жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ән-жүрекке еңбек арқылы жетеді
Ән-жүрекке еңбек арқылы жетеді
Абдолданова Эльмира Ерболгановна,
Алматы қаласы,
Түрксіб ауданы,
№6 оқушылар үйінің эстрадалық вокал үйірмесінің
ұстазы, ұйымдастырушы педагог
Эстрадалық өнер немесе эстрадалық ән салу сабақтарының ерекшеліктері оқушының бойындағы ән салу мүмкіншіліктерін ашумен қатар музыканы сезіну, тыңдау, түсіну сынды оқушының бойындағы қасиеттерді дамытады.
Ұстаз ең алдымен оқушылардың қандайда бір әнді орындауы үшін оның әуенді таза айту, дыбыстың әсем, нәзік, әуелі дыбысталуына, бірқалыпты дем алуына, сөз мәтінін анық айтылуы, дауысты, дауыссыз дыбыстарды дөңгелендіріп дұрыс орындауы сынды т.б. жаттығуларды жиі, үнемі орындауы барысында әнді нақышына жеткізе айтатын орындаушы шығатыны күмәнсіз.
Музыкалық тәрбие берудегі музыка тыңдау – музыка пәнінің маңызды бір бөлігі болып табылады. Ол музыкалық жан – жақтылықты кеңейтеді, музыкалық білімін толықтыра отырып, қабылдауын дамытады, сүйішпеншілігі мен көркемдік талғамын қалыптастырады. Музыканы қабылдай білу үшін, оның «тірі» өнер екенін өмірімен тығыз байланыста болатынын түйсінуі қажет. Музыканы ести білу тәжірибиесі студенттерге халық музыкасын орындау мен тыңдатуда, сондайақ композиторлық әндерді айтуда, халық күйлерін,классикалық музыка тыңдатуда т.б. бір-бірінен өзара айырмашылықтарын ажыратуда ықпал етеді. Ән айту кезінде және музыка тыңдағанда оқушылар біртіндеп музыкалық сауаттылықты да игереді. Шығарманың мазмұны мен көңіл-күйі жөнінде мәліметтер алады, музыканың көркемдік құралдарымен-темп, дыбыс күші, әуенділік, ырғақ, дыбыс биіктігі танысады.
Музыка арқылы жас ұрпаққа тәрбие беруде мынадай жетістіктерге қол жеткізуге болады:
Адамның жан дүниесін түсінуге.
Жақсы мен жаманды айыруға.
Оқиғаның алдын түсініп білуге
- Жамандықтан жиренуге.
Нәзік үндерді қабылдап, бойына сіңіруге икемдеп, адамгершілік қасиетін жоғары ұстауға жетелейді.
Сондықтан Әл – Фараби: «Бұл ғылымның (яғни музыканың) өзінің байсалдылығынан айрылған адамдарды түзеуге, қызба адамды қалпына түсіруге, байсалды адамды әр уақытта да бір қалыпта ұстауға құдіреті әбден жетеді», - деген екен.
Ән үйретпес бұрын болмаса эстрадалық әнді айтқызбас бұрын студенттердің денесін бос, тік ұстауға, басты қалай ұстап, ауызды қалай ашу керектігін, яғни денені ұстау қалпын анықтап үйрету қажет. Сосын демді қалай дұрыс алу керектігі айтылуға тиісті. Әннің түрі мен екпініне байланысты іштен дем алу өнерінің еркін қалыптасуы ұстаздың тиянақты еңбегіне байланысты дамиды. Демді әннің аяғына дейін жеткізе білу, яғни ауаны үнемді пайдалану - әнші шеберлігінің негізі деуге болады. Демді ұзақ шығаруға сүйене отырып, дауысты дыбыстарды дөңгелете алуға дағдыландыру - әнші тәрбиелеудің басты мақсаты. Ән үйрету кезінде дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтып үйретіп, дикцияға көп мән берілгені жөн.
Әнді таза, анық айту үшін оқушыларға арнайы жаттығулар беру керек.
Жаттығулардың негізгі екі түрі бар:
1) Жеке өз бетімен дайындалғандары.
2) Нақтылы әдіс-тәсілге, әннің белгілі қиындығын меңгеруге арналғаны.
Оқушылардың ән айту мәдениетін дамыту неғұрлым ерте басталса, соғұрлым нәтижелі болатыны дәлелденген шындық. Ән салу адам жанының сұлулығына, ой мен ақыл кабілетінің арта түсуіне тікелей әсер етеді, тіпті адамның физиологиялық дамуына да септігін тигізеді.
Ән айту алдында оқушы даусын арнайы жаттықтырып алу керек (распевка). Әуендік және ырғақтық тұрғыдан қарапайым, тез жатталатын әуенді жай екпінде, модуляциялы секвенция ретінде жарты тон бойынша жоғары-төмен айтқызып үйрету өте тиімді. Жаттығулар арасында бірдей ұзактықта тыныс алып отырса (паузалар), ол әуенді қайталауға, ән айту шеберлігін дамытуға зор мүмкіндік береді.
Әнді түрлі аспаптармен (баян, фортепиано) сүйемелдеп айтқан оқушының музыкалық дамуына зор әсер етсе, әннің өзін жеке айтып жаттыққан да әуендік, гармониялық және ладтық сезімнің өсуіне көп көмек береді.
Эстрадалық ән салу – оқушының оқу-танымдық, рухани-танымдық қасиеттерін өсіруге арналған сабақтың тікелей жалғасы десек қателеспейміз. Басқа сабақтар сияқты, мұнда да оқу-тәрбие жұмысының негіздері: тапсырма беру, мазмұн-мағына, оқыту әдістемесі қолданылады. Әр сабақ өзінің ішкі логикасымен құрылады. Сабақтың мақсаты - оқушылардың дайындық деңгейімен берілген тапсырманың, мағынаның, әдістеме мен оқыту түрінің сәйкестігімен орындалады. Алдымен сабақтын мақсаты мен мазмұнын анықтап алған ұстаз содан кейін оқытудың формасы мен әдістемесін таңдап алады. Бұл таңдау сабақтың түріне, мазмұндық ерекшелігіне қарай жүргізіледі. Эстрадалық ән салу сабағы негізінен үш бөлімнен тұрады: ән үйрену, музыка таңдау, музыкалық сауатты ашу. Оқушылар - ұстаз - ән - міне осы үш нәрсе сабақтың арқауын құрайды. Ұстаздың басты міндеті өзі құрған жоспарына сәйкес студентерге әннің мағынасына, айтайын деген көркем ойына терең үңіліп, өмірдің ән өнерімен байланыстылығын сезінуге, ән білімінің негізін қабылдауға, шығармашылық үрдіске баулуға үйрету екенін тағы да атап өтпекпіз.
Эстрадалық ән салу сабағының басты мақсаттары: оқушылардың музыка өнеріне деген практикалық қызығушылығын сезімдік тұрғыда дамыта білу, жеке бастың рухани негізін қалыптастыру, сахнаның киелі күшін сезіну болғандықтан ұстаздың адами-сезімдік қасиеті, адами тәжірибесі өте үлкен орын алатынын ұмытпаған жөн. Сабақ барысындағы тақырыптардың өзара байланыстылығы ұстаз шеберлігіне байланысты өрбиді. Бұл байланыстылық оқу бағдарламасының мазмұндылығына, сабақ тақырыптарына, музыкалық материалдарға, музыкалық оқытуда қолданылатын әдістемелік амалдарға байланысты іске асырылады. Осы айтылғандарды ескере отырып, сабақ барысындағы тақырыптық ауысулар музыкалық материалдың біртұтас мағынада жүруіне, оқушылардың музыка өнеріне деген жанды қатынасына негізделіп тұруы керек.
Ән-күй сабағын ұйымдастыру барысындағы негізгі мақсат, нақтылы бағдарлама арқылы, ұстаз қызметінің жүйелігі арнасында оқу-тәрбие ісінің көрнекті компоненттері бойынша іске асуға тиісті.
Эстрадалық ән салу сабақтарының әр түрлі мағынадағы түрлері болады. Мысалы, жоспарланған тақырыпқа кіріспе сабақтары, тақырыпты тереңдей оқыту сабақтары және тақырыпты бекіте, жан-жакты оқыту сабақтары болады. Халық әндерін нақышына келтіріп орындау мен эстралық әндерді өз елегінен өткізе талғамен таразылай орындау мен бағалау қатиар жүрмек. Өйткені сөз мағынасы, ән әуезділігі ең қажетті, ең талғамды дүниелер. Сондай-ақ оқу жылының әр рейтингтерде оқушыларды тапсырмалар арқылы бағалау, қорытынды мағынадағы концерт-сабақтар жоспарлануы өте қажет.
Ән жүрекке жету үшін қажырлы еңбек керек. Ел талғамын, жұрт көңілін баулу ол үлкен шеберлік. Осы жолда ұстаз бен шәкірт арасында жылдар мен ғасырлар арасында байланысқан алтын көпір тәжірбие болса, оны үнеммен, сабырмен, төзіммен үйрету, шәкірт үшін үйрену парыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген