400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 12 материал табылды

"Ән жұмбақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге арналған, сыныптап тыс жұмыс жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныптан тыс іс- шара

Тақырыбы: Ән жұмбақ
(музыкалық сайыс)


Мақсаты:

Оқушылардың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту, музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру, есте сақтау қабілеттерін нығайту, сөздік қорларын, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру. Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Сайыс

Көрнекілігі: тақырып жазылған лозунг, музыкалық орталық, маркерлер, плакаттар, үлестірмелі материалдар, шарлар.


Жүргізуші:

Армысыздар құрметті ұстаздар оқушылар және қонақтар! Бүгінгі «Ән жұмбақ» музыкалық сайысына баршаңызда қош келдіңіздер!

(күй ойнап тұрады)
Әнді жанындай сүйген, әнді әлдилей білген халықтың бірі – қазақ елі десек, артық айтқандығымыз емес шығар. «Музыка — жүрек тілі, ол — сезімдер мен көңіл – күй әлемі.
Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы. Егер сен музыканы түсініп сүйгің келсе — оны ыждағаттықпен тыңдай біл! Кейін сен оны міндетті түрде ұнататын боласың, бірте – бірте өзің белгісіз мезетте қалай үйренгеніңді де сезбей қаласың, жақсыны жаманнан айыра алатын боласың. Осылай етсең сенде тамаша талғам пайда болады» деп ғұлама Дмитрий Шостакович айтқандай ән өнері барлығымызға жақын өнер.


Жүргізуші: Бүгінгі сайысымызға қатысушы 3 сынып оқушыларын ортаға шақырайық!
I – топ 3 «Ә» сынып
II – топ 3 «Ғ» сынып
ІІІ- топ 3 «Д» сынып

Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерімізге әділ төрелігін айтар әділқазылар алқасымен

таныс болайық:

  1. Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары: Исмаганбетова М.И

  2. Директордың ғылыми-ісі жөніндегі орынбасары: Бердикулова А.Б

  3. Көркемөнер, технология пәні мұғалімі: Адлетхан Е


«Көңілді күн» әнін сайыскерлер орындайды.


Сайысымыз 7 кезеңнен тұрады, таны болыңыздар:


  1. Топтардың таныстыруы

  2. Кім жылдам? (берілген әріптерді құрау арқылы әннің тақрыбын тауып, орындау)

  3. Әуенді тап (мультфильмдердің әуендерін тыңдап, атауын табу)

  4. Ән шашу ( берілген суретті пайдалана отырып ән орындау)

  5. Ән сабағы (3-сынып бойынша музыка пәнінен сұрақтар)

  6. Жұлдыздар дауысы (Әйгілі жұлдыздардың әндерін тыңдап, табу)

  7. Менің музыка әлемім

(Әуенді тыңдай отыра, қағаз бетіне сурет арқылы түсіру)



Жүргізуші: Олай болса құрметті сайыскерлер алғашқы айналымды бастаймыз.

Ережесі: алдарыңда шашырап жатқан әріптерді көріп тұрсыңдар осы әріптерден сөз құраса бір өлеңнің аты шығады? қай топ тез тапса сол топ жеңімпаз болып табылады.

(жасырылған әндер: «Біз Отанның ұланымыз», «Солдат болам мен ертен», «Біздің оркестр»

Жүргізуші: Осы айналымда барлықтарыңызда өздеріңіздің жылдамдықтарыңыз бен және топпен ұйымшылдықтарыңызды көрсеттіңіздер. Рахмет. Олай болса осы бөлімнің бағаларын сұраймыз

Жүргізуші:
Құр айқай бақырған
Құлаққа ән бе екен?
Өнерсіз шатылған,
Кісіге сән бе екен?- деп Ұлы ойшыл ақын бен музыкалық есту қабілеттеріңіз сынға түседі.
келесі кезең :
Әуенді тап (мультфильмдердің әуендерін тыңдап, атауын табу)

Жасырылған мультфильмер: «Ақсақ құлан», «Винни пух», «Маша и медведь»


Келесі кезең: Ән шашу ( берілген суретті пайдалана отырып ән орындау)

Келесі кезең: Ән сабағы (3-сынып бойынша музыка пәнінен сұрақтар)

Берілген суреттер: балапан, қуыршақ, ұстаз

1.Эстрадалық симфониялық музыка дегеніміз не? Және оның құрамына кіретін музыкалық аспаптарды ата

2. Джаз оркестрі туралы не білесің?және қандай танымал эстрада әншілерін білесің?

3. Үрмелі аспаптар оркестрі қандай оркестр? Және эстрадалы музыка қандай тақырыптарды қамтиды?


Келесі кезең: Жұлдыздар дауысы (Әйгілі жұлдыздардың әндерін тыңдап, табу)

Тыңдатылған жұлдыздар дауысы: Р.Рымбаева, Г.Оразымбетова, Қ.Әбілдина

Келесі кезең: Менің музыка әлемім. (Әуенді тыңдай отыра, қағаз бетіне сурет арқылы түсіру)



Қорытынды: Сөз кезегі әділ қазылар алқасында.
Марапаттау:
Қорытынды. Сайыс соңында барлығы біріге отырып, «Айгөлек» атты әнді қосылып шырқады.
Жүргізуші: Сайысқа қатысқан сайыскерлер сіздерге көп рахмет айта отырып, ұстаздар және келіп тамашалап, өз командаларыңызға жанкүйер болып келген көрермендер сіздерге де алғысымды білдіргім келеді.
Ән аманат сіздер үшін, бар болыңыздар, сау болыңыздар!









































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
02.11.2018
1078
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі