Ән жұмбақ музыкалық сайыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ән жұмбақ музыкалық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
музыкалық сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ән жұмбақ» Музыкалық сайыс

Тақырыбы: «Ән жұмбақ» Музыкалық сайыс.

Мақсаты: Оқушылардың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту, музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру, есте сақтау қабілеттерін нығайту, сөздік қорларын, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру. Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: Сайыс.

Көрнекілігі: Слайд, нақыл сөздер.

Барысы: Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар оқушылар және қонақтар!Сәлем достар! Бүгінгі «Ән жұмбақ» музыкалық сайысына баршаңызда қош келдіңіздер! «Музыка — жүрек тілі, ол — сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы. Егер сен музыканы түсініп сүйгің келсе — оны ыждағаттықпен тыңдай біл! Кейін сен оны міндетті түрде ұнататын боласың, бірте-бірте өзің белгісіз мезетте қалай үйренгеніңді де сезбей қаласың, жақсыны жаманнан айыра алатын боласың. Осылай етсең сенде тамаша талғам пайда болады» деп ғұлама Дмитрий Шостакович айтқандай ән өнері барлығымызға жақын өнер.

Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерімізге әділ төрелігін айтар әділқазылар алқасымен таныс болайық!

1.

2.

3.

Жүргізуші: Олай болса құрметті сайыскерлер алғашқы айналымды бастаймыз.

І. Айналым:

Ережесі: Бұл айналымда сайыскерлеріміз алдымен өз топтарын таныстырып, топ мүшелерінің есімдерін де атап өтеді. Мұнда бес тақырып беріледі. Тақырыптарды таңдап, сол тақырыптар бойынша берілген әндерді табу керек. Бұл жерде тек әннің музыкасы жасырылады.(Әнді тапса бірге шырқайды)

І айналым тақырыптары:

1.«Көктемге сағыныш»

2. «Сарғайтқан сезім»

3. «Өмір-ай»

4. «Анама»

5. «Таулар шыңы»

Жүргізуші: Алғашқы айналым өз мәресіне жетті. Осы айналымның бағаларын білсек.

Жүргізуші: Құрметті достар, келесі айналымда сіздердің сөйлеу мәдениеттеріңіз, сөздік қорларыңның молдығы, жылдамдықтарыңыз сарапқа салынады. Келесі айналымға өтеміз.

ІІ айналым.

Ережесі: Алдымен екі топқа да 2-әріп беріледі. Сол әріптен басталып, аяқталатын сөздерді айтуларыңыз керек. Екі топқа да берілетін әріп А- А. Мысалы: Алма, апа, ана т.б. (Уақыты 1минут).қай топ көп сөз айтады сол топ жеңіпмаз болып табылады.

Жүргізуші: Осы айналымда барлықтарыңызда өздеріңіздің жылдамдықтарыңыз бен және топпен ұйымшылдықтарыңызды көрсеттіңіздер. Рахмет. Олай болса осы бөлімнің бағаларын сұраймыз.

Жүргізуші: Оқушылар, әуен мен сөздің байланысы бір-бірімен өте жақын, тығыз байланысып жатырғанын білеміз. Әннің қазақ өмірінде алатын зор маңызды басқа халықтан кездестіру екі талай. Қазақтар тіпті жай сабақты да балаларға ән көмегімен оқытады

Келесі бөлімде сіздер қазақ тілі пәнінен білімдеріңізді ортаға саласыздар. Үшінші айналым ережесіне құлақ түріңіздер!

ІІІ айналым.

Ережесі: Келесі бөлімде төрт жол өлең беріледі. Сол өлеңдегі асты сызылған сөздерге синоним яғни, мағыналас сөздер айтасыздар.

Сіздерге берілетін өлең А.Құнанбаев. «Жазғытұры»

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, (Суық, ызғар)

Масатыдай құлпырар (Жайнар, әдеміленер) жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер (Шуақтанар, жадырар) күннің көзі.

Жаздың көркі енеді жыл құсымен,

Жайраңдасып (Қуанып, мәз болысып) жас күлер ќұрбысымен.

Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,

Күлімдесіп, көрісіп,(Амандасып, қал-жағдай сұрасып) құшақтасып

Жүргізуші: Балалар, сіздер осы кезеңге дейінгі бөлімдердің барлығынан да сүрінбей өтіп келе жатырсыздар. Бәрекелді!

Үшінші айналымда өздерін қалай таныта білді екен сайыскерлеріміз? Оны әділқазылар алқасының бағаларынан білейік

Жүргізуші: Қазақ халқы ән мен жырға бай халық. Сонымен қатар, атадан балаға жетіп мұра болып келе жатырған қанатты сөздеріміз бен мақал-мәтелдерімізде баршылық. Келесі бөлімде мақал-мәтелдерден сайыс.

ІV. Айналым. Бұл кезеңде белгілі тақырыптар беріледі. Сол тақырыптарға мақал-мәтелдер құрайсыздар. (Достық, әдептілік, ата-ана, еңбек, білім, өнер).

Жүргізуші: Бұл айналым мақал мәтел сайысы бойынша сайыскерлеріміз өте белсенділікпен, ұйымшылдықпен жарыса жауап берді.

Осы айналым бағасына назар аударайық!

Жүргізуші:

Құр айқай бақырған

Құлаққа ән бе екен?

Өнерсіз шатылған,

Кісіге сән бе екен?- деп Ұлы ойшыл ақын А.Құнанбаев атамыз айтқандай келесі бөлімде нағыз тапқырлықтарыңыз бен музыкалық есту қабілеттеріңіз сынға түседі.

-Ақтық мәреге аяқ басайық!

Ақтық мәре. Екі топ бір – бірлеріне кезекпен кезек 3 реттен әртүрлі тақырыптағы әндердің сөздерінің орындарын ауыстырып айту керек. Ал қарсы команда сол әнді тауып алу керек.

Қорытынды: Сөз кезегі әділқазылар алқасында.

Марапаттау:

Жүргізуші: Сайысқа қатысқан сайыскерлер сіздерге көп рахмет айта отырып, ұстаздар және келіп тамашалап, өз командаларыңызға жанкүйер болып келген көрермендер сіздерге де алғысымды білдіргім келеді.

Ән аманат сіздер үшін.

Бар болыңыздар,

Сау болыңыздар!










1 Бестөбе орта мектебі








Музыкалық сайыс









DrawObject1













Музыка пәні мұғалімі: НокинаА.М.










2012-2013 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
23.02.2023
549
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі