Мектепішілік
«Ән мен әнші» ән сайысы
«Тіл тұғыры»жобасы бойынша
1-11 сыныптар
2.02.24 жыл 3 тоқсан
Ефремовка жалпы орта білім беру мектебінде
Тақырыбы: «Мектепішілік Ән мен әнші» ән
сайысы
Мақсаты: Оқушылардың әнге деген қызығушылығын арттыру, әншілік
қабілетін, актерлік өнерін, талантын сынау. Өнерге біртабан
жақындату.
1 - жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ән сүйер қауым!
2 - жүргізуші: Қадірменді «көкірегінің көзі ашық, көңілі ояу»
ұстаздар және оқушылар! Баршаңызға бүгінгі «Ән мен әнші» сайысына
қош келдіңіздер демекпіз.
1 - жүргізуші: Табиғаттың тебіренген, қуанған шағының перзенті -
әнші десек, сол перзенттің иесі де, іздеушісі де
халқы.
Бастауыш сынып оқушылары Туған жер
әнімен ортаға
шақырамыз
2 - жүргізуші: «Ән көңілдің ажары десек» кәусар сезім мен тояттамас
көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат, буырқанған шабыт
пен сабырға көнбес сағынышты да осы әннен табасыз.
1 - жүргізуші: Құрметті жиналған қауым бүгінгі «Тіл тұғырым»
жобасының қатысушыларымен таныстырып өтсем.
2 - жүргізуші: Алдымен сайыскерлердің ретті санын анықтап алайық.
Мына нотаны таңдау арқылы өз реттік сандарыңызды анықтап
алайық.
Қатысушыларымызды сахна сыртына шығарып
салайық!
1 - жүргізуші: Бүгінгі сайысымызға төрелік ететін, әділ - қазылар
алқасымен таныстырып өтсем:
1.Мектеп директоры: Щусь Светлана
Геннадевна
2. Оқу тәрбие ісінің меңгерушісі: Гапу Сапаржан
4.Музыка пәнінің мұғалімі: Альфия Оразолиевна
-Сайысымыз 2 кезеңнен тұрады.
1. Қатысушылар кез-келген тақырыпта ән шырқайды
2-ші кезең слайтта сурет беріледі сол бойынша ән
айтасыздар.
2 - жүргізуші:
Талаптының айтқанын мен қостайын,
Бәріңізге жақсы бір ой тастайын.
"Ән көңілдің ажары" деген бар ғой.
Бұрынғының жолымен ән бастайын,- дей келе сахнаға номері 1 - ші
сайысқа қатысушыны шақырамыз.
5 а сынып оқушылары Атамекен әнімен
1 - жүргізуші: Қол соғып қошеметпен қарсы
алыңыздар.
2 - жүргізуші: Өнерпаздар жарысып сан - саналы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Бүгінгі «Ән мен әнші» сайысында,
Әуелеген әсем ән жолданады - сахнада 2 - ші
номерлі
5 б сынып оқушылары Наурыз-думан әнімен
ортаға шақырамыз.
1 - жүргізуші: Ажары атқан таңдай ару жастың,
Қасы бар қанатындай қарлығаштың.
Жанары жан біткенді елтіп өскен,
Шапалақ өнеріне әнші жастың - дей келе 3 - ші номерлі
әншілеріміз
6а сынып оқушылары Туған елім
әнімен қарсы алайық.
2 - жүргізуші: Сахнада
4 - ші номерлі әншілеріміз
6 б сынып оқушылары
әнімен қарсы алайық.
1 - жүргізуші: Қыз сұлу көрінеді өрнегімен,
Тізілтіп сөз маржанын тергенімен.
Жезтаңдай, бұлбұл даусын әнге қосса,
Әнші сұлу көрінер әніменен - деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі
талапкеріміз
7а сынып оқушылары Қазақ тілі әнімен
ортаға шақырамыз.
2 - жүргізуші: Құлпырған еліміздің ұл – қызымыз,
Әзірге үлпілдеген құндызымыз.
Арасын жер мен көктің бағындырар,
Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз – дей отырып, келесі 6 - шы номерлі
талапкерімізді
7б сынып оқушылары Ертегілер әнімен ортаға шақырамыз. Қошемет.
-
жүргізуші: 7-ші номерлі әншілерді ортаға шақырамыз.
8а сынып оқушылары Армандастар әнімен
ортаға
2 - жүргізуші: Музыка - ырғақ, нәзік әуен, асқақ үн.
Музыка - өзен, дала, аспан үн.
Ғұмыры жоқ ырғақтардан басқаның!
Кәне, әншілер, бас әуенге, қос әнге,
Шырқат биік тіршіліктің дастанын.- деп жеткізеді ақын апамыз Фариза
Оңғарсынова музыка өнеріне деген
махаббатын.
Сонымен 8 - ші номерлі әншіміз
8б сынып оқушылары Атамекен әнімен ортаға қарсы алыңыздар.
1 - жүргізуші:: Біздерде ән кешіміз
жалғасады,
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп, қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды - дей келе ортаға
келесі
9а сынып оқушылары Желсіз түнде жарық ай
әнімен ортаға шақырамыз.
Қарсы алыңыздар.
2 - жүргізуші: Сөз кезегі қазыларда.
1 - жүргізуші:
Шық аруым жарысқа,
Бір - бірінен қалыспа.
Өнеріңді байқасын,
Мына отырған халықта - демекші бүгінгі
сайысымыздың
9б сынып оқушылары әнімен
ортаға қарсы алайық. Қошемет.
2 - жүргізуші: Қазылар алқасы қорытындысын шығарғанша сахнаға
Толқын мен Біржанды «Ана туралы жыр» әнімен қарсы алыңыздыр.
1 - жүргізуші: Кешімізді қорытындылау үшін сөз кезегін қазылар
алқасына берсек.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ән мен әнші

шағым қалдыра аласыз