Лекция
№5
Ампер
күші. Электроқазғалтқыштың әрекет
принципі. Магнит өрісінің қозғалыстағы
зарядқа әсері
Магнит
өрісі қасиеттерінің бірі ол тогы бар
өткізгішке әсер етеді. Осы әсерлесу
бағынатын заң француз физигі Андре Мари
Ампермен (1820) тәжірибе жүзінде дәлелденді.
Магнит өрісіндегі тогы бар өткізгіштің
түзу бөлігіне әсер ететін күш, магниттік
индукцияның шамасына (В), бөліктің
ұзындығына (l), ток күшіне (I) және токтың
бағыты мен индукция векторының арасындағы
бұрыштың ()
синусына тура пропорционал:
FА
= B · l · I · sin
Тогы
бар өткiзгiшке магнит
өрiсi тарапынан әсер ететiн күштi Ампер күшi деп
атайды.
Ампер
күшiнiң бағыты сол
қол ережесi бойынша
анықталады: егер сол қолды
магнит
индукциясының векторы алақанға
кiретiндей етiп, ал төрт шығыңқы саусақ ток
бағытына нұсқайтындай
етiп орналастырса, онда 90o-қа
иiлген үлкен саусақ өткiзгiш кесiндiсiне
әсер ететiн күштiң
бағытын көрсетедi.
Ампер
күші өткізгішке де, магниттік индукцияның
векторына да перпендикуляр. Бұл
перпендикулярдағы бағыт сол қол ережесі
бойынша анықталады
Егер
сол қолды магниттік индукцияның векторы
«алақанға енетіндей етіп», ал созылған
төрт саусақты токтың бағытын көрсететіндей
етіп орналастырсақ, онда 90° қайырылған
бас бармақ Ампер күшінің бағытын
көрсетеді.
Лоренц
күші
Магнит
өрісінде тогы бар өткізгішке әсер ететін
Ампер күші, оның қозғалыстағы еркін
зарядтарына әсер ететін күштердің
қосындысынан тұрады. Магнит өрісінде
қозғалатын зарядқа әсер ететін күшті
есептеуге арналған формуланы голланд
физигі Хендрик Лоренц қорытып шығарды.
Магнит өрісінде қозғалатын зарядталған
бөлшектерге әсер ететін күшті Лоренц
күші (FЛ) деп атайды.
Лоренц
күшінің шамасы магниттік индукцияның
(B) зарядтың қозғалыс жылдамдығына (v),
заряд шамасына (q) және қозғалыс бағыты
мен индукция векторының арасындағы
бұрыш ()
синусының көбейтіндісіне тең :
FЛ
= B
·
v
· q
· sin
Лоренц
күші жылдамдық векторына да, магниттік
индукция векторына да перпендикуляр.
Оң зарядтар үшін Лоренц күшінің бағыты
оң қол ережесі бойынша
анықталады,
ал теріс заряд үшін қарсы бағытта.
Электр
тогының магнит өрісін туғызыатындығы,
физиктерге магнит өрісінің де белгілі
бір жағдайларда өткізгіштерде электр
тогын туғызуы мүмкін деген болжам
жасауға түрткі болды. Мұндай жағдайлар
1831 ж. ағылшын физигі Майклом Фарадейдің
басында болды, ол төмендегідей құбылыстарды
байқады (Фарадей тәжірибелері).
1.
Айнымалы магнит өрісінде тыныштықта
тұрған тұйық контурда токтың пайда
болуы.
Фарадей
ішінде тұрақты магнит қозғалып тұрған
соленоидта электртогының пайда
болатындығын байқады. Ток магнитті
соленоидтан суырған кезде де пайда
болды. Екі жағдайда да соленоид
қозғалмайды, ал магнит өрісі өзгереді.
2.
Тұрақты магнит өрісінде қозғалатын
тұйық контурда токтың пайда болуы, мұнда
контур арқылы өтетін күш сызықтарының
саны өзгереді.
Фарадей
контур арқылы өтетін күш сызықтары
санының өзгеруі, токтың пайда болуының
қажетті шарты деп тапты. Мысалға, егер
жақтау магниттік индукция сызықтарына
параллель қозғалса, ток пайда болмайды,
бірақ контур өрісте айналған кезде
пайда болады.
Магнит
өрісінде токтың пайда болуы электромагниттік
индукция деп аталды. Бұл құбылыстың
сандық зерттеулері арнайы шама — магнит
ағынын енгізуді талап етті.
Магниттік
индукцияның контур ауданына және контур
нормалі мен векторының арасындағы бұрыш
косинусының көбейтіндісіне тең скалярлық
шама магнит ағыны деп аталады.
Ф
= ВScos
Магнит
ағынының ХЖ-дегі өлшем бірлігі — вебер:
Вб = Тлм2.
1
Вб – бұл, өрістің магниттік индукциясы
1 Тл болғанда, 1 м2 беттің ауданын магниттік
индукция перпендикуляр бағытта қиып
өтетін магнит ағыны.
Бірнеше
орамнан тұратын контур үшін, толық ағын
бір орам арқылы өткен ағынның орам
санына N көбейтіндісіне тең.
Ф
= NВScos .
Тәжірибе
көрсеткендей, тұйықталған өткізуші
контур арқылы өткен магнит ағынының
кез келген өзгерісінде онда электр тогы
пайда болады. Сондықтан электромагниттік
индукцияның анықтамасы нақтыланды.
Электромагниттік
индукция деп, магнит ағынының өзгеруі
кезіндегі тұйық контурда токтың пайда
болу құбылысын атайды.