Күні: 27.02.2017ж
Тақырыбы: «Екі
жұлдыз»
Сыныбы:5-10
Көрнекілігі: тақырып, шарлар,
музыка
1
–жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар,
оқушылар және қонақтар!
Қырандай қалықтап, әсем әнмен шарықтап,
Қазақстанды аралап, өнерліні жағалап, алыстан ат арытып, микрофонды
тоздырған «Екі жұлдыз» байқауы міне біздің де мектепке келіп
жетті.
Қазақ халқы қашанда өнермен өнерпазға кенде
болмаған ғой. Ал, ән әлеміндегі жұлдыздарымыздың орны бөлек. Аспан
әлеміндегі сан жұлдыздың жарқырай көрінуі – бағының жанып, бабының
келіскені деп ұғамыз. «Жұлдызың жансын!» - деген қазақы ақ тілекпен
бастап, ақындарымыздың аузына түскен:
«Жұлдыздар жерге жақындап,
Байланып қалған сияқты.
Қаз
- қатар өскен тату бақ,
Ойланып қалған сияқты».
2-жүргізуші:
«Көзіңнен күлкі үйірілген
Айналдым кірпігіңнен
Бір
ұшқын шарпып өтті,
Сөйтті де ғашық етті!» - деген ән жолдарын
бәріміз де тыңдап келеміз. Олай болса, бүгінгі «Екі жұлдыз»
бағдарламасына хош келдіңіздер!
Құрманбек ендеше жұптарды ортаға шақырмастан
бұрын бүгін осы жұптарды номинация бойынша марапаттайтын және
кімнің нағыз жұлдыз екенін шешетін адам керек емес пе? Ондай болса,
ең алдымен қазылар алқасымен таныс болайық:
1
–жүргізуші:
1.
_______________________________________________________________________
2._______________________________________________________________________
3.________________________________________________________________________
2 –жүргізуші:
Ал
енді күміс көмей, жез таңдай жұлдызды жұптарды ортаға
шақырайық.
Ал,
жұптар бүгін жұлдыздарыңыз жана берсін дей отырып, сіздерге
сәттілік тілейміз.
. 1 –жүргізуші:
Өнер десе, қанатын өрге сүйрететін өнерпаз
алғашқы жұптарымызды ортаға шақырамыз.
1 жұп:
____________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
2
–жүргізуші:
Сонымен келесі жұбымыз күндей күлімдеген, айдай
ажары бар аруымыз бен жұбына құт болған қошеметпен ортаға
шақырамыз. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын өнерпаз жұптарымызға
қол соғып, қошеметтеріңізді көрсетіп отырыңыздар!
Рахмет!
2
жүп:_____________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
1
–жүргізуші:
Өнерінің күшімен, микрофонның
ұшымен сіздерге әсем әндерін арнайтын келесі
жұбымыз:
3
жұп:_____________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
2
–жүргізуші:
Құрметті көрермендер,
қадірменді қонақтар, қошемет көрсетіп, қол соғып отырсаңыздар.
Талай күнгі кештерін сарп еткен, еңбектерін көрсеткелі тұрған
келесі тағы бір өнерпаз жұбымыз:
4
жұп:_____________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
1
–жүргізуші:
Мына киелі сахнаның орны
бөлек. Мұнда кез – келген адам шыға бермейді. Тек
«ұялмаған әнші болады» дегендей, халық алдына шыққанда ұялмайтын,
арқасын кеңге сала білетін, өнерден хабары бар, талантты, әрі
өнерпаз адамдар ғана шығады. Сондай талантты жұптарымыздың
бірі:
5
жұп:______________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
2–жүргізуші:
Әнмен маржан өретін
Өнерін халқым көретін,
Жұптасып бізге ән айтып беретін, келесі дарынды
жұбымыз:
6-жұп:______________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
1
–жүргізуші:
осы өнер көрсеткен
жұптарымыздың қайысы саған ұнады және
неліктен?
2–жүргізуші:
Ой, апай, маған дәл осы жұп
ұнады деп бөліп жаруға болмайды ғой. Себебі, осы жобаға қатысу үшін
барлық жұп біршама уақыт ішінде өздерін жақсы қырынан көрсету үшін
бар күштерін салып, дайындалды емес пе? Сондықтан, әр жұп өз өнерін
ортаға салып, барлығы да жақсы айтты деп
ойлаймын.
1
–жүргізуші:
Рас айтасың, бірін жақсы,
бірін жаман деуге болмайды. Әр жұптың өзіндік кемшіліктері мен
артықшылықтары бар деуге де болады. Ондай болса, осымен 1-ші бөлім
аяқталды деп жариялаймыз.
2
–жүргізуші:
Рахмет! Сіздердің
қошеметтеріңіз жұптарға күш береді деп
үміттеміз.
1
–жүргізуші:
Енді екінші бөліміміз еркін
тақырыптағы өлеңдеріне кезек берейік, олай болса
бастайық.
Жұптарды кезекпен ортаға
шақыру.
1-жұп:
2-жұп:
3-жұп:
4-жұп:
5-жұп:
6-жұп:
«Екі жұлдыз» байқауына
қатысушыларды марапаттау.
«Бас
жүлде»
«Ең үздік
дауыс»
«Жарасымды жұп»
Лирикалық жұп
Талантты жұп
Ең
әдемі жұп
2
–жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар,
қадірменді қонақтар! Осымен бүкіл әлемді аралап, Қазақстанды
жағалап, халықтың жүрегін жаралап келген «Екі жұлдыз» байқауы да өз
мәресіне жетті. Біздің мақсат – бірін төрден, енді бірін өрден
көрсету емес, осындай өнерпаздарымыздың өнерлерін мына сіздерге паш
ету. Өнерлеріңіз өрге жүзсін дей келе барлығымызды келе жатқан
мейрамдарыңызбен шын жүректен құттықтап,
қоштасамыз.
1
–жүргізуші:
Осымен, көктем мерекесі
алдында өткізіліп отырған «Екі жұлдыз» байқауы да өз мәресіне
жетті. Жұлдызды жұптарды алған номинациялары бойынша шын жүректен
құттықтап, көк аспанның төрінде жарқырап тұрар тілек айтып, алдағы
көктем мейрамдарымен құттықтаймыз!
Қарашоқат орта
мектебі
Екі
жұлдыз
Өткізген:
С.Елеусизова
2016-2017 оқу
жылы