Жеке тұлғаны дамыту -
келешектің кепілі
Камзанова Г.Е.,
Павлодар қ., «Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған
лицей-интернаты» ММ-нің қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің
мұғалімі
Егеменді елдің тірегі білімді
ұрпақ, демек бүгінгі заман талабына сай жастарға сапалы білім
берудің, ғылымды дамытудың талаптары күшейе түсуде.Елімізде білім
беру жүйесін жаңаша қалыптастырып, оны бүкіл әлемдік білім
кеңістігіне ұластыру бағытында көптеген ауқымды шаралар өтіп
жатыр.Білім беру мазмұнын ізгілендіру қоғамның қазіргі
әлеуметтік-экономикалық сұраныстарымен сәйкестендірілуде. Оқушы
дүниетанымын, болмыс - бітімін жалпы дамыту тетігі ретінде
қолдануға бағытталған. Өркениетті елдер қатарынан көріну - бүгінгі
талап. Сол себепті білім беру жүйесінде ұлттық және жалпыадамзаттық
құндылықтар , ғылыми – тәжірибелік жетістіктер негізінде жеке
тұлғаны қалыптастыруға , дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған
барлық қажетті жағдайларды жасау - бүгінгі күн тәртібіндегі өзекті
мәселелердің бірі. Бүгінгі оқытуда білім алушылардан күтілетін
нәтиже негізгі құзыреттіліктердің қалыптасуымен айқындалады. Ал
құзыреттілік – оқушының әрекет-тәсілдерін жан-жақты игеруінен
көрінетін білім нәтижесі.
Ғұлама ғалым Әл-Фараби
«Бақытқа жету туралы» трактатында: «Тіл ғылыми ойлаудың тіршілік
ету, өмір сүру формасы болып табылады, тіл-ойлаудың көрінуі, ендеше
бүкіл ғылым тіл арқылы өрнектеледі, осы арқылы ғылым баяндалады,
білім алынады»,- дейді. Сайып келгенде, оқушының танымдық қабілеті
ой мен тілдің өзара үндесуі нәтижесінде жүзеге асады. Дұрыс, жүйелі
ойлай білсе, жарық ойдан қомақты да салмақты нәтижелер күтуге
болады. Бұл жас жеткіншектің болашақ жолында бағдаршам тәріздес,
айқын бағыт-бағдары. Олар теория мен тәжірибені өзара байланыстыра
отырып, анализ, синтез, салыстырма, салғастырма іс-әрекеттерді
ұтымды қолдана білуге бағыттайды.Бұл бастапқы деңгейде қалып
қоймай, өсу, даму,жетілу үдерісін
көрсетеді.
Қазақ тілін оқытудың
әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы болып табылады. Ол өз
алдына дербес ғылым. Өйткені оның өзіндік зерттейтін нысаны,
мазмұны,зерттеу әдістері мен тәсілдері
бар.
Қазақ тілін оқыту
әдістемесінің зерттейтіні оның оқыту жолдары мен жағдайлары туралы
заңдылықтар. Бұл заңдылықтар педагогика, психология және
лингвистика ғылымдарының негізінде жинақталған практикалық тәжірибе
мен бұрыннан қалыптасқан теориялық қағидалардан, тұжырымдардан
шығарылады. Егер нақтылап айтсақ, оқыту әдістемесі мына мәселелерді
зерттейді: 1) мақсаттары (не үшін оқыту керек?); 2) мазмұны (нені
оқыту керек?); 3) ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?); 4) құралдары
(ненің көмегімен оқыту керек?); 5) оқыту кезінде оқушылардың
білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі
арасындағы ұштастық мәселелері. Бұл проблемаларды шешу мектепте
тәрбие мен білім берудің жалпы мақсаттарын
белгілейді.
Тіл білімі салаларының ішінде
фонетика саласына келетін болсақ, А.Байтұрсынұлы қазақ тілін оқыту
мен зерттеуде белгілі бір жүйелі мақсат ұстанған. Ол алдымен
қазақша сауат аштыруды мұрат етіп, бұл жолда тұңғыш әліппе «Оқу
құралды» жазды, одан соң қазақ тілінің фонетикасы мен грамматикалық
құрылымын, ана тілінің төл заңдылықтарын талдап, пән ретінде
оқытып, үйретуді жолға қойды, сөйтіп, үш бөлімнен тұратын
«Тіл-құралды» дүниеге келтірді. Өз қолымен жазған (1929, 8 март)
былай дейді: «Орынборға келгеннен кейін, біріншіден, қазақ тілін
фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік тұрғыдан зерттеумен ,
екіншіден, қазақ алфавитін, орфографиясын жеңілдету мен реттеу үшін
реформа жасаумен, үшіншіден, қазақ жазба тілін лексикалық
шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен,
ақыры, ең соңында, төртіншіден, проза тілін кітаби тіл арнасынан
стилистикалық өңдеу, қазақ сөздерінен термин жасау арқылы халықтың
жанды тілінің арнасына көшіру істерімен айналыса бастадым». Бұл
жолдарда ғалымның өмір бойы жасаған істері тиянақты, жүйелі түрде
айтылған. «Тіл құрал» оқулығы «Тіл мүшелері», «Буын мен дыбыс»,
«Қазақ тіліндегі дыбыстар, олардың таңбалары», «Тасымал» деген
фонетика саласына байланысты тақырыптар қамтылған. Осындай тілдік
ұғымдарға берілген анықтаманың дәлдігі, ғылыми, тереңдігі түрлі
категорияларды сұрыптаған, жіктеген кезде, оларға қазақша атау,
термин берген кезде тіпті айқын көрінеді. Қазіргі кезде қазақ тілі
ғылымының түп қазық ойлары тіпті әріде жатқанын, оларды бірінші
болып Ахмет Байтұрсынов тұжырымдағанын көреміз. Бүгінгі таңдағы
С.Мырзабековтың «Қазақ тілінің дыбыс жүйесі», К.Ахановтың «Тіл
білімінің негіздері», Ш.К.Бектұровтың «Қазақ тілі» сияқты оқулықтар
А.Байтұрсынов еңбектерінен бастау алады. Аталмыш еңбектер арқылы
оқушыларға пәнді ғылым ретінде таныстыру, теория мен тәжірибені
ұштастырғанда ғылыми терминдерді қолдануға машықтандыру, танымдық
қабілеттерін дамыту, тақырыптарды бір жақты қарастырмай, жан-жақты
күнделікті өмірмен өзара үндестікті байқап, көріп, салыстыра отырып
қорытынды шығара білуге дағдыландыру, креативті тұлғаны дамыту.
Білім кеңістігін дамыту жолдарына келетін болсақ, мотивациялық
қызмет, ақпараттық қызмет, технологиялық қызмет арқылы оқушыға
өзін-өзі дамыту, анықтау үшін қажеттілік деген ұғымға негізделген
және мақсат, міндеттерді айқындауға байланысты тақырыпқа сай жұмыс
түрлеріне анализ,ізденіс, зерттеу,сараптама,қорытынды жасай отырып,
білімнің икем-дағдыларын дамытуға
бағытталған.
Оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін, дүниетаным деңгейлерін дамыту үшін ізденісті қажет
ететін, салыстырулар негізінде фонетика ғылымын басқа салалар мен
ғылымда арасындағы үндестікті шығартуға болады. Бұл біріншіден,
фонетиканың нені зерттейтінін, оның өзіндік ерекшеліктерін
тереңірек тануға, екіншіден, жүйелі түрде зерделеп шығып, білм
деңгейлерін толықтыруға, үшіншіден, тіл мәдениетін жетілдіруге,
төртіншіден, өзара үндестікті көріп, оны ұтымды жеткізе білуге
дағдыландырады, сонымен, креативті тұлғаны жан-жақты дамытамыз.
Аталмыш іс-әрекеттерді қазақ тілінен арнайы курстар мен факультатив
сабақтарында беруге болады. Осылайша, білім және ғылым көкжиегінде
шығармашыл тұлғаның ғылыми-танымдық іс-әрекеттерін әртүрлі жағдайда
және кім қалай анықтаймын десе де өз еркінде. Бұл көбінесе
педагогтің шығармашылық әлеуетімен тығыз байланысты, сол сеюепті әр
ұстаз үздіксіз ізденіс үстінде болу керек.
Пайдаланған
әдебиеттер:
1.А.Байтұрсынов.Ақ жол.Алматы,
1992 ж.
2.Әл-Фараби.Рухнама.1-кітап.Павлодар,
2003ж.