400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ән байқауы : "Ән көңілдің ажары"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ән көңілдің -ажары» ән байқауы.


Байқаудың мақсаты:

Еліміздің жарқын болашағы мен келешегі үшін, оқушылардың дарыны мен қабілетінің артуына жол ашып, білімді де өнерлі ұл-қыздарын тәрбиелеу.

Байқаудың барысы:

Қымбатты өнер сүйер қауым, ардақты ұстаздар, қадірлі қөрермендер! «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндігі аясында өтіп жатқан «Ән көңілдің -ажары» атты ән байқауына қош келдіңіздер!


Армысың мектебімнің қауымдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Ән-шашу, әсем әуен, түрлі өнер.

Бүгінгі күн сіздерге арналады

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Сіздер үшін осы кеш ашылады,

Сіздер үшін әншілер сайысады.


Ендеше сайысқа қатысқалы отырған қатысушыларымызбен таныс болыңыздар.

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

10.

11.

12.

Жүргізуші:-Кімдер жүйрік,өнерпаз білейікші,

Балапанды әншілер деп жүрейікші.

Әділқазы алқасымен танысайық,

Болашақ әншілерге сәттілік тілейікші,-дей отырып әділ қазы

алқаларымен таныстырайық.

1.

2.

Сайысты бағалайтын қазылар алқасы тағайындалды. Ендіше бүгінгі байқауымыздың талаптарымен таныс болыңыздар.

1. Ән орындау мәдениеті (эмоция, сезімдері)

2. Сахнада өзін-өзі ұстауы (жүріс-тұрысы, қимылы)

3. Киімнің үйлесімділігі, эстетикалық талапқа сай болуы.

Жүргізуші: - Мектеп-кеме,білімнің ескегін,

Әнге толсын,күйге толсын кештерің,

Біз көңілді кешімізді бастаймыз,

Ел сенімін еңбекпенен ақтаймыз-деп сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.


1. Біздің халық өнерге мол, бай тегі,

Әнші деп те, күйші деп те айт оны.

Әнге сенің қанша икемің бар екен,

Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді?!- деп алғашқы ән кезегіне жол береміз.

Орындайтын:------------------------------------------------------------------------------- 


2. Домбырам тағы жырлашы,

Сұңқардай көкке самғашы

Әсем әнім шырқалса

Туған жердің арқасы.

Сахнаға------------------------------------------------------------------------------ 


3. Әндер-әндер! Ұш әуемде, Ұш көгімде, күллі әлем.

Көктем келсе гүл боп елге Мен де бүгін түрленем!!! деп,  ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

4. «Сегіз қырлы, бір сырлы»

Өнерді үйрен бір-бірлеп,

Әнде шырқа, би билеп.

Халық айтса,біледі.

Талаптыға нұр жауар,

Өнерлі өрге жүзеді

Таланттылар құр қалма!- деп кезекті келесі әншіміздің өнеріне береміз. 



5. Арайланып әрбір таңымыз,

Арайланып әнмен сәніміз.

Туған жердің төсінде тұрып,

Шырқатайық кәне бәріміз.

--------------------------------------------------------------------------------------------

6. Жоқ менің өлең - жырдан өзге алаңым,

Іздеймін сенен терең сөз баламын.

Кейде бір салсаң әуен ыңылдатып,

Көңілдің кетеді ғой қозғап әнін.

---------------------------------------------------------------------------------------------

7. Өнермен терең жүзіп шарықтадың,

Мақсатыңды талаппен анықтадың.

Сан қырлы таза гауһар секілденіп,

Қуантады өзіңді танытқаның, - деп келесі 


--------------------------------------------------------------------------------------------

8. Өнерпаздар жарысып сан - саналы,

Жиын десе, той десе жан салады.

Бүгінгі «Ән көңілдің -ажары» атты сайысында,

Әуелеген әсем ән жолданады.

---------------------------------------------------------------------------------------------

9. Құлпырған еліміздің ұл – қызымыз,

Әзірге үлпілдеген құндызымыз.

Арасын жер мен көктің бағындырар,

Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз – дей отырып, келесі 


---------------------------------------------------------------------------------------------

10. Музыка - ырғақ, нәзік әуен, асқақ үн.

Музыка - өзен, дала, аспан үн.

Ғұмыры жоқ ырғақтардан басқаның!

Кәне, әншілер, бас әуенге, қос әнге,

Шырқат биік тіршіліктің дастанын.- деп жеткізген ақын апамыз Фариза Оңғарсынова музыка өнеріне деген махаббатын.

Сахнаға 

---------------------------------------------------------------------------------

11. Біздерде ән кешіміз жалғасады,

Тамаша күй тартылып, ән салады.

Қошеметтеп, қол соғып отыралық,

Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды - дей келе ортаға келесі 


---------------------------------------------------------------------------------------------

12. Құлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы әнмен, тәтті күй.

Көңілге түрткі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй – дей келе енді сайысымыздың келесі талапкерін 

---------------------------------------------------------------------------------------------


Қол соғып қошеметтеп отырайық.

13. Ауылымның аңсаймын,

Таңғы жұпар ауасын.
Шаршағанда жаныма,

Өзің ғана дауасың,- деп ақындарымыз жырлағандай ортаға

------------------------------------------------------------------------------------------------------

14. Жас дәуірдің түлегіміз,

Ән салу біздің өнеріміз

Әрқашанда аман бол,
Осы біздің тілегіміз- дей келе сахнаға


-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

15. Ертең-ақ мен ержетіп,
Әншілердей боламын.
Үлгі тұтып жақсыны,
Менде әнге саламын,-
  -------------------------------------------------------------------------------------------

16. Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар.

Әнді сүйсең,менше сүй –деп, Абай атамыз жырлағандай  ---------------------------------------------------------------



17 Бал дәуренім тәтті балдай,

Отаным менің әсем қандай!

Еркін елін еркелеткен,

Балапандар әсем қандай-дей келе,ортаға  ------------------------------------------------------------------------------------



-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

18. Біз балдырған баламыз,

Шырқап әнге саламыз.

Туған жердің төрінде,

Алау болып жанамыз дей келе, --------------------------------------------------------------------------------------------------ортаға шақырамыз.



Осымен «Ән көңілдің -ажары» атты ән байқауымыз өз мәресіне жетті.

Кім өнерлі бұл кеште, үміт алда,

Қобалжу бар жүректе күдік бар да

Әділқазы алқасы атыңды ақта,

Әншілерге арманмен бақыт жолда.

Байқаудың нәтижелерін таныстыру үшін қорытындылау сөзі қазылар алқасына беріледі. Өнерлерін бағалауларыңызда өтінеміз. (Әділқазылар бағасын шығарып болғанша музыка ойналады)

Күнде жиын бола бермес дәл осындай,

Күн сайын өркендейміз, өзгереміз

Ұл-қыздың бақыты үшін ғұмыр кешкен

Алдымызда отырған әділқазыларымызға сөз береміз.

Көпшілік құрметіне бөленген өнерпаздардың алдағы уақытта көптеген байқаудың лауреаттары атанып, талғампаздығымен, орындаушылық шеберлігімен үлкен табыстарға жетуіне сенім мол.

Көңілдің ақ тілегін қол етеміз,

Тілектермен нығайсын мерекеміз.

Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс,

Осымен аяқталды байқауымыз.

Байқауды аяқтай отырып, «Өнер талантты өсіреді» деген ақын сөзінен қуат алып, асыл мұраны сақтап, өркендете берейік дегім келеді. Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп-көп рақмет. Жолыққанша күн жақсы, ел аман болсын!






















Ащысай орта жалпы білім беретін мектеп - балабақшасы













«Ән көңілдің -ажары» атты ән байқауы















Өткізген: Музыка пәні мұғалімі

Айсиева А.С.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
12 ақпан
1075
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі