«Ән көңілдің -ажары» ән байқауы.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ән көңілдің -ажары» ән байқауы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға тәжірибе алмасу үшін қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ән көңілдің -ажары» ән байқауы.


Байқаудың мақсаты:

Еліміздің жарқын болашағы мен келешегі үшін, оқушылардың дарыны мен қабілетінің артуына жол ашып, білімді де өнерлі ұл-қыздарын тәрбиелеу.

Байқаудың барысы:

Қымбатты өнер сүйер қауым, ардақты ұстаздар, қадірлі қөрермендер! «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндігі аясында өтіп жатқан «Ән көңілдің -ажары» атты ән байқауына қош келдіңіздер!


Армысың мектебімнің қауымдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Ән-шашу, әсем әуен, түрлі өнер.

Бүгінгі күн сіздерге арналады

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Сіздер үшін осы кеш ашылады,

Сіздер үшін әншілер сайысады.


Ендеше сайысқа қатысқалы отырған қатысушыларымызбен таныс болыңыздар.

1. 5 «а» сынып оқушысы Кемал Ұлдана

2. 6 «б» сынып оқушысы Орынбасар Ақтолқын

3. 6 «в» сынып оқушысы Абылхан Жаңылсын

4. 7 «ә» сынып оқушысы Жылқыбаев Диас

5. 7 «б» сынып оқушылары Тұрғынбай Бекзат, Чандыбай Мұрат

6. 7 «в» сынып оқушысы Амангелді Жұмаш

7. 7 «ғ» сынып оқушысы Сарсенғали Қарақат

8. 7 «ж» сынып оқушысы Жалғасбаева Асем

9. 8 «а» сынып оқушысы Айдарбекұлы Саят

10. 9 «б» сынып оқушылары Асылбек Жидебай, Қуаныш Сарсенбай

11. 9 «ғ» сынып оқушысы Оразғали Жангелді

12. 9 «ғ» сынып оқушысы Сатов Бауыржан

Ән байқауы басталмас бұрын сіздерді әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

1. № 11 жалпы білім беру орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Досжанов Серік ағай.

2. № 11 жалпы білім беру орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бердібаева Гүлсая апай.


Сайысты бағалайтын қазылар алқасы тағайындалды. Ендіше бүгінгі байқауымыздың талаптарымен таныс болыңыздар.

1. Ән орындау мәдениеті (эмоция, сезімдері)

2. Сахнада өзін-өзі ұстауы (жүріс-тұрысы, қимылы)

3. Киімнің үйлесімділігі, эстетикалық талапқа сай болуы.


1. Біздің халық өнерге мол, бай тегі,

Әнші деп те, күйші деп те айт оны.

Әнге сенің қанша икемің бар екен,

Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді?!- деп алғашқы ән кезегіне жол береміз.

Орындайтын: 5 «а» сынып оқушысы Кемал Ұлдананы «Әсем ән» әнімен қарсы алыңыздар.


2. Домбырам тағы жырлашы,

Сұңқардай көкке самғашы

Әсем әнім шырқалса

Туған жердің арқасы.

Сахнаға 6 «б» сынып оқушысы Орынбасар Ақтолқынды, «Ақ мамам» әнімен шақырамыз.


3. Әндер-әндер! Ұш әуемде, Ұш көгімде, күллі әлем.

Көктем келсе гүл боп елге Мен де бүгін түрленем!!! деп, 6 «в» сынып оқушысы Абылхан Жаңылсын орындауында «Туған жер» әні қарсы алыңыздар!


4. «Сегіз қырлы, бір сырлы»

Өнерді үйрен бір-бірлеп,

Әнде шырқа, би билеп.

Халық айтса,біледі.

Талаптыға нұр жауар,

Өнерлі өрге жүзеді

Таланттылар құр қалма!- деп кезекті келесі әншіміздің өнеріне береміз. 7 «ә» сынып оқушысы Жылқыбаев Диас «Әкелерге» әнімен қабыл алыңыздар!


5. Арайланып әрбір таңымыз,

Арайланып әнмен сәніміз.

Туған жердің төсінде тұрып,

Шырқатайық кәне бәріміз.

7 «б» сынып оқушылары Тұрғынбай Бекзат, Чандыбай Мұратты «Алға Қазақстан» әнімен қарсы алыңыздар!


6. Жоқ менің өлең - жырдан өзге алаңым,

Іздеймін сенен терең сөз баламын.

Кейде бір салсаң әуен ыңылдатып,

Көңілдің кетеді ғой қозғап әнін.

7 «в» сынып оқушысы Амангелді Жұмашты «Көк тудыі желбірегені» әнімен қабыл алыңыздар!


7. Өнермен терең жүзіп шарықтадың,

Мақсатыңды талаппен анықтадың.

Сан қырлы таза гауһар секілденіп,

Қуантады өзіңді танытқаның, - деп келесі 7 «ғ» сынып оқушысы Сарсенғали Қарақат әншімізді «Айналайын» әнімен қарсы алыңыздар.


8. Өнерпаздар жарысып сан - саналы,

Жиын десе, той десе жан салады.

Бүгінгі «Ән көңілдің -ажары» атты сайысында,

Әуелеген әсем ән жолданады.

7 «ж» сынып оқушысы Жалғасбаева Асемді «Ана туралы жыр» әнімен ортаға шақырамыз.


9. Құлпырған еліміздің ұл – қызымыз,

Әзірге үлпілдеген құндызымыз.

Арасын жер мен көктің бағындырар,

Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз – дей отырып, келесі 8 «а» сынып оқушысы Айдарбекұлы Саятты «Туған жер» әнімен қабыл алыңыздар!



10. Музыка - ырғақ, нәзік әуен, асқақ үн.

Музыка - өзен, дала, аспан үн.

Ғұмыры жоқ ырғақтардан басқаның!

Кәне, әншілер, бас әуенге, қос әнге,

Шырқат биік тіршіліктің дастанын.- деп жеткізген ақын апамыз Фариза Оңғарсынова музыка өнеріне деген махаббатын.

Сахнаға 9 «б» сынып оқушылары Асылбек Жидебай, Қуаныш Сарсенбайды «Ана» әнімен ортаға шақырамыз.


11. Біздерде ән кешіміз жалғасады,

Тамаша күй тартылып, ән салады.

Қошеметтеп, қол соғып отыралық,

Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды - дей келе ортаға келесі 9 «ғ» сынып оқушысы Оразғали Жангелдіні «Қазақстаным ұлы Отаным» әнімен ортаға шақырамыз.


12. Құлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы әнмен, тәтті күй.

Көңілге түрткі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй – дей келе енді сайысымыздың келесі талапкерін 9 «ғ» сынып оқушысы Сатов Бауыржанды «Туған ел» әнімен ортаға шақырайық. Қол соғып қошеметтеп отырайық.


Осымен «Ән көңілдің -ажары» атты ән байқауымыз өз мәресіне жетті.

Кім өнерлі бұл кеште, үміт алда,

Қобалжу бар жүректе күдік бар да

Әділқазы алқасы атыңды ақта,

Әншілерге арманмен бақыт жолда.

Байқаудың нәтижелерін таныстыру үшін қорытындылау сөзі қазылар алқасына беріледі. Өнерлерін бағалауларыңызда өтінеміз. (Әділқазылар бағасын шығарып болғанша музыка ойналады)

Күнде жиын бола бермес дәл осындай,

Күн сайын өркендейміз, өзгереміз

Ұл-қыздың бақыты үшін ғұмыр кешкен

Алдымызда отырған әділқазыларымызға сөз береміз.

Көпшілік құрметіне бөленген өнерпаздардың алдағы уақытта көптеген байқаудың лауреаттары атанып, талғампаздығымен, орындаушылық шеберлігімен үлкен табыстарға жетуіне сенім мол.

Көңілдің ақ тілегін қол етеміз,

Тілектермен нығайсын мерекеміз.

Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс,

Осымен аяқталды байқауымыз.

Байқауды аяқтай отырып, «Өнер талантты өсіреді» деген ақын сөзінен қуат алып, асыл мұраны сақтап, өркендете берейік дегім келеді. Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп-көп рақмет. Жолыққанша күн жақсы, ел аман болсын!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.00.2018
4802
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі