|
|
|
Үйге тапсырма: §34 оқу.
Тақырып соңындағы сұрақтар
мен тапсырмаларды орындау.
|
Үйге тапсырма
алады.
|